жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Дос болуды үйренеміз" 2 сынып
Мерзімі: 5.02.2018ж
Сабақтың тақырыбы: Дос болуды үйренеміз
Құндылық: «Сүйіспеншілік»
Қасиеттер: бәрін жақсы көре білу, Бауырмалдық, Достық , Татулық
Мұғалімі: Лаззат Тулкибаева
Сынып – 2
Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: тыныштық сәті, «Шынжыр әдіс –тәсілімен» үй тапсырмасын сұрау, «Қар» әдісі, дәйексөз, әңгімелесу, шығармашылық жұмыс, топпен ән айту.
Модульдердің кіріктірілуі: Сыни тұрғыдан ойлау, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ-ны пайдалану.
Оқып үйренудің нәтижесі: оқушылар өзін және өзгені түсіне білуге дағдыланады.
|
Сабақтың мақсаты: жаныңда жүрген жақын адамдарды (отбасы мүшелері, құрбы-құрдастар,достар) сыйлауға, құрметтеуге үйрету. Міндеттері: – адамдардың бір-біріне деген мейірім-шапағатының мән-мағынасын түсіндіру; – жаныңда жүрген жақын адамдарға деген сүйіспеншіліктерін дамыту; – жаныңда жүрген жақын адамдарды сыйлай, қадірлей білуге тәрбиелеу. |
Фотосуреттер, плакат, маркер, үлестірме қағаз, аудио. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі. -оқушылармен сәлемдесу. - сынып тазалығына көңіл бөлу. - топқа бөлу (1- топ Дос , 2-Friend) Тыныштық сәті. Алтын балық. Жаздың жайма-шуақ керемет бір күні,мен судың жағасында дем алып отырмын.Күн қапырық болып, ысып кетті. Суға секіріп түсіп, рахаттана шомылдым. Не деген керемет!Өзімді судағы балықтай еркін, жайлы сезіндім.Су астына сүңгіп тереңдей бердім. О, ғажап! Мына сұлулықты қалайша көрмегенмін. Су асты патшалығына кез болдым. Айналам сондай әсем, сұлу дүниеге толы. Өте әдемі өсімдіктер, ағаштар, көздің жауын алатын лағыл тастар, інжу маржандар. Балықтың небір әдемі түрлерін көрдім. Осынау сұлулыққа тоймай қарап тұрған кезімде, балықтардың арасынан басына тәж киген, жан-жағына жарық шашып келе жатқан «алтын балықты» байқадым.Қызығып кетіп, оны ұстап алдым. Мына кереметті қара, дәл ертегідегідей сөйлеп қоя берді: «Әй, жас өркен, мені жібер, айтқанымды істесең, үш тілегіңді орындаймын». Мен ойланып, толғанып, алтын балықты жөніне жібердім. Ішімнен үш тілегімді ойлап, су бетіне жүзе жөнелдім». Қане, бәрімізкөзімізді ашамыз. Ішімізден ойлаған тілектерімізді болашағымызға ала кетейік. Тілеген тілектеріңіздің толық орындалуын шын жүректен тілеймін . 2. Үй тапсырмасын тексеру: «Шынжыр » әдісін пайдалану арқылы үй тапсырмасын сұрау |
Сабақ барысын талқылау.
Әр топқа гүл суреттерін беріп отыру
Баяу әуен |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
3. Дәйексөз: Достықты достық шақырады
Тапсырманың кілті
|
А. Құнанбаев туралы мәлімет беру |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
4. Әңгімелесу (сұхбат) «Жан достың қадірі ескі достай бола алмас» Бір құмырсқа өз илеуінен бөлініп, ара қоңызбен дос болыпты. Жем іздей шыққан құмырсқа жол үстінен бір дән тауып алыпты. Жалғыз өзі ары бері әуреленіп, қозғалта алмапты. Енді көмек сұрау үшін достарын іздейді. Гүл жинап жүрген араға жолығып: -Досым маған көмектесіп жібер-деп өтініпті. -Көрмей тұрсың ба, менде жұмыс істеп жатырмын ғой,-депті ара. Енді ара қоңыздан көмек сұрапты. -Сен үшін өз еңбегімді еш қыла алмаймын! – деп кете барады қоңыз. Екі досынан күдер үзген құмырсқа мұңайып келе жатып, өзінің ұялас достарымен ұшырасыпты. Олар мұның түрін көріп: -Не істеп жүрсің?-депті. Құмырсқа өз басынан кешкенін айтады. Достары көмектеседі де, дәнді бірігіп көтеріп алып кетеді. Құмырсқа қайта үйіріне қосылады. «Жан достың қадірі ескі достай бола алмас», деген сөз содан қалған екен.
|
Тақырыпқа сәйкес Әңгіме оқу. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Постер қорғау 1 топ Дос Мақал-мәтелдер құрастыру 2-топ Достарына тілектер жазу |
Плакатпен жұмыс |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
6. Топпен ән айту. «Ақ көгершін » әні: А.Жұбанов сөзі: Н.Баймұхамедов Ақ көгершін, көгершін, Қолғанат құс сен едің. Бар, кезіп қайт ел үшін, Кең дүниенің көлемін. Әділеттің құсы деп, Көз алмастан жолыңнан. Бақыт болып қоншы деп, Ұшырамын қолымнан.
Ел тілегін алып ұш Адамзаттың бағына. Қара бұлтты жарып ұш Мұхиттың арғы жағына.
Тыныш-бейбіт өмірдің Белгісі боп қанат қақ. Әлем ортақ көңілдің Қайт шыңына қонақтап.
Ел тілегін алып ұш Адамзаттың бағына. Қара бұлтты жарып ұш Мұхиттың арғы жағына. |
АКТ-ны пайдалану. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
7. Үй тапсырмасы. № 1 Достық ережесін оқу Келесі сабақ. № 2 Оқушылар мақал –мәтел жаттап келу. |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
8. Соңғы тыныштық сәті. «Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік» бүкіл әлемде. Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады. Мұғалім жәй дауыспен: «Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»
|
Берілген суреттерді Плакат бетіне жапсыру арқылы табиғат көрнісін құрастыру |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пайдаланылған әдебиеттер тізім:
1.«Өзін-өзі тану» оқулығы 2-сынып «Бөбек» Алматы, 2010жыл.
2.«Самопознание. kz» №10.2013 жыл.
3.Мұғалімге арналған әдістемелік құрал.
«№31 М. Әуезов атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ашық сабақ
Тақырыбы:
Дос болуды үйренеміз
2«А» сынып
Өзін –өзі тану пәні мұғалімі: Л. Тулкибаева
2017-2018 оқу жылы
«№31 М. Әуезов атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Бекітемін»
Мектеп директоры :
----------------------Қ. Сарбасов
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша 2 «А» сыныбында
өтілетін «Дос болуды үйренеміз» атты ашық сабақтың іс- шара
ЖОСПАРЫ
-
№
Атқарылатын жұмыстар
Уақыты
Жауапты
1
Іс – шара жоспарын бекіттіру
3.02.2017ж
Л. Тулкибаева
2
Дос болуды үйренеміз
5.02.2017ж
Л. Тулкибаева
3
Сыныпты әрлендіру
5.02.2017ж
Л. Тулкибаева
4
Тыныштық сәті
5.02.2017ж
Л. Тулкибаева
5
Әңгімелеу
5.02.2017ж
Л. Тулкибаева
6
Дәйексөз
5.02.2017ж
Л. Тулкибаева
7
Мұғалімнің сыйы
5.02.2017ж
Л. Тулкибаева
8
Шығармашылық жұмыс
5.02.2017ж
Л. Тулкибаева
9
Топпен ән айту
5.02.2017ж
Л. Тулкибаева
10
Қорытындылау
5.02.2017ж
Л. Тулкибаева
Оқу ісінің меңгерушісі: А. Құрманбекова
Тыныштық сәті. Алтын балық.
Жаздың жайма-шуақ керемет бір күні,мен судың жағасында дем алып отырмын.Күн қапырық болып, ысып кетті. Суға секіріп түсіп, рахаттана шомылдым. Не деген керемет!Өзімді судағы балықтай еркін, жайлы сезіндім.Су астына сүңгіп тереңдей бердім. О, ғажап! Мына сұлулықты қалайша көрмегенмін. Су асты патшалығына кез болдым. Айналам сондай әсем, сұлу дүниеге толы. Өте әдемі өсімдіктер, ағаштар, көздің жауын алатын лағыл тастар, інжу маржандар. Балықтың небір әдемі түрлерін көрдім. Осынау сұлулыққа тоймай қарап тұрған кезімде, балықтардың арасынан басына тәж киген, жан-жағына жарық шашып келе жатқан «алтын балықты» байқадым.Қызығып кетіп, оны ұстап алдым. Мына кереметті қара, дәл ертегідегідей сөйлеп қоя берді: «Әй, жас өркен, мені жібер, айтқанымды істесең, үш тілегіңді орындаймын». Мен ойланып, толғанып, алтын балықты жөніне жібердім. Ішімнен үш тілегімді ойлап, су бетіне жүзе жөнелдім».
Қане, бәрімізкөзімізді ашамыз. Ішімізден ойлаған тілектерімізді болашағымызға ала кетейік. Тілеген тілектеріңіздің толық орындалуын шын жүректен тілеймін .
-
топ Дос
Әңгімелесу (сұхбат) «Жан достың қадірі ескі достай бола алмас»
Бір құмырсқа өз илеуінен бөлініп, ара қоңызбен дос болыпты. Жем іздей шыққан құмырсқа жол үстінен бір дән тауып алыпты. Жалғыз өзі ары бері әуреленіп, қозғалта алмапты. Енді көмек сұрау үшін достарын іздейді. Гүл жинап жүрген араға жолығып:
-Досым маған көмектесіп жібер-деп өтініпті.
-Көрмей тұрсың ба, менде жұмыс істеп жатырмын ғой,-депті ара. Енді ара қоңыздан көмек сұрапты.
-Сен үшін өз еңбегімді еш қыла алмаймын! – деп кете барады қоңыз. Екі досынан күдер үзген құмырсқа мұңайып келе жатып, өзінің ұялас достарымен ұшырасыпты. Олар мұның түрін көріп:
-Не істеп жүрсің?-депті. Құмырсқа өз басынан кешкенін айтады. Достары көмектеседі де, дәнді бірігіп көтеріп алып кетеді. Құмырсқа қайта үйіріне қосылады. «Жан достың қадірі ескі достай бола алмас», деген сөз содан қалған екен.
Досы көпті жау алмайды дегенді қалай түсінесіңдер?
2-топ Friend
.
Дәйексөз: Абай Құнанбаевтің нақыл сөзі шығады
|
9 |
8 |
5 |
3 |
2 |
7 |
3 |
2 |
|
9 |
8 |
5 |
3 |
2 |
7 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1 |
4 |
7 |
2 |
6 |
4 |
9 |
2 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Тапсырманың кілті
|
1 |
8 |
7 |
5 |
2 |
3 |
4 |
6 |
9 |
|
ш |
о |
қ |
с |
ы |
т |
а |
р |
д |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген