400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Домбыра-асыл мұра"

Материал туралы қысқаша түсінік
Домбыра- қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол-қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүймелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма-күй жанырының қалыптасуына ықпал еткен.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім:

III.Мәдени мұра

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Шығанақ А.Ж

Күні:

27.10.2021ж

Сынып: 4 «В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Домбыра- асыл мұра

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

4.1.1.1 домбыра аспабының құрылысымен, шығу тарихы мен таныстыра отырып, домбыраның ән-күй өнеріндегі алатын орнын түсіндіру;

Сабақтың мақсаты

Тыңдаған шығармасын сипаттай алады.Үйренген әннің формасын анықтайды. Домбыра құрылымын анықтайды.

музыкалық шығармашылық жұмыстарды жасау үшін өз идеясын ұсынады .

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

5 минут

Сәлемдесу, түгендеу

Психологиялық ахуал орнату.

Топқа бөлу

«Түрлі-түсті қағазға салынған музыкалық аспаптар» арқылы топқа бөлу

Топ басшысы сынытпа кім бар, кім жоғын айтады.

Оқушылар бір-біріне жағымды тілек айтып, жағымды ахуал орнатады.

Оқушылар музыкалық аспаптар салынған қағаздарды алып, сол бойынша топқа бөлініп отырады.


А4 қағазы

3 минут

Үй тапсырмасы

«Хор» әдісі

«Көк тудың желбірегені» әні

Мұғалім берген әнді хормен орындайды.

Мұғалім тарапынан «Мадақтау» әдісі бойынша бағалайды

Интербелсенді тақта


Сабақтың басы 10 минут

Мұғалім интербелсенді тақтадан домбыра туралы бейнесабақ көрсетеді.

Домбыра — қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма – күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада,классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады. Домбыра ежелде қазақтың тарихын баяндаған музыкалық аспаптардың бірі.

Оқушылар тыңдайды, өз ойларын айтады.


https://youtu.be/6SMvAireyHY


«Шындық-жалған» әдісі

Дәптермен жұмыс

Мұғалім интербелсенді тақтаға сұрақ-жауап тапсырма береді

Оқушылар берілген тапсырманы орындайды.

Оқушылар өздерін бағалайды.

Интербелсенді тақта

Сабақтың ортасы 15 минут

«Тыңдау және талқылау» әдісі

«Ақсақ құлан» мултьфильм көрсету

Оқушылар домбыраның аңызымен, домбыраның шығу тарихымен танысады.






https://youtu.be/N3HYjpBEpoA


«Постер қорғау» әдісі

  1. Домбыра тобы

Домбыраның құрылысы.

  1. Қобыз тобы

Домбыраның шығу тарихы.

  1. Жетіген тобы

«Ақсақ құлан» күйін талқылау

Берілген тапсырмаларды топпен бірге орындайды, қорғайды.










Оқушылар топ болып әр топтың тапсырмаларын бағалайды.

Плакаттар

Сергіту сәті 3 минут

«Музыкалық пауза» әдісі.

Мұғалім интербелсенді тақтамен музыка қояды.

Оқушылар берілген әнді топпен айту.

Мұғалім тарапынан «Мадақтау» әдісі бойынша бағаланады.

https://youtu.be/8co-kbJx0RA

4 минут

«Адасқан әріптер» әдісі.

Мұғалім оқушыларға «Домбыра» жайлы қанатты сөздер жасырады.

Оқушылар жасырын қанатты сөздерді тауып, өз ойларымен бөліседі.


Мұғалім тарапынан «Мадақтау» әдісі бойынша бағаланады.

Интербелсенді тақта

Сабақты қорытындылау 3 минут

«Сұрақтар ілмегі» әдісі арқылы сабақты қорытындылау.

Оқушылар сабақта алған білімдерімен сұрақтарға жауап беру арқылы, сабақты қаншалықты меңгергендерін айтады.


Интербелсенді тақта.

Оқулық.

Кері байланыс









Үй тапсырмасы

2 минут

«Домбыраны сәндеу» әдісі

«Күй атасы-Құрманғазы» туралы мәлімет іздеу және баяндау.

Оқушылар домбыраны түрлі-түсті бояуларға бояп сабақты қаншалықты түсінгендерін көрсетеді.


А4











































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
11 ұстаз жүктеп алған
25 қаңтар
4184
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі