Ашық сабақ, "Діни тұрақтылық- қоғам қауіпсіздігінің кепілі."

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ, "Діни тұрақтылық- қоғам қауіпсіздігінің кепілі."

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақты 9 класттың оқушыларына өткіздім . Барлық оқушылар белсене қатысты. Өте жақсы көңіл күймен оқушылар шықты.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақтөбе облысы, Темір ауданы.

Шұбарқұдық поселкасы.

6Шұбарқұдық негізгі мектебінің

Тарих пәнінің мұғалімі.




Тақырыбы: Діни тұрақтылық- қоғам қауіпсіздігінің кепілі.

Мақсаты : А) Экстремизм, терроризм, радикализм терминдеріне түсінік беру,
Қазақстан Республикасындағы лаңкестікпен қарсы күрестің құқықтық негіздері, қазіргі таңдағы ахуал жайы жөнінде мағлұмат беру. Оқушыларға адалдық және имандылық туралы мәлімет бері.

Ә) рухани- адамгершілік тәрбие беру.

Б) үлкенді сыйлау, құрмет көрсету , сыйластық пен кішіпейілділік

қасиеттерін үйрету.

Сабақ түрі : Пікірталас.

Әдісі : Тарихи тағылымдар, дін туралы мағлуматтар, сұрақ- жауаптар.

Көрнекілігі : «Ислам өрениеті» газеті, «Имам» журналы

Пән аралық байланыс : дінтану, тарих, әдебиет, өзін- өзі тану

Сабақ барысы : І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгелдеу.

ІІ. Кіріспе сөз. «Діни тұрақтылық- қоғам қауіпсіздігінің кепілі»- мұғалім.

Бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы : « Діни тұрақтылық- қоғам қауіпсіздігінің кепілі » арнайы осылай тақырыпты алдым, өйткені Абай атамыздың адам бойындағы болатын жақсы қасиеттердің барлығы мұсылман дінінен алуға болады. Шыны керек адалдыққа , кішіпейілдікке , иамндылыққа , өтірік айтпауға , зорлық- зомбылыққа жасамауға , бірлік пен ынтымаққа , үлкендерді сыйлап құрметтеуге тәрбиелеудің бірден- бір жолы мұсылман дінін оқып білу , танысу. Сабағымызды бастамас бұрын өткенге яғни ата- бабаларымыз бастан кешірген оқиғаларға үңілсек , Кеңес одағы тұсында дінді келеке етіп, дінге деген көзқарастар өте нашар болды. «дін- апиын» деген де сөздер айтылып , мешіттер бұзылып , ел ата- бабасына құран бағыштай алмай қалған кезде де болған.


Күн келеді көмектеспес жиғаның,

Ара түсер терген иманың.

Парыздарды жас кезінен өте де,

Сауапты істен өз- өзіңді тыймағын!


Алла сөзі, ұмтыл Кәрім Құранға.

Оны оқысаң, келер сабыр , шыдам да.

Міндеттерін орындаған мүміндер

Аллаға әркез жағар , болар ұнамда.


Жақсы сөйлеп, ойлан әсем тілектен.

Амал жасап, шын ниетпен , жүрекпен.

Дін туралы айтар болсақ, осы орай ,

Ислам діні құралған бес тіректен.


Ислам діні болғандықтан таза дін.

Шаршамастан , насихаттап жазамын.

Қияметте ең бірінші сұралар,

Жүрек нұры , рухы азығы- намазың.


Намазсыз жан екі өмірде қиналад,

Намазбенен жанға азық жиналад.

«Көздің нұры» ,- деген Расул Мұхаммед,

Өйткені бұл- шүкірі көп ғибадат.


Отыз күнге ішіп- жеуден тыйылған.

Бір Аллаға серік қоспай , сыйынған ,

Бар үшінші тірегің, ол- ораза.

Оны ұстасаң, қорықпайсың қиыннан.


Нұржауған :

Байланысы адам менен Алланың,

Бейді Алла : «Тек мен үшін арнадың».

Өзі берер , сауабын да өзі өлшеп

Нәпсің басып, сауаптан құр қалмағын.


Мая :

Зекеті жоқ өмірдегі байлығың,

Ақыретте азап пенен қайғы- мұң.

Қияметте сол байлығың жылан боп,

Оралатын мойыныңа жайды ұғын!


Жандос :

Алла алдында бір әкім де, бастық та,

Ұшыратпай өз- өзіңді өастыққа,

Зекетіңді беріп жүргін ұмытпай,

Болмас үшін, жоқшылық та, аштық та.


Бақыт :

Қажылыққа қаржыларын қимаған,

Ақыретте көп сұрақты жинаған.

Ниетттің де шынайысы болса егер,

Оған сонда жәннатты Алла сыйлаған.


Сұрақ- жауап.

1- сұрақ :

Ислам дінінің қандай бағыттарын білесіз?


2- сұрақ :

Ауылға ислам дінінің насихаттауын қалай жүргізесіз?


3- сұрақ :

Ауыл мешітіне келіп , жұма намазға кімдер қатысады. Ауыл жастарының жұма намазға қатысуына көңіліңіз тола ма?


4- сұрақ :

Намазды қай уақыттан бастаған жөн ?


5- сұрақ :

Қазіргі қыздардың хиджап киіп жүруі туралы не айтасыз?


ІІ. Ата- аналарға тапсырмалар :

1-тапсырма :

Балаңыз жас кезінен намаз оқуды бастады, сіздің оған пікіріңіз қандай ?


2 -тапсырма :

Отбасында ислам діні туралы балаларыңызға қандай тәлім- тәрбие бересіз?



3 -тапсырма :

Балаңыздың дінге дұрыс көзқарасын қалыптастыруда қандай жұмыс жүргізесіз?


4- тапсырма :

«Ұрлық түбі- қорлық» дегенді балаңызға қалай түсіндіресіз?


5-тапсырма :

Ораза ұстайсыз ба? Бес парыздың қайсысын орындап жүрсіз?


Самат Айымгүлдің орындауында. «Алланың өзі де рас, сөзі де рас». Мәнерлеп оқу.

Алланың өзі де рас, сөзі де рас,

Рас сөз ешуақытта жалған болмас.

Көп кітап келді Алладан, оның төрті

Алланы танытуға сөз айырмас.

Аманту оқымаған кісі бар ма?

Уәктубиһи дегенмен ісі бар ма?

Алла өзгермес, адамзат күнде өзгерер,

Жарлық берді ол сіздерге, сөзді ұғарға.

Замана, шаруа, мінез күнде өзгерді,

Оларға кез-кезімен нәби келді.

Қағида шариғаты өзгерсе де,

Тағриф Алла еш жерде өзгермеді.

Күллі махлұқ өзгерер, Алла өзгермес,

Әһлі кітап бұл сөзді бекер демес.

Адам нәпсі, өзімшіл мінезбенен,

Бос сөзбенен қастаспай, түзу емес.

Махаббатпен жаратқан адамзатты,

Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.

Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,

Және хақ жолы осы деп әділетті.

Мұғалім: Пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с.: «Рухани азық жинаңдар, оның ең жақсысы-діндарлық» - деген екен. Дүние жүзінің ұлы адамдары ислам дінінің қасиетін мойындап, ол туралы құнды пікірлер қалдырған. Батыстың ақын-жазушылары Исламның жербетінде теңдесі жоқ дін екенін жырлап кеткен. Оған Гете, Пушкин,Толстой, Бунин сияқты тұлғалардың мұралары дәлел.

Дана:

«Дін- ғылымның атасы»

Дін- ғылымның атасы,

Ғалым- діннің баласы,

Дін- ғылымның көкесі!!!

Ғылым да бар, дін де бар,

Адам ата өлмесін,

Ақырзаман келмесін,

Қол қусырып құдайға

Ғылым мен дін, бірге бар!

Перизат: Абай атамыз «Алланың өзі де рас, рас сөз ешқашанда жаман болмас»,-деген. Ы Алтынсариннің: «Бір Алланың атымен,кел балалар оқылық»,-деген сөзі өмір бойы айтылып келеді. Пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с.-өмір сүрген, өмір сүріп жүрген және өмір сүретін адам баласының ең ұлысы. Алланның жолымен жүруді қалаған әр мұсылман

Пайғамбарымыздың өмірбаянын, тіршілігін жақсы біліп, оның ізімен жүруі тиіс. Ислам дінінің қасиетті мекені- Мекке.

ӘН: Аллаға шүкір. ОРындайтын 7 класс оқушысы: Мұқанов Мерлан.


Әлібек: «Бес парыз»

Болған соң мойнымдағы бас қарызым,

Айтайын өтер-өтпес досқа арызым.

Жәннатқа жақсы істермен жарысайық,

Орындап мұсылманның бес парызын.

Иманды баға жетпес нұрға бала,

Ақылды адам одан құр қала ма?

Дүниені әркімдерге-ақ берген Раббым-

Дінді тек берер сүйген құлға ғана.

Ендеше, дін тірегі- намаз дейді,

Намазбен пенде Алладан пана іздейді.

Құлшынып құлшылығын арттырғандар-

Құранан ешқашан да ара үзбейді.

Тұтпаса уағымен Оразаны-

Адамның тәні толып, жаны азады.

Тұрмаса тізгінделіп тіл мен нәпсі

Тозақтың сенде дей бер бар азабы.

Парызды сонан соңғы- Зекет дейді,

Қолыңа нелер келіп, не кетпейді.

Бергенің береке болып ахиретте

Жұмақтың биігіне жетектейді.

Алланың түссе саған назары асыл,

Сүймейсің бос мақтанмен сөз аласын,

Инша Аллах қабыл болса қажылығың-

Анаңнан туылғандай тазарасын!

Жаратқан «бай», «кедей» деп жіктемейді,

Жалқаулық, сараңдыққа құп демейді.

Тыйым жоқ бес парызда,

бізге Алла-

Келместі қолымыздан жүктемейді


ІІІ. Оқушылардың жеке шығармашылық жұмысы


Оқушылардың Ислам дін туралы эссе және өздерінің пікір ой толғауын тыңдау.


ІҮ Қорытындылау.


«…Иман сақтауға қорықпас жүрек, айналмас көңіл, босанбас буын керек. Яғни (оқу арқылы таныған) иманы бар деуге ғылымы жоқ, я алдағанға, я азғырғанға, я бір пайдаланғанға қарап: ақты қара деп, я қараны ақ деп, өтірікті «шын» деп ант ететұғын кісіні не дейміз? Алла өзі сақтасын! Әрнешік білмек керек, жоғарғы екі түрліден басқа иман жоқ»,- деп қорытады Абай.

Бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыз.






























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
16.01.2019
1409
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі