Материалдар / Ашық сабақ. Достық көмек Д д дыбысы мен әрпі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ. Достық көмек Д д дыбысы мен әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиеленушілер сөзді буынға бөліп, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтайды. Сұрақтарға жауап беріп берілген сурет бойынша əңгіме құрастыра алады. Берілген суреттерден мəліметті тауып, аттарын атайды. Сөз, сөйлем сызбасын құрып, Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазуға үйренеді. Сөйлемдердің түрін анықтайды. Суреттер мен сандар атауын үш тілде атауға үйренеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
827
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сауат ашу күні: 21.11.2017 ж.

Тақырыбы: Достық көмек

Д д дыбысы мен әрпі

Мектеп: А.С.Пушкин атындағы №6 жалпы орта мектеп

Саны: 21

Педагогтің аты жөні:

СЫНЫП:

Қатысқандар саны: 21

Қатыспағандар саны:

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары

0.1.1.2. Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтау.

0.1.3.1. Сұрақтарға жауап беріп берілген сурет бойынша əңгіме құрастыру.

0.2.1.2. Берілген суреттерден мəліметті тауып, аттарын атау.

0.3.1.1. Сөз, сөйлем сызбасын құру.

0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.

0.3.2.1. Сөйлемдердің түрін анықтайды.

Күтілетін нəтиже

Барлық тəрбиеленушілер: Сұрақтарға жауап қайтарады.

Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін ажыратады.

Д дыбысы – дауыссыз дыбыс, Д дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды.

Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі Д дыбысының орнын ажыратады.

Д əрпінің жазбаша түрін жазады.

Көпшілік тəрбиеленушілер:

Сурет бойынша сұраққа жауап беріп мазмұндайды.

Берілген суретке қарап сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, талдау жасай алады.

Д дыбысына сөз құрайды. Сөздегі дыбыс санын, ондағы Д дыбысының орнын ажыратады.

Жазу жолына əріп элементтерін жазады.

Кейбір тəрбиеленушілер:

Суретті кітаптардан қажетті ақпаратты табады.

Сөз/сөйлем сызбасын оқиды.

Д дыбысын қатыстырып, сөз/сөйлем құрастырады.

Д əрпінің баспа түрін таниды, жаза алады.

Тілдік мақсат

Тəрбиеленушілер:

Балалар шағын əңгіме құрстырады, берілген сұраққа толық жауап береді. Сөйлемдегі сөздердің санын анықтап, сөздерге дыбыстық талдау жасайды. Сөйлем түрлерін анықтайды.

Негізгі терминдермен сөз тіркестері: Бадминтон, домино,бассейн,





ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:

Пікір алмасу сұрақтары.

Суретте не болып жатыр деп ойлайсың?

Балалар қайда оқиды?

Балалар немен ойнайды?

Доптың пішіні қандай?

Бассейнде Д əрпіне ұқсап отырған бала қайсысы?

Өткен ҰОҚ-

дан алған білім


Сөз, сөйлем құрайды. Əріптердің баспа түрін жаза алады. Сұрақтарға толық жауап береді.

Жоспар


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар


І. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.

0–2мин.

II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.

3–5 мин.

Педагог балаларды шаттық шеңберіне ұрғызады.

Достық туралы əңгімелеп, балалардың қолына гүл шоқтарын ұсынып, бір-бірлеріне жақсы тілек айтқызады.

Педагог балаларға «Екі дос» ертегісін дауыстап оқып береді.

Екі достың ормандағы іс-əрекетін талқылайды. Балаларға ертегі бойынша сұрақ қояды.

Балалар сұраққа жауап беріп, ертегіні мазмұндайды.


ҰОҚ-ның ортасы

III. Тақырып бойынша жұмыс

6 – 27мин.





















INCLUDEPICTURE "https://ds04.infourok.ru/uploads/ex/054a/0007cd79-c8d4edc4/hello_html_3c081a76.gif" \* MERGEFORMATINET - Балалар мынау не?

— Мысық.

— Ол қайда жүреді?

— Ол үйде жүреді.

— Осы мысық бізге мынадай тапсырма беріпті,

біз сол тапсырманы орындайықшы.

— Дыбыс дегеніміз не?

— Әріп дегеніміз не?

— Дыбыстар нешеге бөлінеді?

— Өткен сабақта қандай дыбыс өттік?

(Ұ,Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс.

INCLUDEPICTURE "https://ds04.infourok.ru/uploads/ex/054a/0007cd79-c8d4edc4/hello_html_m774a08c4.png" \* MERGEFORMATINET - Балалар, мынау не?

— Күшік.

— Ол қайда жүреді?

— Ол үйде жүреді.

— Кімнің үйінде күшігі бар?

— Оның аты қандай?

— Осы күшік бізге мынадай тапсырма беріпті, біз сол тапсырманы орындайықшы.

1-тапсырма

Суретте не болып жатыр деп ойлайсың?

Сурет бойынша балалар сұраққа жауап беріп, əңгіме құрайды.

Балалар қайда ойнады?

Сызба бойынша үш сөзден тұратын сөйлем құрайды.

Балалар немен ойнады?

Сызба бойынша үш сөзден тұратын сөйлем құрайды.

Доптың пішіні қандай?

Мысық суреті және үш тілде атауы

Мысық, кошка, cat





















Күшік суреті және үш тілде атауы

Күшік, щенок,

puppy











Əліппе-дəптер.

Сөйлем сызбасы жазылған плакат.



Доптың суреті, слайд.

Сызба.



Сызбаға қарап екі сөзден тұратын сөйлем құрайды.

Сұраққа жауап беру кезінде Д дыбысы естілетін сөздерді ажыратады.

INCLUDEPICTURE "https://ds04.infourok.ru/uploads/ex/054a/0007cd79-c8d4edc4/hello_html_m14c83126.png" \* MERGEFORMATINET - Балалар, мынау не?

— Түлкі.

— Ол қайда жүреді?

— Ол орманда жүреді.

— Кім түлкіні көрген, біз оны қандай ертегілерден оқыдық?

— Осы түлкі бізге мынадай жұмбақ жасырыпты, біз сол жұмбақты шешпесек ол біздің тауығымызды жеп кетпекші. Біз тауықты құтқарайық.

Сол аяқ пен оң аяқпен,

Кезек оны табады.

Ол тынымсыз домалап,

Зыр жүгіре береді. (Доп)

Бір түймелі, екі желілі,

Күйдің көрігі, әннің көлігі. (Домбыра)

Доп, домбыра сөздерде бірінші қандай дыбыстан басталып тұр?

— Д дыбысынан.

— Д дыбысының баспа және жазба түрін

көрсету.

  Д - ұяң дауыссыз дыбыс.

- Д дыбысы сөздің басында, ортасында

кездеседі.

Д дыбысын айтқанда тілдің ұшы төмен түседі жəне астыңғы тістерге барып тіреледі, дауыс желбезектері дірілдейді.

INCLUDEPICTURE "http://nachalo4ka.ru/wp-content/uploads/2014/10/kuritsa-3.png" \* MERGEFORMATINET - Балалар мынау не?

- Тауық

— Біз оны қандай ертегілерден оқыдық?

Ол, Шұбар тауық ертегісінен бізге қонаққа келіпті. Өзімен бірге тапсырма ала келіпті.

2-тапсырма. Суреттегі ойын құралдарының атын айтады. Д дыбысы бар сөздер айтқызу және қол шапалақтау арқылы

буынға бөлдіру.

Дартс, доп, до – ми - но.

Сөздік жұмысы

Дартс – спорттық ойын түрі. Қабырғаға дөңгелек нысана ілінеді. Қандай да бір қашықтықтан нысанаға садақшаларды лақтырады.

Ойын құралдарының атауын түсіндіріп, ойынның қалай ойналатынын қысқаша көрсетеді. Ойын құралдарының атауын буынға бөледі.

Балалар Д дыбысына байланысты өлең оқиды

Добым, добым домалақ,

Домалатсам жоғалат.

Домбырамен күй тартып,

Қой қамадым қоралап.

INCLUDEPICTURE "https://ds04.infourok.ru/uploads/ex/054a/0007cd79-c8d4edc4/hello_html_1fe3c1e5.jpg" \* MERGEFORMATINET - Балалар, мынау не?

— Қасқыр.

— Ол қайда жүреді?

— Ол орманда жүреді.

— Біз оны қандай ертегілерден оқыдық?

— Осы қасқыр бізге мынадай тапсырма беріпті, біз сол тапсырманы орындамасақ ол біздің қоянымызды жеп кетпекші. Біз қоянды құтқарайық.

3-тапсырма. Д əрпін бейнелейміз.

Педагог балаларға түрлі пішіндер қимасын, моншақ, дәндер таратып береді.

Балалар түрлі пішіндерден, дәндерден, моншақтан Д əрпінің баспа түріне қарап отырып, əріпті бейнелейді.

Түрлі түсті моншақтарды жіпке тізіп, Д əрпін бейнелейді.

Д – ұяң дауыссыз дыбыс.

(Ұ) Сергіту сəті

Қолды жоғары көтеріп,

Демалып бір алайық.

Доп сияқты домалап,





Түлкі суреті және үш тілдде атауы

Түлкі, лиса, fox













































Тауық суреті және үш тілде атауы

Тауық, курица, hen



Əліппе-дəптер.





























Қасқыр суреті және үштілде атауы

Қасқыр, волк, wolf











Моншақтар, дәндер, қағаздар.













Үнтаспадан музыка тыңдату.



Секіріп, секіріп алайық.

Денемізді бос ұстап,

Шынығып бір алайық.

Балалар өлең жолдарын қимылмен айтады.

INCLUDEPICTURE "https://otvet.imgsmail.ru/download/0fa2c45ec7c7f2ff24203015dfd678de_i-720.jpg" \* MERGEFORMATINET - Балалар мынау не?

- Қоян

- Ол қайда жүреді?

- Ол орманда жүреді.

- Бізге қонаққа келген қоян өзінің тапсырмасын ала келіпті.

4-тапсырма. Педагог тапсырмада берілген сөздерді оқып береді. Балалар қимылды білдіретін сөздерді суретпен сəйкестендіріп, бірнеше сөйлем құрастырады. Мысалы: Айгүл келді. Нұрдаулет пен Талғат жарысты. Досжан дірілдеді. Оспан секірді. Шыңғыс шықты.

«Бассейнде Д əрпіне қай бала ұқсайды?» сұрағына жауап алады. Д əрпінде отырған бала ұқсайды.

«Демалыс күні» өлеңін оқып береді.

«О» секіріп кетті,

«Д» дір – дір етті.

Дір-дір етті сөзін қимылмен көрсетуге тапсырма береді.

Бассейінде Д әрпіне қай бала ұқсайды?

Д əрпінің баспа түрін жазу жолдарына жазады.





Қоян суреті және үш тілде атауы

Қоян, заяц, hare







Əліппе-дəптер.

















Əліппе-дəптер


IV. ҰОҚ-ның қорытындысы.

Рефлексия.

28-30 мин.

- Балалар, бүгінгі күнге дейін біз қандай

дыбыстармен таныстық?

- Дыбыстық талдау жасай аламыз ба?

- Дауысты және дауыссыз дыбыстарды өз

ұяшықтарына орналастыру.

- Өткен әріптерді үш тілде санау.

Педагог балалардың белсенділігін, үлгерім деңгейін бақылап, оқу қызметін қорытындылайды.

(Ұ,Ө) Рефлексия. Балалар өз жұмыстарын смайликтер арқылы бағалайды.

Әріптер





қызыл, көк ұяшықтар



сандар







смайликтер




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!