Пәні: Психология
Сабақтың
тақырыбы:Дін
психологиясы
Мақсаты: оқушылардың
көңіл-күйін көтеру, бір –біріне достық қарым- қатынас,көңіл
бөлу және қамқорлық жасауға тәрбиелеу, тапсырмаларды бірге
орындау.
Міндеті: оқушыларға дін психолгиясы
жайлы мағлұмат беру,түсіндіру.
Тәрбиелік:имандылыққа,үлкенді сыйлауға
тәрбиелеу.
Дамытушылық:дін психологиясы жайлы
білімдерін дамыту.
Көрнекіліктер:слайд арқылы жеміс-жидектер
суреттері,текшелер,нақыл сөздер.
Сабақтың
түрі:жаңа
сабақ
Сабақ
барысы
Ұйымдастыру
кезеңі:
1)амандасу
рәсімі
2)түгелдеу
3)тілек
шеңбері
Амандасу
рәсімі:
Арайлап таң
атты,
Алтын сәуле
таратты
Жарқырайды
күніміз,
Жарқырайды даламыз.
Кайырлы таң,балалар!
Кайырлы таң, конақтар!
Тілек
шеңберін құрып, күннің сәулесі
арқылы жақсы, жылы,
бір-бірімізге тілек айтайық!
Жаңа сабақтың
мақсаты. Оқушыларға дін психолгиясы
жайлы мағлұмат беру,түсіндіру.
Жаңа сабақтың
түсіндіру.
Дін
психологиясы — діни сананың
ерекшеліктеріне, құрылымы мен функцияларына негіз
болатын психологиялық және
әлеуметтік-психологиялық факторларды зерттейтін психология
ғылымының саласы. Дін психологиясы XIX ғасырдың аяғында — XX
ғасырдың басында пайда болды және діни сананың құдай
(рух), жұмақ, дозақ, күнә және т.б. ұғымдарды
қамтитын мазмұны туралы,
сондай-ақ намаз, дұға, жалбарыну және басқа да
парыздарды атқару кезіндегі адамның эмоциялық күйі мен сезімдері
туралы едәуір материал жинақталды. Дін психологиясында әртүрлі
теориялық- әдістемелік тұрғыларға негізделген бірнеше ағым бар.
Қазіргі дін психологиясы жалпы
және әлеуметтік
психологияның,
әлеуметтанудың, этнография мен дін тарихының
теориялық ережелері мен әдістемелерін пайдаланады. Дін
психологиясының зандылықтарын, дамуы мен өз функцияларын атқаруын
зерттеу мына бағыттарда жүргізіледі:
1) Дін психологиясының жалпы
теориясы діни сананың мазмұны мен құрылымын, діни сезімдерге тән
сипатты ерекшеліктерді, тұлға мен қоғамның рухани өміріндегі діннің
психологиялық функцияларын зерттейді;
2) дифференциалдық психология
нақты әлеуметтік орта мен тарихи дәуірді ескере отырып, дін
ұстанатымдардың діни сана-сезімі мен сезімдерін
қарастырады;
3) діни топтардың психологиясы
діни қауымдастықтардың әлеуметтік-психологиялық құрылымын, олардың
қарым-қатынас, еліктеу, иландыру, нұсқамалар механизмдерін, дінге
сенушілердің санасына, сезіміне және мінез-құлқына әсер-ықпалын
зерттейді;
4) діни табынушылық
психологиясы діни ғұрыптардың
адам психикасынаәсер-ықпалын
зерделейді;
5) атеистік тәрбиенің педагогикалық
психологиясы атеистік дүниетанымды қалыптастырудьгң принциптерін
талдап-белгілейді.[1]
Жаңа сабақты
бекіту
-«Дүниедегі ең оңай нәрсе –
біреуге ақыл айту, ең қиын нәрсе – өзіңді - өзің түсіну» (Әл –
Ф
Өзіңді өзің басқара алмасаң, өзгені де басқара алмайсың. Халық
даналығы
Адам өміріндегі ең қажетті білім - өзін - өзі тану. Бернар
Фонтенель
Өзіңді өзің таны. Өзін - өзі тану өте қиын. Фалес
Кімде - кім өзін сүйсе, туысқандарын сүйсе, өз елін сүйсе, әсіресе,
адам баласын бауырым деп білсе, сол адамды ізгі атаймыз. М.
Жұмабаев
Өзіңді - өзің танысаң – істің басы. Ш. Құдайбердіұлы
Ең қиыны өзіңді - өзің тану, ең жеңілі - басқаға ақыл айту.
Фалес
Әр адам – өзінің ішкі дүниесінің көрінісі. Марк Цицерон
араби).Сондықтан да ең алдымен біздің ішкі жан
дүниеміз,имандылығымыздың көрінісі таза болсын.Келесі «мен кіммін»
жаттығуымызды жасаймыз.
1. «Мен кіммін»
жаттығуы.
Мақсаты: «Мен кіммін? деген сұраққа жауап беру. Өз есімдерін ұнату
арқылы өзін бағалауға үйрету.
Бәрімізде адам болғандықтан, есім беріледі. Есімді қоярда бізден
ешкім саған осы есім ұнай ма? деп сұрамайды. Сондықтан кей кездері
өз есімдеріміз ұнамай қалып жатады.
Көзін жұмып ұнататындықтарын саусақпен
көрсету. 1
саусақ – мүлде, 2 саусақ – ұнатпау, 3 саусақ – қанағаттанарлық, 4
саусақ – ұнатамын, 5 саусақ - өте қатты ұнатамын.
Өз есімдеріңді елестетіңдер. Мүмкін сендер оны жазу күйінде немесе
сурет күйінде көретін шығарсыңдар. Ол қандай үлкен бе? Кіші ме?
Оның түсі қандай? Дыбыс естисіңдер ма?
Біз өзіміздің бағыт – бағдарымызды анықтап, өзімізді ғана емес,
қоршаған ортадағы адамдар өміріне де араласып, ұлы адамдар
өмірінен, мінез-құлқынан, жүріс - тұрысы, яғни бір сөзбен айтқанда
жақсы қасиеттерінен үлгі - өнеге алып отырсақ нұр үстіне нұр болар
еді. Осы мақсатта қазір «Өзіңді ғана емес, өзгені де таны» атты
жаттығуы жүргізіледі.
2. «Мен, мен, мен...»
жаттығуы.
Нұсқау: Әр
қатысушыға карточкалар таратылып беріледі. Ондағы «Мен» дегенді әрі
қарай жалғастырады.
Мен……………………
Мен……………………
Мен……………………
4. «Өзінді ғана емес, өзгені де таны»
жаттығуы.
Ойын шарты: Оқушыларға дінге еңбегі сіңген кісілердің суреттері
беріледі. Балалар осы кісі туралы, оның өзіне үлгі, өнеге боларлық
ісі, мінез – құлқы туралы әңгімелейді.
Қорытынды бөлім.
«Жүректен жүрекке».
Нұсқау. Қағаздан қиылған жүрекшелерге жақсы
тілектер жазып, бір-бірлеріңізге сыйлаңыздар.