400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Достығымыз нығайсын

Материал туралы қысқаша түсінік
Достық жайында айту,балаларды жосттықа баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Достығымыз нығайсын»

Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Айналамен танысу, экология, Құрастыру, Математика
Мақсаты: Балалардың арасында жағымды қарым - қатынас орнату, бір - бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету. 3 көлемінде сандық есептеуге үйрету. Сандарды тура және кері санау. Балалардың тіл байлығын дамыту жұмыстарын жалғастыру, іс - әрекет дағдыларын меңгерту, әлемнің тұтас бейнесін түсініп, ойлауға ауызша қосып - алу және геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын тиянақтап, түстерді ажыратуға, қарым - қатынас, көмек көрсету, сыйластықты қалыптастыру. Балаларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап, талдау
Керекті – құралдар: Үлгі, сусын қорапшасы, дайын бейне фильм, музыка әуені
М/Қ:
- Балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті, қане барлығымыз қонақтармен амандасайық!

Шаттық шеңбер
Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз,
Қонақтарды көргенде,
Сәлеметсіздер ме! – деп,
сәлемдесіп аламыз.
Біздің топта балалар,
Тату – тәтті ойнаймыз.
Дос көңілі әрқашан
Тек жақсылық ойлаймыз.

«Күлімдеген күн» ойын
Балалар, бүгінгі күннің жақсы өтуіне байланысты жақсы тілектер айтайық. Күніміз шуақты болу үшін, мына киім ілгішті біртіндеп, мына домалаққа тілек айтып ілеміз
Міне, күлімдеген күніміз дайын

Ғажайып сәт:
Есік қағылып, топқа Жалқаубек келеді.
- Сәлеметсіңдер ме балалар!
- Мен Жалқаубекпін, сендер де не болып жатыр? Қонақтар да көп екен.
Тәрбиеші:
Жалқаубек, бізге келгенің қандай жақсы болды. Кел балаларға қосыл, осылай кір қожалақ, жалқау болып жүре бересін бе?
Енді не істеймін? Менің достарым да, үйімде жоқ. Ешкім менімен дос болғысы келмейді.
Неге олай дейсің, сен бізге қосылсаң, досың да үйің де, ойыншықтарыңда барлығы болады.
(Жалқаубек шығып кетеді)
І/ұ:
Балалар, бүгін біз, Жалқаубекке көмектесейік, онымен дос болайық. Ендеше Жалқаубек келгенше, біздің балалардың дос туралы өз пікірлерін тыңдайық.
(Бейне сюжет көрсету)
Балалар ұнады ма, достық туралы айтқан пікірлер? Дос не екенін түсінген шығарсыңдар.
Кане, Жалқаубек келгенше, достық туралы
ән айтайық
Ән: «Ақпыз,қара,сарымыз.Ағайынбыз бәріміз!»
Жалқаубек, тап - таза киіммен кіреді)
- Балалар, Жалқаубек уәдесінде тұрып, жуынып, тап - таза болып келді. Енді бізде уәдемізді орындайық. Барлығымыз, мына сусын қорапшасын бір біріне жалғап,, үй құрастырайық.
(Музыка әуені қойылады)
Сергіту сәті: «Жалқаубек» әніне
- Міне, үйіміз дайын болды.
- Балалар, үйден қандай геометриялық пішіндерді көріп отырсыңдар?
- Балалар күніміз қандай пішінге ұқсайды?
- Үйдің неше қабырғасы бар?
- Уй шатыры қандай геометриялық пішінге ұқсайды?
- Үш бұрышын кім көрсетеді?

- Дұрыс кім маған 1- ден 3- ке дейін тура, кері санап береді?

Құрастырған үйдің қабырғаларында әр түрлі түстер бар. Сендер қандай түстерді білесіңдер?
Дұрыс айтасыңдар!
Міне, балалар үйіміз дайын, біз енді бұл үйді Жалқаубекке сыйға берейік, айтқан уәдемізді орыдайық, ол да бізбен бірге үй құрастыруға көмек берді.
Жарайсың, Жалқаубек!
Балалар, Жалқаубекпен дос боламыз ба?
Жалқаубек, сені бұдан былай «Білгішбек»- деп атаймыз, енді жалқау бол ма, біздің балабақшаға кел. Достарың көп болады, білімді, өнерлі боласың
Р/к
Мадақтау. Балалар сендерге рахмет, бүгін үлкен жақсылық жасадыңдар. Сонымен сендерге бүгінгі іс - әрекет ұнады ма?
Досымыз көп болу үшін қандай болуымыз керек?
Барлығыңа рахмет!








«Достығымыз нығайсын»

тәрбие сағаты







Орындаған:Садуова М.

















2023 жыл

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
11.05.2023
274
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі