400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Дизайн өнері. Дизайн түрлері" 5 - сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бейнелеу өнері пәнінен ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық сабақ

Күні: Пән: Бейнелеу өнері Сынып:5 «Ә»

Сабақтың тақырыбы: Дизайн өнері. Дизайн түрлері

Білімділік: дизайн өнері туралы алған білімдерін тереңдету, paint программасымен сурет салуға үйрету.

Дамытушылық: пәндерге деген қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: эстетикалық талғамдарын қалыптастыру, шапшаңдыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, слайд , сұрақ – жауап

Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ

Пән аралық байланыс: бейнелеу өнері, информатика

Көрнекілік: слайд, тест тапсырмалары

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

а. Сәлемдесу, оқушыларды түндеу,сабаққа дайындықтарын тексеру,назарларын аудару.

ә. «Жылы лебіз» ынтымақтастыру атмосферасы құру.

2. Үй тапсырмасын тексеру. Орындаған жұмыстарын тексеру.

3. Жаңа сабақ.

Балалар біз бүгінгі кіріктірілген ашық сабағымыздың тақырыбын сөзжұмбақты шеше отырып анықтайық.

1.Сахна көрінісін безендіру? (декорация)

2.Кітап безендіруде қолданылатын көркемсурет ? (иллюстрация)

3.Табиғат көрінісі бейнеленген көркем шығарма ? (пейзаж)

4.Суға езілетін қою бояу ? (гуашь)

5.Кескіндемеде қолданатын бояу түрі ? (майлы бояу)

6.Негізгі көрініс бейнеленген, сызықпен салынған сурет ? (нобай)

Сонымен сабағымыздың тақырыбы: «Дизайн өнері».

Балалар дизайн деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

Дизайн – адам өміріне қажетті әдемі, ыңғайлы әрі пайдалы бұйымдар жасау өнері.

Дизайн – суретшілерінің жұмысының басты қағидалары: беріктік, қолайлылық және әдемілік.

Дизайн өнерінің қысқаша тарихы: Дизайн өнері 1928 ж. АҚШ-та пайда болды. Дизайн өнері заман талабына орай үнемі өзгеріп, дамып отырады. ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстанда дизайн өнері 1960 жылдан бастап жүйелі түрде қалыптасып, дами бастады. 1987 ж. Қазақстан Дизайнерлер одағы құрылды.

Дизайн өнерінің түрлері:

1. көлік құралдарын жобалау: көлік ұшақтары, су кемелері, автомобильдер, т.б.

2.тұрмыс бұйымдарын жобалау: электр аспаптарын, ыдыс, жиһаз, киімді, т. б.

3. интерьер және экстерьер : үйдің ішкі және сыртқы көрінісін безендіру

4.жарнама дизайн: ашық хаттар, жарнамалық баннэрлар, сыйлық қораптары, кітап беттері т.б.

5. ландшафты дизайн: көгалдандыру, өсімдіктермен безендіру т.б.

Бүгінгі сабағымыз информатика пәнімен байланысты болғандықтан PAINT программасымен жұмыс жасаймыз. Paint программасының анықтамасына қысқаша тоқталып өтейін. PAINT  сурет салу бағдарламасы әр түрлі графикалық кескіндерді салуға,оны өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаның көмегімен қарапайым суреттен бастап,күрделі графикалық шығармаларға дейін жасауға болады. PAINT графикалық редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындау керек.

Пуск                Барлық бағдарламалар     Стандартты             PAINT.

Осы әректтер орындалғаннан кейін экранға PAINT терезесі шығады. Орындалған жұмысты сақтау үшін Файл Сохранить как командасының терезесі ашылады Имя файла өрісіне файлға ат беріп, «сохранить» батырмасын басу керек.

Құралдар тақтасымен таныстыру.

4. Практикалық жұмыс: Paint программасымен Наурыз мерекесіне арналған ашық хат нобайын салу. Ашық хат суреттен және мәтіннен тұрады.

5. Сергіту сәті.

6. Тест сұрақтары.

1) Дизайн өнері дегеніміз не?

А) Бояумен әр түрлі суреттер салу.

Б) Қағаздан, қатырма қағаздан бұйымдар жасау және әшекейлеу.

В) Адам өміріне қажетті әдемі, ыңғайлы әрі пайдалы бұйымдар жасау өнері.

2) Дизайнның қандай түрлерін білесің?

А) көлік құралдарын жобалау, тұрмыс бұйымдарын жобалау, интерьер және экстерьер, жарнама , ландшафты.

Б) интерьер және экстерьер, жарнама , ландшафты, компьютерлік, графикалық.

В) көлік құралдарын жобалау, инженерлік, сәулеттік.
3) Дизайн өнері ең алғаш қайда пайда болды?

А) 1928 ж. Италияда

Б) 1928 ж. АҚШ-та

В) 1928 ж. Германияда

4) PAINT графикалық редакторын қалай іске қосамыз?

А) Пуск   Стандартты             PAINT.

Б) Пуск     Барлық бағдарламалар     Стандартты             PAINT.

В) Пуск     Барлық бағдарламалар     Microsoft PAINT.

5) PAINT графикалық редакторында суретті қалай сақтаймыз?

А) Файл Открыть Имя файла  «Сохранить» батырмасын басу керек.

Б) Файл Вставка Имя файла  «Сохранить» батырмасын басу керек.

В) Файл Сохранить как Имя файла  «Сохранить» батырмасын басу керек.

7. Бағалау.

Суретті критериалды бағалау жүйесі .

  1. Суреттің композициялық орналасуы.

  2. Ашық хат тақырыбының мәтініне сай болуы.

  3. Түстерді пайдалану шеберлігі.

8. Үй тапсырмасы. Дизайн өнері туралы қызықты мәліметтер іздестіру.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
03.06.2018
2479
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі