ашық сабақ Дос және достық 6 сынып

Тақырып бойынша 31 материал табылды

ашық сабақ Дос және достық 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Кел досболайық акциясы аясында өткізілген тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бағдарлама

«Досболlike»

Мектеп

Шығанақ орта мектебі

Педагогтің Т.А.Ә.

Омарова Айжан Тумабаевна

Сынып: 6 «А»

Қатысушылар саны:20

Қатыспағандар саны:3

Тәрбие сағатының тақырыбы

«Дос және достық»

Қауіпсіздік сабағы № 6 (10 минут)

Мақсаттары

Достықтың маңыздылығын түсіну. Оның өміріміздегі рөлін анықтау.

Достық қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

Алған білімді күнделікті өмірде қолдану.

Мықты достық қарым-қатынастар құру.

ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК АЙЫ

Апта дәйек сөзі

Әділдік пен жауапкершілік – біртұтас ұғым!

Құндылық

Әділдік пен жауапкершілік

Индикаторлар

Іс-әрекетті жоспарлау және ұйымдастыру дағдыларының болуы • Моральдық нормаларға сәйкес өзінің және басқалардың іс-әрекеттерін талдай білу • Оқу тапсырмасын орындауда табандылық, еңбекқорлықтың болуы • Тапсырылған жалпы іс үшін сынып ұжымы алдындағы жауапкершілікті сезіну • Басқаларға көмектесуге және әділдік, мейірімділік пен жауапкершілік танытуға дайын болу


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі.

1.Амандасу

Рисунок 3





2.Психологиялық ахуал орнату:

«Менің тәжім»






3.Топқа бөлу:1,2,3

Flippіty платформасы.


Оқушылар бір- бірімен кубиктің қай беті түседі сол арқылы амандасу түрін жасайды.





Менің тәжім әдісі арқылы психологиялық ахуал

оқушылар бастарына тәжді кие отырып бойларында тамаша қасиеттерімен бөліседі.


1-топ

2-топ

3-топ болып бөлінеді.

Таратпа қағаз











Сабақтың ортасы

1.«Ой шақыру»

-ДОС - деген сөзді естігенде ойларыңа қандай сөздер келеді?

-ДОС → Адал, мейірімді, шыншыл, қайырымды, көмектеседі, ұқыпты, жанашыр, қамқор.

- ДОС дегеніміз кім?

Дос — сенің жаныңды түсінетін, қиналғанда қол ұшын беріп, қуанышыңды бөлісе алатын, саған дұрыс жол көрсетіп, қашанда қасыңнан табылатын адам.

- Достық дегенді қалай түсінесіңдер? Достық — ортақ көзқарасы болатын, үлкен сеніммен ұласатын жақын қарым-қатынас. Достардың арасында көре алмау, пайдакүнемдік, құпия, мейірімсіздік сияқты іс-әрекеттер болмайды.

Есесіне жақсы дос табанды, кешірімді, ең бірінші болып көмекке ұмтылып, өз қатесін де мойындай алатын болады. Сол сияқты, шын дос досының сырын шашпай, сақтай алатын да қасиетке ие болуы керек.

- Дұрыс айтасыңдар,балалар.Достық-аспандағы жарық жұлдыз,теңіздегі гауһар тас.Жұлдызды да,гауһар тасты да ешкім кірлете алмайды.Достық адамды асқақтатады.

2.Интербелсенді тақтадан тақырыптық бейнеролик көрсету.

3.Топтық жұмыс.

1-топ.Мақалды жалғастыр.

1. «Кемшіліксіз ... іздеген адам ... қалады».

2. «Дұшпан ... айтады, дос ... айтады».

3. «Жаңылмайтын ... жоқ, сүрінбейтін тұяқ ...».

4. «... жаңасы жақсы, ... көнесі жақсы».

5. «... теңгең болғанша, жүз ... болсын».

6. «Досы көппен ...,

Досы жоқпен ...».

7. «Досы ..., өзі де жақсы».

8. «.. басқа қарайды,

... аяққа қарайды».

9. «Ақылсыз ..., ақылды дұшпан ...».

10. «Досың мың болса да - ...,

... біреу болса да - көп».


Жауаптары:

1. «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады».

2. «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады».

3. «Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ».

4. «Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы».

5. «Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын».

6. «Досы көппен сыйлас,

Досы жоқпен сырлас».

7. «Досы жақсының - өзі де жақсы».

8. «Дос басқа қарайды,

Дұшпан аяққа қарайды».

9. «Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық».

10. «Досың мың болса да - аз,

Дұшпаның біреу болса да - көп».


2-топ.«Тығырықтан шығу»

Саған досың өкпелі.Неге екенін білмейсің. 2күн болды сені көрсе қашқақтайды.Сен не істейсің?

Досың сенің жақсы көретін киіміңді күйдіріп алды Қандай шешім қабылдар едің?

Сенің досыңды үлкен балалар қорқытып жатыр.Сенің әлің жетпейді. Не істейсің?

Сенің досың өзінен кіші баланың телефонын тартып алды.Сынып жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр.Сен не айтар едің?

Сенің жаңа досың бұрынғы досыңды тастауыңды өтінді.Өзімен ғана дос болғаныңды қалады. Не істейсің?

Досың сенің қимас ағаң сыйлаған сувеиріңді ұнатып қалды.Қайта-қайта оны қызықтаумен болжы.Қимас досың сұраса берер ме едің?


3-топ.«Біз біргеміз» ойыны.

Мақсаты: Жұптасып қағаз допты шелекке салу.

/Сұрақтар қойып,оқушының әсерін білуге болады/

1. Балалар жұптасып жұмыстанған қиын ба екен?

2. Допты салу оңай ма?


Қорытынды:

- Балалар, достарымызбен болған әрбір күн бізге қуаныш, жақсылық сыйлайды. Достар қашанда бір - біріне жақсы тілек білдіріп, жылы сөздерін арнайды.

Біз де достарымызбен бірге қуанып тек жақсылық тілеп жүрейік. 

Рефлексия. «Досымның жүрегі»


Оқушылар қойылған сұраққа жауап береді.




















Бейнероликтен кейін балаларға бейнероик бойынша әсерін айтады.




Мақалдың жалғасын табады.


































Өз ойларын ортаға салады.


















Балалардың қолына таяқша беріледі, таяқшамен қағаз доптарды жұптасып жүрек қорабына салу қажет.


Үлестірілген жүрекшеге жақын отырған көршісіне жақсы қасиеттерін жазып кеудесіне жапсыру























https://youtu.be/gH3zqZPR4EQ?si=QgqfBr2O8V4_GCYP




Сабақтың соңы

6 САБАҚ. «НЕЛІКТЕН АТА-АНАҢМЕН ӨЗІҢДІ МАЗАЛАҒАН ОЙЛАРМЕН БӨЛІСУ МАҢЫЗДЫ?»

Сабақтың мақсаты: оқушылардың ата-анаға деген сүйіспеншілігін, құрметін дамыту.

Негізгі міндеттер:

1.«Отбасы», «Тату отбасы» термині туралы түсінік қалыптастыру.

2.Оқушыларға ата-ананың шынайы дос екенін ұғындыру.

3.Оқушыларды ата-анасын, қоршаған ортасын сүюге, бағалауға тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: тақырып бойынша иллюстрациялар, түрлі-түсті қарындаштар, проектор, компьютер.

Сабақ барысы

  1. Кіріспе (2 минут)

  2. Негізгі бөлім (6 минут)

Ұғымдарды түсіндіру:

Отбасы, отбасы құндылықтары дегеніміз не?

Отбасылық құндылықтар қоғамның негізгі құрамдас бөлігі және мәдениет пен адамгершілік қасиетті қалыптастыруда маңызды роль атқарады. Құндылықтар отбасы ішіндегі қарым-қатынас пен отбасы мүшелерінің өзара байланысын реттейтін принциптер, сенімдер мен нормалар жиынтығы деуге болады. Отбасы құндылықтары бала тәрбиесінен бастап ересек отбасы мүшелерінің қолдауы мен құрметіне дейінгі барлық дүниеден көрінеді.

Отбасы құндылықтарының бірі – жанұядағы адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен қамқорлығы, махаббаты. Отбасының негізін, шындығында, махаббат сезімі құрайды. Бұл дегеніміз отбасы мүшелерінің бір-біріне көңіл бөлуі, қамқорлық жасауы, қолдау көрсетуі және отбасы мүшесін қандай кемшілігімен болса да қабылдай білу. Махаббат бар жерде өзара үйлесімділік, эмоционалды күшті байланыс, әрі бақытты отбасы болуға деген ұмтылыс болады.

Ата-анаға көрсетілуі тиісті басты құндылықтар: түсіністік, сүйіспеншілік, адалдық, сыйластық, қамқорлық, алғыс, адалдық, шыдамдылық, сенім. Осы құндылықтардың барлығы ата-ана мен достық қарым-қатынасқа әкеледі.

3.Қорытынды (2 минут). Ережелерді қайталау

Өтілген тақырыпты қайталау.

«Тату отбасы» суретін салыңыз













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.11.2024
205
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі