400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Достық айнасы" 8сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты: адам өміріндегі достықтың маңызын түсіндіру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу Міндеттері: Оқушыларға «достық», «достық айнасы» ұғымдары туралы түсінік беру; - Достарымен өзара ізгі қарым-қатынаста болу, уәдеде тұру дағдыларының әдетке айналуына баулу; Адалдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы


Өзін – өзі тану сабақ жоспары


Мерзімі: 20.11.18ж Сыныбы: 8 №11 сабақ

Сабақтың тақырыбы: «Достық айнасы»

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: адалдық, риясыз сүйіспеншілік,

Пән мұғалімі: Тұрсынғазы М


Сабақтың мақсаты: адам өміріндегі достықтың маңызын түсіндіру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу Міндеттері: Оқушыларға «достық», «достық айнасы» ұғымдары туралы түсінік беру; - Достарымен өзара ізгі қарым-қатынаста болу, уәдеде тұру дағдыларының әдетке айналуына баулу; Адалдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Ресустар

өзін-өзі тану оқулығы Авторлары:

Мұратханова Р., Ізғұттынова Р.О., Алиев Б.Ш. Әдістемелік құрал

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесін сақтау: Тәртіп ,Талап, Тыныштық, Тазалық, Татулық Сабақ барысы: Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену. Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті , көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде ... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз...  Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет. 2.Үй тапсырмасын тексеру.Қыдырбек Рысбеков «Достықтың алтын жүлдесі» әңгімесінен берілген үзінді 1. Төлеуғазының жаны неге тыныштық таппады? 2. Кәрімжан нені армандаған еді? 3. Кәрімжан «КСРО чемпионы» алтын белгісін не себептен досының омырауына қадады? 4. Достық деген не, ол туралы не білесің? 5. Төлеуғазының бойынан шынайы достықтың қандай қасиеттерін байқадыңдар? 6. Шынайы достың бойында қандай қасиеттер болуы керек? 7. Өзің қиналған кезде көмектескен достарың болды ма?

Оқушының берген жауабы негізінде әртүрлі жағдайлардың себебінен , бокстан екі жылдай қол үзіп кеткен Кәрімжанның Одақ жүлдесінен «КСРО чемпионы» атағына ие болғаннан кейін, алтын белгіні шын ниетімен өзінің тілеуін тілеген досы Төлеуғазының омырауына қадап, «Мені бұл жеңіске бастаған сен. Мен емес, сен жеңдің!» деген жігіттерді қатты толқытқан бір ауыз сөзін шынайы достықтың көрінісі ретінде жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан талдап, оқушының рухани өсуіне ықпал ету.

Баяу музыка қойылады













































Үй тапсырмасын тексеру

3. Дәйексөз. Алдымен оқушыларға оқып беру. Сосын оқушыларға бірге дауыстап хормен қайталату. «Адам баласына адам баласының бәрі – дос» Абай

1. Дәйексөздің мағынасын қалай түсіндіңіздер?

Абай Құнанбаев (1845-1904)- ақын ағартушы, ойшыл, философ.

Мұғалім сыйы: «Екі дос» бейнежазбасы Сұрақтар:

  1. Бейне жазбадағы әңгіме желісінен не түсіңдіңдер?

  2. Тасқа жазу мен құмға жазудың себебі неде?

  3. егер саған досың жақсы іс жасаған болса, жақсылығын қалай бағалар едің?

Интернет желісі


  1. Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Төмендегі сұрақтарға пікірталас жүргізу.

  • Достасу неден басталады?

  • Нағыз досты қалай табуға болады?

  • Шынайы достың қандай қасиеттері болу керек?

2-тапсырма: Жағдаяттарды шешу. - Сенің ең жақын досың емтиханға дайындалып жатыр. Сен қалай көмектескен болар едің? - Өзара достықтың көрінісі ізгі, сыйлы қарым-қатынас болып табылады. Сенің адал досың бар. Досыңа лайық екеніңді қалай көрсеткен болар едің?

3-тапсырма: Даналардың ой-тұжырымдарын оқып, өз пікірлерін ортаға салу. «Шыншылдық адалдықпен ағзалас» Әл-Фараби «Дос емес дос сыртынан жамандаған» М.Дулатов «Дос таппаған ер азар, басшы бақпаған ел азар» М.Ә

..... Нағыз дос сенің басыңа түскен қасіретті бөлісіп алып, қайғыңды екі есе азайтады да, ал қуанышыңды екі есе көбей- тіп жібереді. Оның үстіне шынайы дос, сенің кемшіліктеріңді кешіріп, осалдығыңды байқамайды. Достықтың басты шарты – теңдік. Мұнда құл да, қожа да болмауы керек. Сонымен адам неге ұдайы біреумен достасқысы келіп тұрады. Шынай достық екі жағдайда қажет. Адам өз бойындағы зиянды заттарды ағза-дан сыртқа шығарып жіберуі үшін алуан түрлі дәрі-дәрмектер ішеді. Ал, адамның жан-жүрегіне жиналып қалған зіл батпан қасірет-қайғысын ол тек сенімді достары мен сырласу арқылы ған сыртқа шығарып, көптен бері арқалап жүрген ауыр жүгінен жеңілдей алады екен. Әрбір адамның мұңын шағатын, қуанышын бөлісетін кемінде бір шынайы досы болуы керектігі хақ.




6. Топпен ән айту. Жан-досым (Т.Молдағалиев)

  1. Iздегенде табылатын қасыңнан,
    Көңілі бар қызғалдақтай ашылған.
    Көрiспесек кағыныштанжүдейтiн,
    Кiмбарекенбалакүнгiдосыңнан!
    Қайырмасы:
    Жан досым, үстем болсын мерейің,
    Әрқашан жеңiсiңді көрейiн,
    Сырымызда бiтпесiн,
    Жырымызда бiтпесiн, жырымызда бiтпесiн!

  2. Қос бұтағы секiлденiп ағаштың,
    Қатар жүріп сырымызды санаштық.
    Жолтапсақтабiргежүрiпжолтаптық,
    Адассақта бiрге жүрiп адастық.

  1. Өмiр өзi арқамызға жүк салып,
    Бәрiмiздi қияларға жұмсады.
    Қатар ұшқан құска ұқсадык әлде бiз,
    Қатар жанған қос жұлдызға ұқсадық.

Музыкаға ілесе отырып орындату. Мұғалім әнді оқушылармен бірге орындайды

7. Үй тапсырмасы. Келесі сабақ «Бабалар аманаты» Зейнеп Ахметованың шығармасынан берілген үзіндіні оқып келу

Күнделіктеріне белгілеп алады.

Қорытынды. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

«Жақсы адам- магнит. Магниттің бірнеше темірді, шегені өзіне тартып алатыны сияқты, жақсы адамның да жанына жұрт көп үйіріледі. Өзің жақсы болсаң айналаңда досың көп, жаман болсаң- жалғыз жүресің, орташа болсаң- сен де бір жақсының жанын жағалайсың...Досты сырттан іздеме, жақыннан ізде, өзіңнің ішіңнен, ішкі дүниеңнен ізде. Жаның жақсы, жүрегің жылы, ақылың парасатты болса- іздеген досың алыстан үйіріліп өзі келеді» Әзілхан Нұршайықов

Көзімізді жұмып, баяу әуен толқынымен достарымызды көз алдымызға келтіре отырып, дүниедегі барлық жақсылықтарды достарымызға тілейікші.


(Баяу музыка)



Ақсу ауданы Қуат Терібаев атындағы орта мектебі

Педагог-психолог, өзін-өзі тану пәні мұғалімі

М. Тұрсынғазы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16.04.2019
2178
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі