|
Әрекет
кезеңі
|
Жаттығулар
|
Мұғалім
әрекеті
|
Оқушы
әрекеті
|
|
Мотивациялық
қозғаушы
|
Сәлемдесу
5
мин
|
Қане, балалар, бір
–бірімізге күлімдеп қарап,бір-бірімізге жақсы сөздер айтайық.
Көршіміздің есімін айтып, мен сенімен дос болғым келед,і деп
айтамыз. Мысалы: «Сәлем, Асқар, мен сенімен дос болғым келеді
!»
|
Балалар бір- біріне
күлімдеп қарап амандасады
|
|
Негізгі бөлім
ұйымдастыру-іздену
|
«Аңшы» жаттығуы
10
мин
|
Мақсаты: оқушылардың
бұлшық еттерінің босаңсуына
көмектеседі.
Бір күні аңшы аң
аулауға шығады. Бас киімін киеді, аяқ киімін киеді, қаруын
алады...
Жол бойымен жүреді
(аяқтарыңмен еденді ұрады)
Құмнан өтеді
(алақандарын уқалайды)
Көпірден өтеді
(төсін жұдырықтап ұрады)
Батпақтан өтеді (қол
шапалақтайды)
Өткелден өтеді-
(«У-ф-ф» шаршадым) Ағашқа отырып, жаң жағына қарап ағаш арасынан
аюды көріп, қорқып кейін қарай
қашады.
Балалар сендерге
аңға шығу ұнады ма? Егер балалар шаршамаса жалғастыруға
болады.
|
Оқушылар мұғалімнің
нұсқауы бойынша сөзбен қимыл- қозғалысты
қайталайды.
Оқушылар өз ойын
айтады.
|
|
«Көңілді
тіл» жаттығуы.
6
мин
|
«Көңілді тіл» ертегісі арқылы артикуляциялық
және ерін жаттығуларын
жасау. «Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде
кішкентай үйшіктің ішінде Тіл өмір сүріпті. (Балалар еріндерін
үйшік қылып көрсетеді). Арайлап таң атқанда, ұйқысынан оянып, тіл
тұрады. Есігін ашып, көзін уқалап, оңға – солға қарайды. (Сағат)
Далаға шығып, таза ауада таңғы жаттығуын жасайды (Алтыбақан).
Жаттығудан кейін Тіл таңғы асын ішеді (Тәтті шырын). Астан кейін
Тіл атпен шауып ойнайды. Тілдің көңіл- күйі өте көңілді. (Ат шауып
келеді). Содан кейін Тіл өлең айтуға кіріседі (-а; -о; -и;
-у).»
|
балалар жүргізушінің
артынан қайталайды
Балалар жауабы
тындалады
|
|
«Паровоз» жаттығуы
5мин
|
Мақсаты: Баланың
зейінің анықтауға
көмектеседі.
Өту барысы: Оқушылар
екіге бөлінеді. Жүргізуші қолын көтергенде оң жақта отырған
оқушылар қол шапалақтайды, сол жақта отырғандар алақандарын
«қайықша» жасап қол соғады. Екі қолды көтерген балалар «ту-ту!!»
деп айқайлайды. Мұнда балаларға сіз жазғы демалысқа бара жатып
жолда болған оқиғаны айтып бастауға
болады.
|
|
|
«Асқардың
қатесі» жаттығуы 5
мин
|
Мақсаты: оқушылардың зейінің
дамыту. Балалар ,менің үстелімде сөмке жатыр. Оны маған қоңырау
кезінде 1 сынып мұғалімі әкеліп берді. Оның сыныбында Асқар деген
оқушы мектепке оқуға кейбір керек емес заттарды әкеліпті. Осыны
анықтау үшін сөмкені бәріміз бірге тексерейік. Мектепке керек зат
болса сендер алақандарыңмен шапалақтаңдар, ал егер керек емес зат
болса аяқтарыңмен еденді ұрасыңдар. (Әліппе, доп, қаламсап, жұмсақ
ойыншық, дәптер, секіргіш, санау таяқшалары, математика,
түрлі-түсті қаламдар және т.б.)
|
Оқушылар заттарға зейінін
аудара отырып, қимылдарды
орындайды
|
|
Жаттығу
«Күн
шуағы
5
мин
|
Мақсаты: Қатаюдан арылу,
жылы достық қарым – қатынасты
қалыптастыру.
Нұсқау: Елестетіңдер, күн
шуақты көк шалғын алаңқайда демалып отырмыз. Күн шуағы қөздеріңе
қарайды. Көздеріңен беттеріңе қарай жылжиды. Алақандарыңмен
сипалаңдар. Ол ары қарай маңдайларыңа, мұрындарыңа, ауыздарыңа,
беттерінің ұшына, иектеріңе түсті. Одан кейін мойындарыңнан,
қолдарыңнан, денелеріңнен, арқаларыңнан сипап өтті. Күн шуағы
сендерді жылытты.
«Күн шуақты
аланқай» қызыл – сары, қош иісті,
әсем гүлдерге толы. Өздерің ұнатқан гүлді түйіп, жылы лебіздеріңді,
тілектеріңді білдіріңдер.
|
Баяу музыка
қосылады
|
|
Рефлексті-қорытындылаушы
|
Кері
байланыс
5
мин
Қорытындылау
|
Күн қандай
тамаша, Еңбек жасау оңай
. Достар менімен
бірге , Жырлаймыз ән
бірге!(Балалар сендерге не ұнады? Не
ұнамады? Өздеріңді қалай сезініп тұрсыңдар? Ал енді ,балалар
,осындай жақсы көңіл-күймен тренингімізді
аяқтаймыз.
|
Балалар
жауаптары
|