400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Дос болуды үйренеміз 1-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ашық сабақ өзін-өзі тану пәні мұғалімдеріне өте қажет материал. Бұл ашық сабақ оқушылардың бойындағы достық қарым-қатынастарын нығайту мақсатында ұйымдастырылып ашық сабақ өткізілді. Бұл ашық сабақта оқушыларды мейірімділікке, достыққа, адалдыққа тәрбиелеуге көп көмегі бар.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Дос болуды үйренеміз

Құндылық : Сүйіспеншілік Қасиеттер: бәрін жақсы көру, жан-жануар-ларды жақсы көру, бауырмалдық, достық, татулық.

Мұғалім : Суясинов Бақытжан . Сынып: 1 «ә»

Сабақтың мақсаты :Оқушыларға достық туралы түсінік бере отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу . Сабақтың міндеттері Білімділік: - айналадағының бәрін жақсы көру достық сезімді нығайтатындығын үйрету; Дамытушылық : - жан-жануарларды жақсы көруге, олармен достық қарым-қатынас жасай білуге баулу; Тәрбиелік: - бауырмалдыққа, достыққа, татулыққа тәрбиелеу.


Ресурстар: оқулық, дәптер, түрлі-түсті қалам.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. (5 «Т» -ны сақтау) Тәртіп, Тыныштық, Тазалық, Татулықты сақтауға шақыру, Талап.

Жағымды көңіл-күйге ену «Су астына саяхат»


2. Үй тапсырмасын сұрау.

«Менің досым» тақырыбына жазып келген әңгімесін оқиды.

  • Дос дегеніміз кім?

Сазды әуен Хрусталь-ый грусть




3. Дәйексөз

«Достықты достық шақырады» Абай Құнанбаев

  • Дәйексөздің мағынасын түсіндір.

  • Дос бола білу дегеніміз не?

  • Шын дос қандай болады?



4. Әңгімелесу

«Жаман жолдас» Ы.Алтынсарин

- Аю неліктен әлсіз ауру адамға тимеді? - Шындығында аю оған сондай ақыл айтты ма? - Ауру адамға ақылды сөзді не айтқызып тұр? - Осындай қиын жағдайларда өздерің қалай әрекет етер едіңдер?


5. Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: «Адал дос» болу үшін не қажет деп ойлайсыңдар? Төмендегі сөз және сөз тіркестерін ең маңыздыларынан бастап орналастырып, таңдауларыңды түсіндіріңдер.

  • Адалдық, ортақ көзқараста болу, жауапкершілік, қамқорлық, сүйіспеншілік, есептесу, санасу, кешірімділік, қиянат жасамау, ақша, мақтау.


2-тапсырма: Көп нүкткнің орнына тиісті сөздерді қойып, дос туралы мақал-мәтелдерді оқу:

Адам – адамға ..., жолдас, ... .

Досы жақсының, ... де жақсы.

Көп ақшаң болғанша, көп ... болсын.

Дос – досқа ... .

Тиісті сөздер: дос, айна, бауыр, өзі, досың.



6. Топпен ән айту Жан досым (Т.Молдағалиев)

Iздегенде табылатын қасыңнан,
Көңілі бар қызғалдақтай ашылған.
Көрiспесек қызғаныштан жүдейтiн,
Кiм бар екен бала күнгi досыңнан!

Қайырмасы: Жан досым, үстем болсын мерейің,
Әрқашан жеңiсiңді көрейiн,
Сырымызда бiтпесiн,
Жырымызда бiтпесiн, жырымызда бiтпесiн!
Қос бұтағы секiлденiп ағаштың,
Қатар жүріп сырымызды санаштық.
Жол тапсақ та бiрге жүрiп жол таптық,
Адассақта бiрге жүрiп адастық.

Өмiр өзi арқамызға жүк салып,
Бәрiмiздi қияларға жұмсады.
Қатар ұшқан құска ұқсадык әлде бiз,
Қатар жанған қос жұлдызға ұқсадық.


7. Үйге тапсырма

Келесі сабақ: «Достық ережесі» толықтырып жазып келу.


8. Сабақтың қорытынды сәті. Бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізге қондырып , барлығымыз бірге Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде. Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бүкіл әлемде .








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
6 қараша
616
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі