400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Дос болайық бәріміз

Материал туралы қысқаша түсінік
: -Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Сабағымызды бастамастан бұрын тренинг ережелерімен танысайық. Тренинг ережелері. 1. Бір-бірін сыйлау. 2. Көңілді болу. 3. Ұзақ уақыт сөйлемеу. 4. Бір-біріне қамқоршы болу. Осы ережелермен келісесіздер ме?
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Дос болайық бәріміз» - тренинг сабақ

Тақырыбы: «Дос болайық бәріміз»

Мақсаты:    Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету, коммуникативті өрісті дамыту.

Міндеті:

1. Адам қарым-қатынасындағы достық ұғымы туралы түсінік беру;

2. Оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал ету.

3. Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шынайылыққа, адалдыққа  тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Кіріспе әңгіме:  -Сәлеметсіздер ме, оқушылар!

Сабағымызды бастамастан бұрын тренинг ережелерімен танысайық.

Тренинг ережелері.

1.     Бір-бірін сыйлау.

2.     Көңілді болу.

3.     Ұзақ уақыт сөйлемеу.

4.     Бір-біріне қамқоршы болу.

Осы ережелермен келісесіздер ме?

Қызығушылықтарын ояту

-         Балалар, мына тағамды татып көріңдерші, дәмі туралы не айтар едіңдер?

( дәмсіз, тұзсыз)

-         Балалар, ендеше өмірде доссыз адамды да осы тағамға ұқсатуға болады. Доссыз адамның өмірінің мәні, сәні болмайды, тағамның тұзсыз дәмі болмаған секілді.

-  «Доссыз адам – тұзсыз тағам!» - деп, бекерге айтылмаған. Ендеше бүгінгі  сабағымыздың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыздар? (дос, достық )

- Дұрыс балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Дос болайық бәріміз»

Ассоциация қабылдау сезімі.

Жаңа біз сіздермен «Доссыз адам – тұзсыз тағам» дедік.

Ендеше, « ДОС » сөзіне дәм кіргізейікші, дос қандай болу керек? Дос ол кім? 

-         Балалар, алдымызда күннің көзі, күннің көзіне не жетіспейді?(сәулелер)

-         Ал, енді бұл күннің көзін достық шуақтарымен толтырайық.

( тақтада берілген күн  «ДОС» сөзіне « шуақтарын » жазу ).

  ДОС: Көмектеседі, мейірімді, қайырымды, шыншыл, жанашыр, қамқоршы, ұқыпты, білімді, адал.

   Дәйексөз.

-         Балалар, бүгінгі тақырыбымыздың дәйексөзі «Шын дос – таусылмас қазына» осы дәйексөзді қалай түсінесіңдер?

  «Дос болайық бәріміз.(2 топ болып сурет салу)

Мақал-мәтелдер

1.     Досы жоқпен сырлас,

Досы көппен сыйлас.

2.     Досың мың болса да – аз,

Дұшпаның біреу болса да – көп.

3.     Досыңменен дос болғанға шаттан

Дұшпаныңмен дос болғаннан сақтан.

4.     Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық.

 Шығармашылық жұмыс. Достық жүрекшелерін жасау.

Бір-біріне тілектер жазу.

 Жүректен жүрекке

- Балалар, достық шеңберін құрайық,

Дос дегенің шыр айна,

Сындырып алма абайла,

Сындырып алсан егер де,

Құрастыру оңай ма?

-         Балалар сондықтан достықты ешқашан сатуға, сындыруға болмайды, достықтарыңа берік болыңдар. Бір-бірімізге жылы тілектермен, мейірімді сөздермен  осы достық жүрекшелерді сыйлайық.

  













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
03.05.2019
385
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12