Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Диолог, монолог 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
2.1.6.1.интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл, ым-шара) қолданып, тақырыпқа (Сіз қалай ойлайсыз? Сіз не ұсынар едіңіз?) назарын аударту. 2.1.3.1.күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сұхбаттасу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шығыс Қазақстан облысы, Аягоз қаласы, «Қалалық қазақ мектеп - лицейі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Слямгазина Нургуль Муратовна


Пәні: қазақ тілі

ҰМЖ бөлімі: 1

Сыныбы: 2

Мұғалімнің аты-жөні: Слямгазина Нургуль Муратовна

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Диалог. Монолог.

Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме):

2.1.6.1.интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл, ым-шара) қолданып, тақырыпқа (Сіз қалай ойлайсыз? Сіз не ұсынар едіңіз?) назарын аударту.

2.1.3.1.күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сұхбаттасу.


Сабақ мақсаттары:






Барлық оқушылар: күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сұхбаттасады, сұрақтарға жауап береді, тақырыпқа сай ым-шара жасай алады.

Көптеген оқушылар: монолог пен диалогтың айырмашылығын біледі, интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл, ым-шара) қолдана алады.

Кейбір оқушылар: кез келген тақырыпта диалог және монолог құра алады.


Бағалау критерийлері:


- күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сұхбаттасады, сұрақтарға жауап береді

- вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл, ым-шара) қолдана алады


Құндылықтарды дарыту:

Өлеңді оқыту арқылы құрмет құндылықтарын дарыту;

Топтық жұмыс барысында ынтымақтастық құндылықтарын дарыту;

Тапсырмаларды орындату арқылы сын тұрғысынан ойлау және еңбек пен шығармашылық құндылықтарын дарыту;

Сабақ барысында өмір бойы білім алу құндылықтарын дарыту;


Пәнаралық байланыстар:

Ертегіні оқу барысында дүниетану пәнімен байланысады.


АКТ қолдану дағдылары:

Интерактивті тақтадан тінтуір арқылы диалог пен монологты мәтінмен сәйкестендіру.

Бастапқы білім:


1-сыныптағы алған білімдеріне негізделеді.

Сұрақ қоя біледі. Сұрақтарға жауап бере алады.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1. Сәлемдесу.

2. Психологиялық ахуал. Достар бері келіңдер, Қолдарыңды беріңдер. Шаттық атты шеңберге, Қуанышпен еніңдер!

Шаттық шеңбері. «Ыстық лебіз» Шеңберге жиналып, бір-біріне жылы лебіз, тілектерін білдіру.

3. Топқа бөлу. Берілген сұрақтар бойынша топқа бөлу.

Қай мектептенсің?

Мектебіңнің көшесі қалай аталады?

Нешінші класта оқисың?

Осы сұрақтар бойынша оқушылардың жауабын тыңдау.

4. Оқушылардың зейінін шоғырландыру және оқу мақсатын анықтау.

5. Күтілетін нәтиже.



Сабақтың ортасы












10-жаттығу. Өлеңді дауыс ырғағымен оқу.

Оқылым. Айтылым. Тыңдалым.Ұжымдық жұмыс. Белсенді оқытудың сұрақ қою және талқылау, саралаудың диалог және қолдау көрсету тәсілін қолдана отырып,

- өлеңдегі кейіпкерлер кімдер?

- оның санын нешеу?

- балақай неге кейіді?

деген сұрақтар қоя отырып баяндауға ынталандырамын.

*Бүлдірген сөзіне анықтама айтып, түсіндіріп кетемін.

ҚБ жұлдызша арқылы бағалау.

***Диалог-екі немесе бірнеше адамның сөйлесуі.

Кері байланыс: мұғаліммен оқушы


11- жаттығу. Өлеңді түсініп оқу.

Оқылым. Айтылым. Тыңдалым.Ұжымдық жұмыс. Белсенді оқытудың сұрақ қою және талқылау, саралаудың диалог және қолдау көрсету тәсілін қолдана отырып,

- өлең не туралы?

- ол неліктен тілдің атынан айтылып тұр?

деп сұрақтар қоя отырып баяндауға ынталандырамын.

ҚБ смайлик арқылы бағалау.

***Монолог-өзіне немесе тыңдаушыға қаратып айтылған бір ғана адамның сөйлеуі.

Кері байланыс: мұғаліммен оқушы

Ширату жаттығуы. «Дүкен» ойынын ойнату арқылы сұхбаттастыру. (оқушыларға бұл диалог немесе монолог екенін анықтату)


12-жаттығу.

Жазылым. Жеке жұмыс. Мақалды көшіріп жаз.

Аз сөйле, Көп тыңда.

*Мағынасы қарама-қарсы сөздерді тауып астын сыз.

Айтылым. Тыңдалым. Жұптық жұмыс. *Бір-біріңе мақалдың мәнін түсіндіріп көр.

Топтық жұмыс. *Жазған мақал монолог па? Әлде диалог па? Дәлелдеп айтыңдар.

Белсенді оқытудың түсіндіру және сипаттау, ал саралаудың қарқын тәсілін қолдану.

ҚБ бас бармақ арқылы бағалау.

Кері байланыс: оқушымен мұғалім


13-жаттығу. Түлкі мен қырғауыл ертегісінен үзінді оқы.

Оқылым. Айтылым. Тыңдалым. Топтық жұмыс.

І-топ: бұл үзінді монолог па, әлде диалог па?

ІІ-топ: «сәлеметсізбе» сөзін қай кездерде қолданады?

ІІІ-топ: тағы қандай амандасу сөздерін білесіңдер?

Белсенді оқытудың бекіту және қолданысқа енгізу, ал саралаудың қорытынды тәсілін қолдану.

ҚБ шапалақтау арқылы бағалау.

Кері байланыс: топпен топ арасында

Ширату жаттығуы:

«Қарлы кесек» ойынын ойнату.

Қарлы кесекті лақтыра отырып, бірінші бала сұрақ қояды, ал екінші бала сол сұраққа жауап береді.


14-жаттығу. Диалогты көшіріп жаз. Жазылым. Жеке жұмыс.

Жұптық жұмыс. Ата мен бала рөлінде амандасу жағдаятын құрастырыңдар.

Кері байланыс: оқушымен оқушы

Саралаудың қорытынды тәсілін қолдану.

ҚБ бас бағдаршам арқылы бірін бірі бағалау.

Оқулық.








Бүлдірген суреті.

Жұлдызша-лар.




Оқулық.






Смайликтер.




Ойыншық-тар.



Оқулық.











Басбармақ-тың суреттері.


Оқулық.

Тапсырма жазылған

А4 беті






Қарлы кесек.




Оқулық.





Бағдаршам суреттері.

Сабақтың соңы







Рефлекция. Баспалдақ.– Білдім. – Білгім келеді. – Білмедім.

Білдім




Білгім келеді



Білмедім



Баспалдақ суреті, смайликтер





Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

1,2 тапсырмада диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы кейбір оқушыларға тапсырманы орындату барысында жан-жақты және нақты көмек беремін, ойланту үшін, жауаптар алу үшін сұрақтар қоямын

- өлеңдегі кейіпкерлер кімдер?

- оның санын нешеу?

- балақай неге кейіді?

- өлең не туралы?

- ол неліктен тілдің атынан айтылып тұр?

3-тапсырмада қарқын тәсілін қолдану арқылы кейбір оқушыларға: досыңнан қаламсабын, өшіргішін немесе кітабын вербалді емес әдіспен сұрап көр; кез келген тақырыпта диалог құрастырып жаз; монологқа мысал келтір.

4-тапсырмада қорытынды тәсілін қолдану арқылы барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да нәтижелері әртүрлі болады, барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу.

Оқушылардың материалды меңгеру деңгейін жеке жұмыста жұлдызша, смайлик, бас бармақ, бағдаршам және топтық жұмыста шапалақтау арқылы, жалпы баспалдақ арқылы тексеруді жоспарладым.

Сергіту жаттығуы және көзге, қолға арналған жаттығулар. Қауіпсіздік ережелері.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.11.2021
688
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12