400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Достық көмек"

Материал туралы қысқаша түсінік
өзін өзі тану мектепке дейінгі бөлім тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

ДОСТЫҚ КӨМЕК

Мақсаты: «достық» ұғымы туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: балаларға «қамқорлық» ұғымының мәнін аша отырып, мейірімділік, жанашырлық, сыйластық, жомарттық қасиеттері туралы түсінік беру.

Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: қамқорлық, мейірімділік, жанашырлық, сыйластық, жомарттық. Ресурстар: суреттер, видео.

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ұйымдастырушылық

оятушылық

























  • Тыныштық сәтi.

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға бағыттаңыз. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

Балалар көздерін жұмып, нұрға бөленеді.

Ұйымдастырушылық-ізденушілік












































Рефлекстік -түзетушілік

II. Дәйексөзбен жұмыс

-Балалар, «Дос бәрінен қымбат» деген сөзді қалай түсінесіңдер? «Дос бәрінен қымбат»

-Балалар, өмірде бір-бірімізбен «Кел, дос болайық» деп дос бола салмаймыз. Достық бір-бірімізге деген адал көңілімізден, жақсы, әдепті қылықтарымыздан, өзара сыйластық пен татулықтан, көмектен бірте-бірте қалыптасады екен. –Енді, осы сөзге байланысты мына бейнетаспаны тамашалайық. «Майя» мультфильмінен үзінді

III. Әңгiмелеу (сұхбат) «Құмырсқа»

Баяғыда бір құмырсқа өз қандастарына өкпелеп, кетіп қалып, ара, қоңызбен дос болды. Жем іздеп шыққан құмырсқа жол үстінен бір дән тауып алады. Жалғыз өзі әуреленіп түк қозғалта алмады. Енді көмек сұрау үшін достарын іздеді. Гүлдің нәрін жинап жүрген араға жолығып:

-Досым, маған көмектесіп жібер, жалғыз өзімнің әлім келмей жатыр,- деп өтінді.

-Көрмей тұрсың ба? Мен де жұмыс істеп жүрмін ғой, - деп ара оған қайырылмай қойды. Енді құмырсқа қоңызға келіп, одан көмек сұрады.

-Сен үшін еңбегімді еш қыла алмаймын! – деп, қоңыз «досы» ұшып кете барды. Екі досынан күдер үзген құмырсқа мұңайып келе жатып, өзінің илеулес достарымен ұшарысты. Олар мұның жабырқаңқы түрін көріп:

-Не іздеп жүрсің?-деді. Құмырсқа өз басынан кешкенін айтты. Достары көмектесіп, дәнді бірігіп сүйрелеп алып жүрді. Ақыр соңында құмырсқа өз үйіріне қосылды.

М.Байділданов IV. Әңгімені сұрақ-жауап арқылы талқылау

V. Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс. 1тапсырма: Дәптерде берілген суреттер бойынша әңгіме құрастырып айтады. 2 тапсырма: 1-топ: «Аралар» суретті жапсыру. 2-топ: «Құмырсқа» суретті бояу. 3-топ: «Қоңыздар» бейнені мүсіндеу VI. Топпен ән айту.

«Достық»

Ренжетпе досыңды,

Мен қостаймын осыңды.

Тату ойнап әрқашан,

Көтер көңіл-қошыңды.

Ойнайық та, күлейік,

Көңілденіп жүрейік.

«Бақыт кілті» достықтың,

«Татулық» деп білейік. (2 рет) VII. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қосылады.

-Бүгінгі сабақтан үйренген жаңа сөздерімізді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтап алайық.

Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!


Балалар сұраққа жауап беруге талпынады.









Бейнетаспаны тамашалайды.



Әңгімені мұқият тыңдайды.



















Сұрақтарға жауап береді.




Балалар жұмысты топпен орындайды.



Ән айтады.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
574
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі