400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Дос болуды үйренеміз" 2-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану пәні 2-сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы қаласы, Әуезов ауданы

№104 жалпы білім беретін мектеп











Ашық сабақ

«Дос болуды үйренеміз»













2019-2020 оқу жылы

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Тақырыбы: Дос болуды үйренеміз

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: адалдық, сенім, өзара жауапкершілік пен қамқоршылық

Мұғалім: Әненова У.Т.

Сынып: 2 «а»


Сабақтың мақсаты: оқушыларға «дос», «достық» ұғымдары туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Білімділік: оқушыларға «дос», «достық» ұғымдарының мәнін дұрыс әрекет құндылығымен байланыстыра отырып ұғындыру;

  • Дамытушылық: оқушылардың бойында адалдық, сенім, өзара жауапкершілік пен қамқорлық қасиеттерін дамыту;

  • Тәрбиелік: оқушыларды айнала қоршаған ортаны құрметтей отырып, адалдыққа, сенімділікке, өзара жауапкершілік пен қамқорлық қасиеттеріне тәрбиелеу;


Ресурстар:

(белсенді тақта, оқулық, дәптер, слайд, плакат, түрлі-түсті стикер)

Сабақ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

5 «Т» ережесі

  1. Талап

  2. Тәртіп

  3. Тыныштық

  4. Татулық

  5. Тазалық


Жағымды көңіл-күйге келу. «Ақ тілек. Әсем күлкі» .

Оқушыларды өздеріне ұнаған қызыл, сары, жасыл түсті шарларды таңдау арқылы топқа біріктіреміз.














  1. Үй тапсырмасын тексеру

«Менің достарым» тақырыбынды сурет салу.


  1. Дәйексөз

Достықты достық шақырады.

Абай Құнанбаев

  1. Дәйексөзді әр топқа дауыстап оқыту;

  2. Дәйексөз мағынасын қалай түсінесіңдер?


Оқулық 69 бет

  1. Әңгімелеу.

Ы. Алтынсариннің «Жаман жолдас» мысал әңгімесі.

Екі дос кісі жолдастасып келе жатып, бір аюға ұшырапты. Бұл екі кісінің біреуі әлсіз, ауру екен, екіншісі мықты, жас жігіт, аюды көрген соң бұл жігіт, ауру жолдасын тастап, өзі бір үлкен ағаштың басына шығып кетті дейді. Ауру байғұс ағашқа шығуға дәрмені жоқ, жерге құлады да созылып, өлген кісі болды да жатты: есітуі бар еді, аю өлген кісіге тимейді деп. Аю бұл жатқан кісінің қасына келіп иіскелеп тұрды да, дыбысы білінбеген соң тастап жөніне кетті. Мұнан соң манағы жолдасы ағаштан түсіп, аурудан сұрапты:
- Достым, аю құлағыңа не сыбырлап кетті?
Ауру айтты дейді:
- Аю құлағыма ақыл сыбырлады, екінші рет тар жерде жолдасын тастап қашатын достармен жолдас болма деді,- дейді.

Сұрақтар:

  • Аю неліктен әлсіз, ауру адамға тимеді.

  • Шындығында оған аю сондай ақыл айтты ма?

  • Ауру адамға ақылды сөзді не айтқызып тұр?

  • Осындай қиын жағдайларда өздерің қалай әрекет етер едіңдер?

«Құм мен тас» әңгімесін видеороликтен көрсету.

Оқушылар видеороликтен түйген ойларын айтады.




























видеоролик

  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

1-тапсырма. «Топтастыру» әдісі арқылы «Адал достық» ұғымының мәнін ашу.

2-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, дос туралы мақал – мәтелдерді оқыңдар, өздерің де мақал – мәтел құрастырыңдар.

Адам – адамға ..., жолдас, ....

Досы жақсының, ... де жақсы.

Көп ақшаң болғанша, көп ... болсын.

Дос – досқа ... .

Тиісті сөздер: дос, айна, бауыр, өзі, досың.

3-тапсырма. «Достық» ережесін құрастыру.


топтық

  1. Топпен ән айту

Достар

Әнін жазған: Айжігіт Асанов

Сөзін жазған: Фариза Оңғарсынова

1.Ақ, қарамыз, сарымыз.

Тату доспыз бәріміз.

Достық жәйлі ән салып,

Шырқатайық, кәне, біз.


2.Жүзімізге қараңыз,

Бал – бұл жанған баламыз.

Бізге қымбат күн шуақ,

Бізге қымбат анамыз


3.Күннің нұрын сүйеміз,

Қырдың гүлін сүйеміз.

Бізді ойнатып тәтелер,

Күлдіргенін сүйеміз.


4.Балдырғанбыз арай жүз,

Бал – бұл жанып қараймыз.

Ойыншықтар біздерде,

Көп болғанын қалаймыз.



  1. Үй тапсырмасы

«Шынай сүйіспеншілік» әңгімесінен үзінді оқып келу, 74-бет өсиет әңгімесін оқу

Оқулық 74 бет оқу

  1. Сабақтың қорытынды сәті

Рефлексия. «3 Қ» әдісі

1.Қызық

2.Қиын

3.Құнды

Досыма тілек. Берілген жүректерге достарыңа арнап өздеріңнің жақсы сөздеріңмен лебіздеріңді жазыңдар. Әр оқушы өз достарына тілек жазып, жүрекшенің айналасына іледі. «Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық!».

Назарларыңызға рахмет.

Сау болыңыздар !!!

Түрлі-түсті жүрекшелер







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 мамыр
449
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі