Ашық сабақ "Дос болуды үйренеміз!" 2"Д"-сыныбы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Дос болуды үйренеміз!" 2"Д"-сыныбы

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану пән мұғалімдеріне қажет дүние
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: Саттар Ерубаев атындағы №24 IT мектеп-лицей

Мерзімі: 03.02.2021 ж № сабақ

Тақырыбы: ДОС БОЛУДЫ ҮЙРЕНЕМІЗ

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: адалдық, сенім, өзара жауапкершілік пен қамқоршылық

Мұғалім: Базарова Айшабиби .

Сыныбы 2 «Д»  Оқушылар саны:______

Мақсаты: «дос», «достық» ұғымдары туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.


Міндеттері:

- «дос», «достық» ұғымдарының мәнін дұрыс әрекет құндылығымен байланыстыра отырып ұғындыру;


адалдық, сенім, өзара жауапкершілік пен қамқорлық қасиеттерін дамыту;


- айнала қоршаған ортаны құрметтей отырып, адалдыққа, сенімділікке, өзара жауапкершілік пен қамқорлық қасиеттеріне тәрбиелеу

Ресурстар:( белсенді тақта, кітап, дәптер,ғаламтор желісінен жаңа ақпараттар, сюжетті суреттер)

Сабақ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

5 Т – ережесі

-тәртіп

-тазалық

-тыныштық

-талап

-татулық

Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты- неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.


  1. Үй тапсырмасын тексеру

  • Әңгімеде кешіруге бірінші болып қадам жасады?

  • Диманың қандай әрекеті Гришаға сабақ болды?

  • Әңгіме неге «Өткел» деп аталған?

  • Өздеріңнің осылай татуласуға бірінші болып қадам жасаған кездерің болды ма? Оны қалай жасадыңдар? Әңгімелеп беріңдер?

оқулық

  1. Дәйексөз

Достықты достық шақырады.

Абай Құнанбаев

1.Дәйексөзді қалай түсінесің?

2. Дос деген кім?

3. Нағыз дос қандай болады?


Оқулық

  1. Әңгімелеу.

«Адал дос» туралы ертегісін көрсету

1.Оқушылар ертегіден түйген ойларын айтады.

2. Адалдық сөзінің мағынасын қалай түсінесің?

3. Осындай қиын жағдайларда өздерің қалай әрекет етер едіңдер?


Оқулық



бейнекөрсетілім

  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

Адал достық болу үшін не қажет деп ойлайсыңдар?

1 топтың тапсырмасы

Адал достық болу үшін не қажет деп ойлайсыңдар? Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерін өзің үшін ең маңыздыларынан бастап орналастыр. Таңдауларыңды түсіндіріңдер.

Тиісті сөздер мен сөз тіркестері.

адалдық, қалтқысыз сену, ортақ қөзқараста болу, жауапкершілік,қамқорлық, сүйіспеншілік, кешірімділік, қиянат жасамау, мақтау.

2 топтың тапсырмасы

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, дос туралы мақал-мәтелдерді оқыңдар, өздерің де мақал-мәтел құрастырыңдар.

Адам-адамға....., жолдас....,.

Досы жақсының,..... де жақсы

Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын .

Дос-досқа айна

Тиісті сөздер: дос, айна, бауыр, өзі, досың

тапсырмалар

  1. Топпен ән айту

Дос болайық бәріміз

Сөзін жазған: Х. Талғаров

Әнін жазған: И. Нүсіпбаев

Әрқашан дос, біргеміз,

Ажырамас іргеміз.

Ілгері жүріңдер,

Достық жырын біліңдер.

Ту ғып ұстап бірлікті,

Еңбекті сүйіңдер!

Қайырмасы:

Дос болайық бәріміз,

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз!


  1. Үй тапсырмасы

    1. «Жаман жолдас» Ыбырай Алтынсаринның ертегісін оқып келу.

    2. «Дос туралы» эссе жазып келу.


  1. Сабақты қорытынды сәті


Мұғалім сөзі: Ал балалар бүгінгі сабағымызды қорыта келе достық деген ұғым-бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық екен.

Оқушыларға рахмет айта отырып, қолдарына берілген көбелектерге өздеріңнің жақсы сөздерімен лебіздерін жазып оны гүлге жабыстырады.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.02.2021
453
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі