400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Достық көмек

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық сыныбының өзін-өзі тану пәніне арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

Тақырып: Достық көмек

Сынып: МАД

Құндылық: Дұрыс іс-әрекет

Қасиеттер: Қарым-қатынасты бұзбау, жанжалдаспау, достыққа адал болу.

Мұғалім: Әбди Айсұлу Шәйменқызы

 

Сабақ мақсаты: Достық туралы құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Зейініін, есте сақтау, ойлау, сөйлеу дамыту. Эмоциональдық көңілдерін көтеру. достық көмек туралы түсініктерін беру;өзара жағымды қарым-қатынастарын дамыту;бір-бірін сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу

1. Білімділік: балаларды достарымен жағымды қарым-қатынас жасауға үйрету;

2. Дамытушылық: жанжалдаспау қаситетін, өзара көмек беру қарым қатынастарын дамыту;

3. Тәрбиелік: татулыққа, достыққа, адал болуға тәрбиелеу.

 

Ресурстар: Әдістемелік құрал, суреттер, музыка, бейнефильм

Сабақ барысы:

Сәлемдесу

Үлкенге де-сіз,

Кішіге де-сіз, 

Сәлем беріп сіздерге

Бас иеміз бәріміз

      Ұйымдастыру кезеңi.

Топқа бөлу 5 Т ережесін еске түсіру


 Тыныштық сәтi.    Нұрға бөлену.

Балалар денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңізді түгел жұмыңыздар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаңдар, денелеріңді бос ұстап, айналадағы барлық достарың сіздерді жақсы көреді, аялап, қамқор болады. Достарыңызды естеріңізге түсіріңіздер.

Ал енді тұла бойларың жақсылыққа, махаббатқа толы болды деп есептейміз. Көзімізді ашамыз.





Өткен сабақта «Мен еңбеққор баламын» тақырыбын қайталау.

-Еңбеққор бала қандай болады екен?

-Еңбеққор бала болу үшін қандай қасиеттер болу керек екен?


Музыкалық әуен

  Дәйексөз.

 "Дос-бәрінен қымбат" 

 «Достық көмек» тақырыбында әңгімелейміз.

Досыңа көмектесу деген сөзді қалай түсіндіресіңдер.

Достарыңды ренжітіп алсаңдар, қалай татуласар едіңдер, көмек керек болса не істейсіңдер?

  Достың нағыз дос екенін қандай жағдайлардан көруге болады?

- Сендердің достарың көп пе?


- Досыңа көмекті, қамқорлықты қалай жасайсыңдар?


‒Балалар, сендерге жалғыз ойнаған немесе серуендеген ұнай ма? Ойлап көріңдерші?


Мағынасын ашу, талдау, оқушылардың ойларын тыңдау

Бейнефильм «Достық» 

Сұрақтар:

Достасудың кандай жолдары бар?

Достық деген не?



Топтық жұмыс

Сурет құрастыру (отбасылық,ұлттар арасындағы,құрбы-достар арасындағы суреттерді құрастырады)



Сергіту сәті

Көңіл-күй жаттығуы




Жүректен жүрекке

Балалар шеңбер құрайық, бір-бірімізге жүректен-жүрекке тілегімізді айтайық

-Біз доспыз, себебі бірі-бірімізге көмектесеміз.

-Біз доспыз, себебі бір топқа келеміз.

-Біз доспыз, себебі ойыншықтармен бөлісеміз.

-Біз доспыз, себебі бір балабақшаға келеміз.

-Біз доспыз, себебі далада бірге ойнаймыз.

-Біз доспыз, себебі киінуге көмектесеміз.

-Біз доспыз, себебі бірге ән, би билейміз.

-Біз доспыз, себебі мектепке бірге барамыз.


Кері байланыс

Түсінген жоқпын Түсіндім


Қорытынды

Бір шаңырақ астында бірігіп дос болу мақсатында балаларға татулық жаттығуын жүргізіп бір шаңырақ астында барлығымыз,дос тату-тәтті өмір сүрейік деп, осы жақсы сезімдеріңді жүректе сақтаңдар, достыққа берік болыңдар деп Дос туралы өлең шумағын айтқызу

Дос туралы

балаларға өлең шумағын айтқызып сабақты қортындылау


Ғажап қой мына өмірде дос дегенің,

Көбейгенін досымның қош көремін.

Көрген жанға жылы қабақ танытсам,

Әр баласын қазақтың дос көремін.


Bilimland.kz сайты















Bilimland.kz сайты


























 









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
23 қараша
807
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі