400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Дос болайық бәріміз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: «Достық» құндылығы туралы түсініктерін одан әрі жетілдіру. Өзара сыйластық, достық, сүйіспеншілік туралы түсінік беру. Өзара сыйластық қарым‒қатынастарын дамыту. Бір бірімен тату, дос болуға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»
Ұйымдастырылған оқу іс-қызметі. Психология.
Тақырыбы: « Дос болайық бәріміз».
Мақсаты: «Достық» құндылығы туралы түсініктерін одан әрі жетілдіру. Өзара сыйластық, достық, сүйіспеншілік туралы түсінік беру. Өзара сыйластық қарым‒қатынастарын дамыту. Бір бірімен тату, дос болуға тәрбиелеу.
Әдісі: Әңгіме, жағдаяттарды талдау. Шығармашылық жұмыс. Ертегіні талдау.
Көрнекілігі: Видио ролик, стикерлер, журекше, гул бейнелері, түрлі түсті бояулар.

Әрекет кезеңдері
Психологтың іс - әрекеті:
Мотивациялық қозғаушы
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін біздің сабағымызға қонақтар келді. Бүгін қандай керемет күн. Бұл күнді жақсы, қуанышты көңіл күймен өткізу үшін сендерді «Дос болайық бәріміз» атты ашық оқу ісқызметінің

1.«Шаттық шеңберіне» шақырамын.

Үлкен шеңбер құрайық

Алақанды ұрайық.

Күлімдесін күнде,

Күлімдейік бізде.

Алақанды ашайық,

Күннің нұрын салайық

Таза ауаны жұтайық

Жүрекке жылу силайық.

2.Суретпен жұмыс.Балаларға достық туралы толық мағлұмат беру.Достық сезімдерін күшейту.Адал дос пен амал достың анықтамасы мен іс-әрекетін талдау.

3.Достық туралы тақпақтар.

Балдырған баламыз

Досты көп табамыз

Қашанда,қайда да

Біз бірге боламыз

Достар бірге жүреміз

Бірге ойнаймыз күлеміз

Бірге балық аулаймыз

Міне біздер қандаймыз



Достық әдеп силастым

Достық әдеп силасым.

Дос өмірлік қимасың

Дос арыңдай қымбатты.



Досыңа бол адал жан

Бірдей бөліс сынақты.

Бір нүктеге қадалған

Екі көзің сияқты.



4..Видио ролик. Ашу дұшпан,ақыл дос.

5.Ғажайып сәт.Есік жақтан біреудің жылаған дауысы естіледі.

Психолог –Балалар тыңдаңдаршы біреу жылайма ,естіп отырсыңдарма?

-Бұл жүрек екен жылап тұрған.

-Келе ғой жүрек саған не болды?

Жүрек-Мені қатыгез досым тастап кетті,мен жалғызбын,не істерімді білмеймін.

Балалар келіп жұбаныш сөздерін айтады.Жүрек сен жалғыз емессін міне сенің адалда шынайы,сенімді достарың бар.Сен бізге қонақ бол мұнда отыра ғой.(Жүрек балалармен бірге отырады)

Балалар сендер өте мейрімді іс жасадыңдар,мен сендерге қарап сүйсініп қуанып қалдым.Осылай тату тәтті өмір сүріңдер.

6Тілек айту..Балалар ендеше біз жүректі ортаға алып қолымызға шамды алып бір-бірімізге жақсы тілектерімізді айтайықшы.Достар арасында жақсы тілектер айтылады.

7 Ойын..Балалар енді сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр.Қазір сендерге ойынның ережесін айтамын ал сендер мұқият тыңдаңдар

Мен ренжістік дегенде сендер теріс қарайсыңдар,достастық дегенде оң қарайсыңдар осылай мен тез айтам ал сендер тез орындайсыңдар.

8.Сергіту сәті.Саусақ гимнастикасы.

9.Шығармашылық жұмыс саусақпен суреттерді бояу.

10.Ғажайып бақ терапеясы.Табиғат аясына демалыс жасау.Көзді жұмып,терең дем алып,таза ауаны жұтып,табиғаттың исі аңқыған гүлдерін искеп әдемі бейнеге ену.Достарымызбен бірге демалысқа шығып,табиғаттың ал қызыл гүлдерін жинап көңілді күй кешудеміз.Табиғат қандай тамаша күннің ыстығын алақанымызбен сезіп отырғандаймыз,осы жылы шуақты достарымызға берейік.(Транстан шығамыз)

11.Ал балалар енді бізге жүрек «Достық ағашын» жасауға шақырады.Біз жүрегіміздің қандай екенін айтып мына жүрекшелерді достық ағашына ілейік.

12.ҚорытындыБалалар біз бүгін татулық бар жерде достық туындайтынын ұғындықТатулық бар жерде достықтың силастықтың болатынын түсіндік.Олай болса бүгінгі ұйымдастырылған ашық оқу іс әрекетіміз өз мәресіне жетті.Жүрекпен айтылған сөз жүрекке барып достық туын тігетініне кәміл сенімдеміз,ендеше бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс әрекетімізді «Дос болайық бәріміз» әнімен аяқтағым келіп отыр.Сау болыңыздар.

























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
3988
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі