400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Дін және мәдениет. Исламның таралуы" 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп ұстаздарына сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан тарихы

7-сынып


Сабақтың тақырыбы: Дін және мәдениет. Исламның таралуы.

Сабақтың білімділік мақсаты:

Оқушыларға орта ғасырлардағы Қазақстан

жерінде таралған әр - түрлі діни нанымдармен

таныстыру.


Сабақтың дамытушылық мақсаты:

Ислам дінінің тарихы мен таныстыра отырып оқушылардың рухани дүниесін дамыту.


Сабақтың тәрбиелік мақсаты:

Оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа және де дінімізді құрметтеуге тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: Аралас сабақ.


Сабақтың әдіс – тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, іздендіру, талдау.


Сабақтың көрнекілігі: Құран кітабы, көркем сурет, интерактивті тақта, тест карточкалары


Сабақтың барысы:


I. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеп, сабаққа назарларын аудару;

2. Үй тапсырмасын сұрау.


І - кезең. «Сұрақ бізден – жауап сізден» ойыны.


1. Қолданбалы өнердің құрылыс материалдары? Балшық пен ғаныш.

2. Ғимараттарды жасау үшін (қалау) шеберлер не жасады? Жобасын.

3. Жоба бойынша кімдер ғимараттардың қабырғаларын көтерді? құрылысшылар.

4. Сәндік оюлы және жылтыраған кірпіштер кеңінен пайдаланған ғасыр. ХІ ғ.

5. ХІ-ХІІ ғасырлар аралығында ғимараттарды сәндеуде қандай кірпіштер

кеңінен қолданыла бастады? оюланған кірпіштер (терракота).

6. Сәулетті ірі құрылыстар қай ғасырларда салына бастаған? Х-ХІІ ғ.

7. Сәулетті ірі құрылыстардың салына бастауына не себеп болды? Ислам дінінің нығаюы.

8. Қазақстанда әсіресе қандай кешендер салу ісі ерекше дамыды? Діни кешендер.

9. Мешіт дегеніміз не?

Мұсылман дінінің әдеп - ғұрып, салт - дәстүрлері орындалатын қасиетті ғимарат.

10. Х-ХІ ғасырдың басында салынған ғимараттар мен мешіттер Қазақстанның қай өңірінен табылған? Оңтүстік Қазақстан, Жетісу т.б.


ІІ - кезең. Оқушылар кесене, мазарлар туралы өз білгендерін айтады және картамен жұмыс.


ІІІ-кезең. «Ой қорыту » кезеңі

Үй тапсырмасын тексеру (тест алу арқылы).


1. Нешінші ғасырларда қазақ жерінде ірі құрылыстар салына бастаған?

а) Х-Х ғғ. б) Х-ХІІ ғғ. + В) Х-ХІғғ.

2. Х ғас.араб-парсы жазба деректерінде Қазақстанның қай аймағындағы қалаларда мешіттердің болғаны анықталған?

а) Онтүстік Қазақстан, Жетісу, + б) Орталық Қазақстан, в) Шығыс Қазақстан

3. Қай қаланы қазған кезде ең ертедегі мешіттің орны табылды?

а) Боран; б) Отырар; в) Құйрықтөбе; +

4. Алматы қаласында шығыс моншасының жобасымен салынған монша

а) Арасан; + б) Барлық-Арасан; в) Шымкент;

5. Тараздан табылған моншаларға су қайдан жеткізілген?

а) Өзеннен тасыған; б) Құдықтан тасыған; в) Тау суынан жеткізген; +

6.Отырар моншалары қандай суды пайдаланған?

а) Құдық суын; + б) Өзен суын; в) Тау суын;

7. Отырар қаласының рабад өңірінен қай ғасырларда екі шығыс моншасы аршылды?

а) Х-ХІ ғғ.; б) ХІ-ХІІ ғғ.; + в) ХІІ-ХІІІ ғғ.

8. Айша-бибі кесенесінің сыртқы қабырғалары түгелдей қандай кірпіштермен қапталған?

а) Қызыл; б) Жылтыр; в) Оюланған кірпішпен; +

9. Бабаджа-қатын, Айша бибі кесенелері қай қаланың маңында орналасқан?

а) Отырар; б) Жамбыл; + в) Шымкент;

10. Құйрықтөбе қаласынан табылған мешіттің көлемі

а) 36,5х20,5м.; + б) 36х20м.; в) 46,5х30,5метр;

«Дүниетаным» кезеңі

ІІІ. Жаңа сабақ: §19. Дін және мәдениет. Исламның таралуы.


Сабақтың жоспары:

1. Ислам дініне дейінгі діни нанымдар.

2. Мұсылман дінінің енуі және таралуы.

3. Мұсылман дінінің мәдениет дамуына тигізген әсері.


Дүние жүзіне кеңінен тараған діндер


  1. Ислам діні, 2. Христиан діні, 3. Буддизм.


1. Зооастралық фарнға байланысты туған бейнелер - Сырдария аймағында қойға табыну салты өріс алған. Мұндай бейнелер зооастралық фарнға байланысты туған.

Фарн дегеніміз - түрлі халықтарда соңғы кезге дейін береке - байлық, бақыт - денсаулық, қаскөй күштерден үй ішін қорғаушы және қолдаушы ролін атқарған.


Тотем - діни нанымдардың шығу тегін белгілі бір аңмен байланыстыру,

соған табыну.


Отқа табыну - Ұмай анамен байланысты түркі тілдес халықтарда

кеңінен таралған.


2. Дүние жүзіндегі беделді діндердің бірі, жер шарының 5тен-1-і сенетін ислам дінінің үлкен тарихы бар.

Исламның тарихы Мұхаммедтің 61-ші атасы Ибраһимнен басталады.

Ислам дінінің негізін қалаушы Мұхаммед пайғамбар болған.

Араб тарихшылары Мұхаммед пайғамбарды 570 жылы 29-тамызда Мекке қаласының шет жағындағы Қағбадан жерінде дүниеге келген дейді.


Мұсылманның қасиетті кітабы - Құранда әр-түрлі көлемдегі 114 сүре бар.



Мұсылмандардың бес парызы: 1. Иман, 2. Бес уақыт намаз, 3. Ораза,

4. Зекет, 5. Қажылық.


Арабтар 633-ші жылдан «дін үшін соғыс» деген ұранмен көрші елдерді жаулап ала бастайды. Арабтар аз уақыт ішінде Иран, Сирия, Палестина, Египет, Ирак елдерін басып алды.

Арабтардың келуімен бірге Орта Азия мен Қазақстан жерінде ислам діні кеңінен тарады.

Х ғасырдың басында Қарахан мемлекетінің негізін қалаушы Сатұқ хан ислам дінін қабылдады. Ал оның баласы Боғра хан 960 жылы исламды Қарахан мемлекетінің мемлекеттік діні деп жариялайды.

Ислам дінінің нығаюы қазақ жерінде ғылым мен білім салаларының дамуына да ықпал етті.


«Дамыту» кезеңі


Сабақты қорыту: Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы білімдерін қорытындылаймыз.


І деңгей тапсырмалары:

  1. Ислам дінінің негізін қалаушы кім?

  2. Мұхаммед пайғамбар нешінші жылы қай жерде дүниеге келген?

3. Құранда әр - түрлі көлемдегі қанша сүре бар?

4. «Дін үшін соғыс» қай жылы болды?


ІІ деңгей тапсырмалары:

  1. Зооастралық фарнға сипаттама беріңдер.

  2. Фарн дегеніміз не?

  3. Тотемизм дегеніміз не?

  4. Отқа табыну туралы қысқаша сипаттама беріңдер.


ІІІ деңгей тапсырмалары:

  1. Ислам діні қай кезде қабылданды,

оны мемлекеттік дін деп кім жариялады?

2. Қазақ жерінде ислам дінінің таралуына не себеп болды?

3. Тарих дәптерлеріңе діни нанымдар туралы жазып,

олардың ерекшелігі туралы айтып беріңдер.

4. Ислам дінінің жергілікті жерлерде нығая бастағанын неден көруге болады?


«Салыстыру » кезеңі

Оқушылар Сементикалық карта арқылы өткен сабақты пысықтайды.



Ислам діні

633 жылы

751 жылы

960 жылы

Атлах қаласы түбінде болған ұрыста қарлұқтар арабтармен бірлесіп қытай әскерлерін қай жылы жеңіп шықты?



+




Арабтар «дін үшін соғыс» деген ұранмен көрші елдерді нешінші жылы жаулап ала бастады?


+




Боғра хан нешінші жылы ислам дінін Қарахан мемлекетінің мемлекеттік діні деп жариялады?




+




IV. Оқушылардың білімін бағалау.



V. Үйге тапсырма: § 19 оқу, мазмұнын айту және тест, сөзжұмбақ құрастыру.



4


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
1936
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі