Материалдар / Ашық сабақ "Достық - көмекпен мықты"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Достық - көмекпен мықты"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып тәрбие сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Маусым 2024
191
1 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Достық көмекпен мықты»

Мақсаты: Балалардың «дос», «достық» құндылықтары туралы ұл бала мен қыз бала арасындағы сыйластық, достық туралы түсініктерін қалыптастырады, өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамытып, инабаттылыққа, достыққа, сыйластыққа тәрбиеленеді. 
Сабақтың түрі: ашық тәрбие сағаты

Әдіс-тәсілдер: АКТ, жұптық-топтық әдістер, СТО әдіс-тәсілдері, 
Көрнекіліктер: Ұлы адамдардың ойлары, нақыл сөздері, дос туралы мақал - мәтелдер, интерактивті тақта, слайд, компьютер, А3 қағазы, маркерлер, үлестірме қағаздар. 
Оқыту нәтижелері: Оқушылардың достық туралы ұғымы кеңейедіту және нақтыланады. Достарға деген қарым-қатынастары қалыптасады, достықты қадірлей білуді ұғады, бір-біріне көмек көрсету және қамқор болуға үйренеді. 
Оқушы өз бетімен ізденеді және өз ойын еркін айта алады. 
Оқушының есте сақтау қабілеті жақсарып, өз эмоциясын, өзі басқара біледі. Оқушылар арасында ынтымақтастық орнайды. Өзіне де, өзгеге де сын көзбен қарай алады. Пікірталасқа қатысады. 
Сабақ барысы

Мұғалім: 

 «Доссыз өмір-тұл», « Доссыз өмір-тұссыз ас»-деп халық тегін айтпаған. Адам  ес біліп, етек жапқаннан бастап өзін түсінетін, жанына серік болатын айнымас дос іздейтіні анық. Міне бүгін, балалар, достық жайлы әңгімелеспек. Достық әлемі қызық оқиғаларға адал шынайы қарым-қатынас, асқақ адамгершілікке толы әлем.

 Біз достық әлімімен таныс болу үшін, достықты бағалай білу үшін бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды өткізіміз.

Ал, балалар, енді жолға шығуға әзірленейік. Саяхат өте ұзақ болмақ. Біз ой кемесіне мініп, толқындатып, жолда аялдамаларға тоқтап, дем алып, адасып кетпес үшін өз бағыттарымызды анықтап алғанымыз дұрыс. Біздің айналамызда ретімен достық аялдамалары орналасқан. Әр Олар бізге тапсырмалар әзірлеп қойыпты. Сол тапсырмаларды орындап, досымызды біздің ортамызға қонаққа шақырайық.

 Бірінші аялдама «Аққуды атпайды, Достықты сатпайды»

Видеоролик көрсетіледі. https://youtu.be/gH3zqZPR4EQ?si=Xy4MoGb5INmfwNcU

Енді осы сөздің сырына үңіліп көрейікші. Аққу-деген киелі құс және сұлулық символы. «Өмірде жұптарыңыз жазылмасын, көлде жүзген екі аққудай болып мәңгі өмір сүріңдер» - деп айтады. Сонда аққулар бір-бірінен айырылмайтын және бір-бірінен айырылса өмір сүре алмайтын құстар. 

Ал достықты сатпау деген не? (Сұрақ қойылды). Қиындыққа, жамандыққа қалдырмау, досы үшін өзінің басын қатерге тосу, досын құтқару - достық өлкесінің заңы болса керек.

Екінші аялдама. Достық туралы мақал-мәтелдер.

 Мақалды жалғастыр

  1. «Кемшіліксіз …. іздеген адам …. қалады».

  2. «Дұшпан …. айтады, дос….айтады».

  3. « … адам тамыры жоқ … тең»

  4. «…. жаңасы жақсы, … көнесі жақсы.».

  5. «……….ақшаң болғанша, көп досың …».

  6. «Досы көппен …. ,

Досы жоқпен   … ».

  1. «…. басқа қарайды,

аяққа қарайды».

  1. «Ақылсыз  ….ақылды дұшпан ….».

  2. « Досың мың ….,

біреу болса да көп».

  1. « …      дос болсаң,

Сасқанда ақылың айтар.

…             дос болсаң,

Топ ішінде бетің қайтар».

 

Жауаптары

  1. «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады».

  2. «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады.

  3. «Доссыз адам тамыры жоқ ағашпен тең»

  4. «Киімнің жаңасы жақсы, достың ескісі жақсы».

  5. « Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын».

  6. «Досы көппен сыйлас,

Досы жоқпен сырлас».

  1. «Дос басқа қарайды,

Дұшпан аяққа қарайды».

  1. «Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық».

  2. «Досың мың болса да-аз,

Дұшпаның біреу болса да-көп».

  1. «Білімдімен дос болсаң,

Сасқанда ақылың айтар.

Білімсізбен дос болсаң,

Топ ішінде бетің қайтар».

"Дос жоқ - ізде, бірақ таптың – ... (қамқор бол)".

"Ескі дос жаңадан жақсы ... ( екі)".

"100 рубль болма, бірақ ... (100 дос) ал".

"Ағаш деген доссыз адам ... (тамырсыз)".

"Достық – шыныдай: сындырасың – .... (жинамайсың)".

"Ақша үшін дос .....(сатып ала алмайсың)".

"Өзіңді құрт, жолдасыңды... (көмектес)".

"Дос танылады ..... (қиыншылықта)".

"Достық саңырауқұлақ емес, орманда ... (таба алмайсың)".

"Ағаштың тамыры мықты, ал адам – шырша (достар)"


Үшінші арал. «Менің сүйікті сыныбым!» фото коллаж жасау

Төртінші арал. «Ағаш жапырағымен көрікті,

Адамдар достарымен көрікті»

  1. Жақсы дос 
    Қанат конькиін аулаға қалдырды да, өзі тамағын ішуге үйге кетті. Тамағын ішіп отырып ол конькиін Маралдың теуіп жүргенін көрді. Қанат ашуланып, аулаға жүгіріп шықты. «Қазір оның сазайын тартқызамын, біреудің затын сұрамай алушы болмасын» деп ойлады. 
    Ашулы күйінде жетіп барды, тіпті жұдырығын да түйіп алған. 
    Ал Марал оны көрді де, «Танысып қой, Айдар, бұл менің ең жақсы досым Қанат» деді. Қанат ұялып қалды. Қанат неліктен ұялды? 
    2. Аңсар пен Мирас бесінші сыныпта оқиды. Екеуі бала кезден дос. Аңсар сабақтан келген соң, түскі тамағын ішіп, үйдегі жұмыстарын бітіріп, ертеңгі сабағын оқып болған соң далаға ойнауға шықты. Футбол алаңына барса, Мирас та ойна жүр екен. Олар ұзақ футбол ойнап, үйге кеш қайтты. Мирас: мен ертең сабаққа бармаймын, үй тапсырмасын орындамадым. Мені ағайға ауырып қалды дей салшы, - деп өз өтінішін Аңсарға айтты... 
    - Аңсар егер адал дос болса, қандай жауап берер еді деп ойлайсыңдар? 
    3. Қаңтардың қара суығы. Айбек екі шелекті қолына алып, өзеннен су алып келіп, қорадағы қойларды суаруға бет алды. Шелегін суға толтырып, қораға кіре берісте Айбектің аяғы тайып, құлап түсті. Су үстіне төгілді. Орнынан әрең қозғалып, үйге кірді... Айбектің тобығы шығып кетіп ауруханада көп жатты... 
    - Сендер Айбектің досы болсаңдар не істер едіңдер? 
    4. Құрбылары Жанарға балмұздақ бергенді. 
    Жанар кетті алға тез, 
    Алды-артына қарамай, 
    «Рахмет» - деп, жалғыз сөз 
    Айтуға да жарамай! 
    Сендер қалай ойлайсыңдар, осыдан кейін балалар Жанармен дос бола ма? 

Рахмет, оқушылар! «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады». Сондықтан әрқашан кешірімді болыңыздар!

Барлығыңыз орныңыздан тұрып, бір-біріңіздің қолыңыздан ұстап, алдымен өзіннің жаман қасиетінді айтасын, сосын қасындағы сыныптасың сенің жақсы қасиетінді айтады.


Менмен болуға көмектес

Бөлісуге қолдау көрсету

Өсек айту

Шындықты айту

Сенім білдіру

Қызғаныш

Атын айту

Сыйластық

Көмектесу

Бұйрық беру

Өзгелердің жетістіктеріне қуана білу

Мазақ етпе, менмен болма,

Мектепте барлығына көмектесуге тырыс.

Бекер қабағын түйме, батыл бол

Ал сіз өзіңізге достар табасыз

Қорытындылай келе, мен сізге шын дос табуды тілеймін.

.

Соңында сіздерге "Достық заңдары" атты жадынамалар сыйлағым келеді.

– Қазір сендер енді ғана дос болуды үйреніп жатырсыңдар. Ал достықтың берік болуы үшін заңдарды сақтау керек. Достықтың көптеген заңдары бар. Достықтың негізгі заңдылықтары.

1. Біреуі барлығына, бәрі біреу үшін.

2. Бір-біріңді құрметтеп, бір-біріңе көмектес.

3. Достарыңызбен бірге қуаныңыз.

4. Достарыңызды және айналаңыздағылардың барлығын ренжітпеңіз.

5. Достарыңызды қиыншылықта қалдырмаңыз, оларды ренжітпеңіз, сатқындық жасамаңыз, алдамаңыз, уәделеріңізді бұзбаңыз.

6. Достарыңызға қамқор болыңыз, өйткені досыңызды жоғалту оңай. Ескі дос жаңа екеуінен жақсы.

Кешірімді бол!

– Егер сіз осы заңдарды сақтасаңыз, сіз нағыз дос боласыз.


Рефлексия. Конструктор


Қорытынды сөз. – Балалар, осымен біздің ашық тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті. Біз бүгінгі мақсатымызға жеттік деп ойлаймын. Әрқашан достықты бағалайтын азамат болып өсулеріңді тілеймін. Қош сау болыңыздар!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!