400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Дос болайық бәріміз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Достық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту; достық, көмек туралы түсінік беру; өзара жағымды қарым-қатынастарын дамыту; бір-бірін сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Дос болайық бәріміз!»

Мақсаты: «Достық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту; достық, көмек туралы түсінік беру; өзара жағымды қарым-қатынастарын дамыту; бір-бірін сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, ойын, сұрақ-жауап, көрнекілік.

Көрнекілік: сюжетті суреттер, электронды тақта, слайд жұмыстары, фломастерлер, гүлдер, ағаш макеті.


Дос болайық бәріміз,

Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз.

Әкел, досым, қолыңды,

Татуласқан орынды.

Өкпелесіп не керек,

Корсет, кәне, соныңды.

Баққа бірге кірейік,

Қол ұстасып жүрейік.

Татулықтың белгісі,

Кел қосылып күлейік!

І. Шаттық шеңбері  (Балалар бір – біріне тілектерін айтады)

Жүректен жүрекке

-Ойыншық жүрекшені алақандарына салып, «Сенің досың қандай болғанын қалайсың?» деген сұраққа жауап бере бір-бірлеріне ұсыну.

Айнымас дос деген адал дос деген түсінікті де береді. Досы уәдесіне берік болса, қандай жағдайда да досымен бірге болса, қолынан келген көмегін аямаса, оның көңілін көтеріп жабырқағанда қасынан табылса,ол әрине айнымас дос. Балалар достықтың екі түрі болады екен. Біріншісі –адал достық, екіншісі айнымалы алдамшы достық. Біздер сол екі достықтың қайсысын таңдаймыз. Олай болса балалар бір – бірімізге адал дос болайық.

ІІ.Әңгімелесу сәті :

Балаларға сұрақтар:
1. "Достық" сөзін қалай түсінесіңдер?
2. Достар қандай болу керек?
3. Сендердің достарың бар ма?

- Достық дегенді қалай түсінесіңдер?

- Сендердің достарың көп пе?

- Досыңа көмекті, қамқорлықты қалай жасайсыңдар?

‒Балалар, сендерге жалғыз ойнаған немесе серуендеген ұнай ма? Ойлап көріңдерші?

Түйін:

-Дұрыс айтасыңдар, балалар. Жалғыз ойнасақ, жалғыз серуендесек, жалғыз тамақтансақ көңілсіз екен. Сондықтан біз жалғыз қалмау үшін біздерге дос жолдас керек екен.

ІІІ.Өздерінің достары туралы айтып беру.

Достық‒адамдардың бір‒біріне деген адалдығы, өзара сыйластығы, татулығы, сүйіспеншілігі, жанашырлығы, қамқорлығының белгісі.

IV.Мәтінмен жұмыс:

«Екі дос» ертегісі

Бір күні екі дос орманда келе жатады. Кенеттен алдарынан бір аю шыға келеді. Сол кезде біреуі қаша жөнеледі, екіншісі талға өрмелеп жасырынып қалады. Қашқан жігіт ортада қалып кетеді.

Алайда, не істерін білмей тұрғанда, ойына «Өлген адам сияқты жерге етбетіммен жата қалсам, бәлкім құтылып кетермін» деп жерге жата қалады.

Аю келіп оны иіскелей бастағанда демін жұтып, дем алмай жатады. Аю кеткен соң талға өрмелеп кеткен досы төмен түсіп, досының қасына келіп, күліп: «Айтшы ал, аю сенің құлағыңа не деп сыбырлады?» дейді.

Сонда досы: «Досына қауіп - қатер төніп тұрғанда қашып кеткен адамдардан сақтану керектігімді, айтты» дейді.

Талдау сұрақтары:

- Қай жігіттің ісін дұрыс деп ойлайсыңдар?

- Қалай ойлайсыңдар бұлар адал дос па?

- Нағыз дос қандай болуы керек?

- Достарынды ренжітіп алсандар, қалай татуласар едіндер?

- Қандай достықты біз «адал» деп айтамыз?

V.Ойын: «Нағыз дос» -алма ағашына, досқа тән қасиеттерді теріп ілу (мейірімді,

салмақты, адал, кек сақтамау, ақылды, кешірімді, төзімді,



өтірікші, тәртіпсіз, мақтаншақ, жалқау).

- Сендердің жауаптарыңды тыңдап, сендерде шынында адал дос болатындарыңа көзім жетті.

VI.Қорытындылау:

Шаттық шеңбері

Әрқашан дос, біргеміз,

Ажырамас іргеміз.

Ту ғып ұстап бірлікті,

Тату – тәтті жүреміз

-Адамдардың бір-біріне деген ең қымбат сезімдерінің бірі – достық. Ал адам бойындағы ең игі қасиеттердің бірі – достаса білу.Достықтың күші-бірлікте,кепілі-татулықта.Біз де сыныптас достарымызды қолдап,қол ұшын беруге әрқашан дайын болайық,әрқашанда дос болайық, бәріміз!























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 ақпан
456
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі