Жамбыл облысы Сарысу
ауданы Саудакент ауылы
Балтабай Адамбаев
атындағы орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі. Алипбаева К
Сабақтың тақырыбы ׃ Достық . О.Асқар.
Сабақтың мақсаты ׃
1.Оқушыларды өлеңді түсініп, мәнерлеп оқуға үйрету, достық
ұғымының адамгершілік құндылықтары ретіндегі мәнін ашу арқылы адал
достық туралы түсініктерін кеңейту.
2.Оқушылардың өзара сыйластық, өзара түсіністік, өзара
көмек қарым- қатынастарын дамыту.
3.Оқушыларды татулыққа, достыққа және оны қадірлей білуге
тәрбиелеу.
Сабақтың типі ׃ аралас
Сабақтың әдісі ׃ эвристикалық пікірлесу,
репродуктивті, проблемалық, жекелей іздену.
Сабақтың көрнекілігі ׃ тірек
сызбалар, суреттер, мақал- мәтелдер.
Сабақтың барысы ׃
Ұйымдастыру
кезеңі.
Үй
тапсырмасын сұрау.
Үйге қандай тапсырма
берілді?
«Лұқман
хакім» мәтінін оқып, баяндау, қосымша мәлімет жинау.
Мәтінді жоспар
бойынша әңгімелету.
Қарыз сұрау.
Арамдық.
Құс пен түйіншек.
Екінші рет қарыз сұрау
Адалдық.
Байлық.
Сұрақтармен пысықтау.
Лұқман хакім жайлы жинаған
қосымша мәліметтерді әңгімелету.
Осы Лұқман сүресіндегі
майда тастар сияқты, өзіміз елемейтін, көзге көрінбейтін кіші
күнәлар немесе қателіктер кездесіп жатады.
Қызығушылықты ояту.
Олай болса мына бір
әңгімеге құлақ түрейік.
Алмас
пен Дулат тату достар еді. Екеуі сыныптас екен. Үзіліс кезі мектеп
ауласында доп ойнап жүрген Алмас байқамай ағаштың бір бұтағын
сындырып алады. Бұл уақытта күзетші осы маңда болатын, сынған
бұтақты көреді.
Бұтақты сен сындырдың ба ?-
деді.
Мен емеспін- деді Алмас
бірден.
Неге екенін оның жанында
тұрған Дулат өз- өзінен қызарып кетеді.
Күзетші одан сұрайды.
Ол
үндемеді.
-Онда кінәлі сен болдың
ғой, мойныңа алуға батылың жетпей тұр- ә?- деді күзетші
Дулат кінәлі досына бір
қарады да бұрылып жүре берді. Досын ренжітіп алған Алмас қатты
өкінді.
Осы оқиғаға баға бере
отырып, Алмастың бойында қандай қасиет табылмай қалды деп
ойлайсыңдар ?
Жаңа сабақ
Ендеше
бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы ׃
«Достық»
(О. Асқар)
-Достық дегенді қалай
түсінесіңдер және ол қандай болу керек?
«Достық»
сөзіне топтастыру.
берік
«Достық»-мақсат-мүддесі,арман-тілегі,талап талғамы
үйлесімді адамдардың қарым- қатынасы
-Автормен таныстыру
1935 ЖЫЛЫ
16 МАМЫРДА
-Өлеңді мәнерлеп оқыту
-Сөздік жұмыс жүргізу:
Хоштанады-шаттанады,
қуанады
Сауықта-
ойын-сауық
Айқындалған-анықталған
-Өлең мазмұнын сұрақтармен
пысықтау
-«Өзім үшін жазу» айдарымен
дәптермен жұмыс
-«Нағыз дос»қандай болу
керек? сұрағына жауап беру арқылы топтастыру



Бекіту
-Мақал-мәтелдермен
жұмыс
Досыңа ...... сөз айтпа
Досы көпті
......алмайды.
Ақылы көпті .....
алмайды.
3.Шын достық қиын
сәтте................
-Достық туралы өздері
білетін мақал-мәтелдер айтқызу.
Қорытынды
-«Бес жолды өлең»
құрастыру
-«Досыма тілек»эссе
жаздыру
7) Үйге тапсырма: өлеңді
жаттау,эссені аяқтау
8) Бағалау