Материалдар / Ашық сабақ "Дөңгелек сандарды қосамыз және азайтамыз" 1 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ
Осы тақырыптағы материалдардың барлығын көріңіз!

Ашық сабақ "Дөңгелек сандарды қосамыз және азайтамыз" 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
1 сыныптың математика пәнінен "Дөңгелек сандарды қосамз және азайтамыз" тақырыбына қысқа мерзімді сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
374
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Келісемін:

Тақырып: Қауіпсіздік ережесі. Денешынықтыру дегеніміз не?

Мектеп: № 155 Д. Шыныбеков атындағы орта мектеп


Уақыты: 5. 09. 16 ж


Мұғалімнің аты –жөні: Икрамұлы Таңат

Сынып: 1 «Б»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Осы сабақты меңгеруге көмектесетін оқу мақсаттары

1.3.1.1. Денсаулық туралы жалпы түсінік алу, дене белсенділігін ұғыну

Сабақтың мақсаты


Оқушылар барлығы орындай алады:

Аяқты айқастыра адымдап жүру, жүрелей отырып және жартылай отырып жүру, 4м арқамен алға жүру.

Ұжым болып зал ішінде қауіпсіздік әрекет жасау.

2 қатар сапты қайта құру.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

«Денсаулық жинаймыз тренингін орындау.

30 см биіктен белгіленген орын- тереңдікке секіру.

Басына дорба қойып, сырықтардың үстімен жүру.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Таспалармен жаттығуларды бірқалыпты және әдемі орындау.

«Теңіз» релаксациясын орындау.

Секіріп түскенде тепе- теңдікті сақтау.

Тілдік мақсат


Оқушылар «денсаулық» ұғымын қорытып, жаттығуларды орындаған кезде тәуекелдерді барынша азайта алады.

Пәндік лексика және терминология:

Денсаулық, тереңдікке секіру, аяқты айқастыра адымдап жүру, жүрелей отырып және жартылай отырып жүру, арқаны алға қаратып жүру, көшпелі саты.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Дене шынықтыру сабақтары денсаулықты нығайтуға қалай әсер етеді?

Қанадай қозғалыс түрлері денсаулыққа пайдалы?

Бүкіл отбасын сауықтыру үшін қандай жүріс түрлерін қолдануға болады?

Тереңдікке секірген кезде қандай тәуекелдерді азайтуға болады?

Тереңдікке секірген кезде қандай қозғалыс- тірек дағдыларын пайдалануға болады?

Басына дорба қойып жүрген кезде тепе- теңдікті қалай сақтауға болады?

Неге екенін айта аласындар ма?

Неліктен дене шынықтырумен тұрақты айналысу керектігін айта аласыңдар ма?

Неліктен сырықтың үстімен жүрген кезде қолдарды жан- жаққа созып жүру керек екенін айта аласыңдар ма?

«денсаулық» ұғымының құрамдас бөлшектерін атай аласыңдар ма?

Алдын ала оқыту


Үйіріле айнала екі аяқтап секіру. Допты жоғары лақтырып, қос қолдап ұстау.

Тепе- теңдік – толтырылмалы доптардың үстімен аттап жүру.

Жоспар

Уақыт шеңбері

Жоспарланған іс – әрекет

Ресурстар

0-3 минут

(Ұ) « Денсаулық жинаймыз» ойын – тренингі

Қолдарымызды күнге созамыз. Күн сәулесі, анамыздың мейірімді алақанындай бізді құшақтап, сылап-сипап, жылуына бөлейді. Күн нұры барлық реніш пен ауруларды жуып- шщайып, жүрегімізді мейірім мен махаббатқа толтырды, бойымызға қуат берді

Кең, бос кеңістік.

АКТ – күн бейнесі








4-6


7-15



16-24

























25-30
















Оқушылармен дене шынықтырудың адам денсаулығына жағымды әсер туралы сұхбат жүргізеді.

Біреуден сапқа тұру, әдеттегі жүріс, аяқты айқастыра адымдап жүру.

Жүрелей және жартылай отырып жүру.

4 м арқаны алға қарата жүру.

Жүріс түрлерінің әрқайсына сай қолдар амплитудасына назар аударады.

2 қатар сапты қайта құру.

Таспалармен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары

(Ұ) 30 см биіктіктен белгіленген орынға – тереңдікке секіру

Оқушыларға орындықтың жанына таспаны орналастыруды ұсынады. Таспаның артына дәл секіруге, табанды белсенді түзету, түскен кезде тепе- теңдікті сақтау білігіне назар аудартады.

Қауіпсіздік ережесі: оқушылардың орындықта дұрыс тұруын қадағалайды- орындықтың ортасында, бір- бірінен жеткілікті қашыұтықта тұру қажет.

(Ұ) тепе – теңдік – басына дорба қойып, сырықтармен жүру, қолдары жан- жаққа созулы. Дене мен бастың күйіне назар аудартады (басты еңкейтсе дорба бастан құлап кетеді) Тепе –теңдікті ұстау, табанды сырыққа қою. Түзу мүсін денсаулықтың құрамдас бөліктерінің бірі екеніне оқушылардың назарын аудартады.

« Қарлығаш » қозғалыс ойыны.

Ойыншықтар саны бойынша құрсауларды - «қарлығаштардың ұясын » орналастырады. Ойыншылар қарлығаш рөлін орындайды,қолдарын қанат тәрізді сермеп,зал ішінде жүгіріп жүреді.

« Қарлығаш ,қарлығаш, біздің үйге ұшып кел!»бұйрығы бойынша жылдам ұяларға орналасады.

«Теңіз жағалауындағы»релаксациясы

Оқушыларға өздерінің теңіз жағалауында

Жатқандарын елестетуді ұсынады.Кілемге қолайлы қалыпта жатыңдар.Үш рет терең демді ішке тартып, дем шығарыідар.

« Дұрыстап тыңдасаңдар, мұхит толқындарының жағаға жұмсақ соғылғанын естуге болады.Одан кейін толқын кері шегінеді.Одан соң қайтадан жағаға ұмтылады,қайтадан кері шегінеді....Толқындар бар уайымды жуып –жайып әкетсін».

Оқушыларға жақсы демалыстың да денсаулық екенін түсіндіру.




































АКТ-

«Теңіз »

Тұсау кесері

31-35

Оқушыларға сәулелерден «денсаулық» ұғымының құрамдас бөлшектерін құруды ұсынады.

Магнитті тақта

Қосымша ақпарат

Саралау - Сіз қалай көбірек қолдау

көрсетуді жоспарлайсыз

?Қабілеті жоғары балалардың алдына

қандай міндет қоюды көздейсіз?

Бағалау - балалардың материалды меңгеру деңгейін қалай текеруді жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық пен қауіпсіздікті тексеру

АКТ –мен байланыс

Құндылықтармен байланыс

«Денсаулық »ұғымының құрамдас бөліктерін атау. Жүріс түрлерін атау. Тереңдікке секіруді орындауға арналған көмекші сызба.

Тереңдікке секірген кезде таспаның артына секіріп,тепе –теңдік сақтайды.


Таспалармен жаттығуларды бірқалыпы және әдемі орындайды

Оқушылар «Қарлығаш» ойынында ұяларға жылдам орналасады.

«Таным»пәнімен байланыс.

АКТ –«Теңіз» релаксациясына арналған тұсаукесер. Тереңдікке таспа артына секіруді орындау схемасы.












Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!