жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ" Достық-өмірлік нұсқа" 7-сынып
Қысқа мерзімді сабақтың жоспары
|
Сабақ:қазақ тілі |
Мектеп:№40 |
Сабақ № 27 |
|
|
Күні: 07.11.18 |
Мұғалімнің аты-жөні: Утегулова Айала Нусипбаевна |
||
|
Сынып: 7 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар |
|
|
Сабақтың тақырыбы: |
Достық-өмірлік нұсқа |
Бөлім атауы: Сүйіспеншілік пен достық |
|
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты: |
7. Т/А3.Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу. 7Ж3.7.Ж3.Жазба жұмыстарын әр түрлі формада ұсыну.Мәтін құрылымын сақтай отырып, графиктік мәтін түрінде берілген процесті сипаттап жазу. |
||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсініп, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажыратады.Жазба жұмыстарын әр түрлі формада жазады.Мәтін құрылымын сақтай отырып, графиктік мәтін түрінде берілген процесті сипаттап жазады. |
||
|
Оқушылардың басым бөлігі:Жазба жұмыстарын әртүрлі формада графиктік мәтін түрінде сипаттап жазады. |
|||
|
|
|
|
|
|
Кейбір оқушылар :Өз ойларын тез, жылдам, терең, өмірмен түрлі мысалдар келтіре отырып байланыстыра алады. |
|||
|
Тілдік мақсат |
Оқушылар:Тірек сөздердің көмегімен мәтін құрастырып, өз ойларын еркін жеткізе біледі. |
||
|
Негізгі сөздер мен тіркестер:Достық туралы мақалдар, көзқарас, факт |
|||
|
Сыныптағы диалог\ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:тақырып бойынша диалог құрастыра біледі.Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:Менің ойымша, болашақта, ғалымдардың пайымдауына, зерттеулерге сүйенсек |
|||
|
Талқылауға арналған тармақтар: Дос табу қиын, ал оны сақтау одан да қиын.Адал достық пен амал достық туралы |
|||
|
|
|||
|
Жазылым бойынша ұсыныстар:орфографиялық , орфоэпиялық заңдылықтарды ескеру |
|||
|
Бағалау критерийі |
*Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсініп, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырату. . *Жазба жұмыстарын әртүрлі формада жазу. . *Мәтін құрылымын сақтай отырып, графиктік мәтін түрінде берілген процесті сипаттап жазу. . *Диалог арқылы көзқарасын білу. |
||
|
Дескриптор |
-тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсініп, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажыратады; -жазба жұмыстарын әр түрлі формада (хат, мәтін, өлең) жазады; . -мәтін құрылымын сақтай отырып, графиктік мәтін түрінде берілген процесті сипаттап жазады. . –диалог арқылы көзқарасын дәлелдейді. |
||
|
Құндылықтарға баулу |
Құрметтеу: оқушылардың топтық және өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіре отырып, бір-біріне құрметпен қарауға шақыру; Тәрбие:Оқушы бойына сүйіспеншілік пен достық сезімін ұялату. |
||
|
Пән. байланыс |
өмірмен байланыс,АКТ, өзін-өзітану |
||
|
Әдіс –тәсілдер |
сұрақ-жауап, әңгімелеу,түсіндіру,диалогтік оқыту, топпен,жеке,жұппен жұмыс, «Жүректен-жүрекке», «Зырылдауық сұрақтар», «1 тезис,3 ләлел», «Қос диаграмма»,«Еркін тақырып» әдісі, «Түйінді идеялар» әдісі ,«Ашық микрафон», «Броундық қозғалыс» |
||
|
Алдыңғы оқу |
Достық пен сүйіспеншілік туралы біледі. |
||
|
Жоспарланатынуақыт |
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер |
Дереккөздер |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы 2минут
3минут Сабақтың ортасы 2минут 3минут 2минут
12минут
7минут
4минут
|
Ұйымдастыру кезеңі:Амандасу. «Жүректен-жүрекке»Оқушылар назарын жылы лебіздер арқылы сабаққа аударту.Осы жүрекшелер арқылы сыныпты топқа бөлу.
Оқыту ортасы бойынша саралау 1-топ:Достық тобы.Топ басшысы: Шаһназ 2-топ:Татулық тобы.Топ басшысы:Арай 3-топ:Бірлік тобы:Топ басшысы: Абылай 4-топ:Ынтымақ тобы.Топ басшысы:Нұрбану Білу:Үй тапсырмасы тексеріледі.Өткен тақырыпты пысықтау мақсатында «Зырылдауық сұрақтар» әдісі.Оқушылардың тақырыпқа қатысты білімдерін тексеру, өткен сабақты пысықтау мақсатында жорға сұрақтар қойылады.Оқушыларға достарының суретін әкелу ұсынылады. 1.Дос деп кімді атаймыз? 2.Достық дегенді қалай түсінеміз? 3.Достықтың неше түрі бар?Оларды атаңдар. Түсіну:Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын жариялау. Ой түрткі.Тыңдалымалды тапсырмасы. 1.Достық жайында айтылған шешендердің қандай сөздерін оқыдыңдар? 2. «Достық-өмірлік нұсқа» дегенді қалай түсінесіңдер? Ресурс немесе мәтін бойынша саралау.АКТ-мен жұмыс 1-тапсырма.Мәтінді мұқият тыңдап,сұрақтарға жауап бере отырып, тапсырмаларды орындау.
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.ЖЖ.3-тапсырма.Айтылым.сұрақтарға жауап бер. 1.Әйтімбет пен жанындағылар не туралы сөйлесті? 2.Достықтың қандай түрлері бар екен? 3.Амал достық деген не? 4.Достықпен сыйласатын қайсы мінездер? Қолдану.ТЖ.Қарым-қатынас формалары бойынша саралау (топтық жұмыс) 2-тапсырма. «Броундық қозғалыс» әдісі.4 топқа 4 түрлі әдіс арқылы тапсырма беріледі.Оқушылар галереяны шарлай отырып, тапсырманы орындайды. Бір-бірінікіне толықтырулар мен түзетулер енгізеді. 1-топ:«1 тезис, 3 дәлел» әдісі бойынша тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсініп, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажыратады, дәлелдейді. Факт – шындығында болған немесе бар нәрселер, яғни шындық. Көзқарас – бұл біреудің немесе бірнеше адамның пікірі, жағдайға байланысты көзқарасы. Шын немесе жалған болатын нәрселерге берілетін субьективті бағасы.
2-топ:Амал достық пен адал достықты «Қос диаграммаға» салады. Амал достық Адал достық
3-топ: «Менің достарым» тақырыбында дайындап келген суреттерімен коллаж жасайды. 4-топ: «Сен –маған,мен- саған» әдісі
Мысалы:1. «Достық»дегенді қалай түсінесіңдер? (1сұраққа жазбаша жауап береді. Келесі топқа жазбаша 1 сұрақ жазады) 3-тапсырма.Тапсырма бойынша саралау (деңгейлік тапсырмалар) «Еркін тапсырма » әдісі.Жеке жұмыс. Достық туралы хат,өлең, мәтін жазу.
Талдау.Жұппен жұмыс. Диалог негізінде саралау. «Ашық микрафон» әдісі «Дос табу қиын, ал оны сақтау одан да қиын» деген тақырыпқа жұп болып,диалог құраңдар.Ауызша.
|
Слайд маркер, стикер,
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы 2минут
1минут
2минут |
Жинақтау.Сұрақ-жауап. «Түйінді идеялар» 1.Достықтың қандай түрлері бар екен? 2.Амал достық деген не? 3.Адал достық деген не? 4.Достық туралы не білдіңдер? (Тағы да не білгілерің келеді?Оны «Шығу парағында» көрсетсеңдер болады) Кері байланыс: Оқушының дербестігі мен жауапкершілігі бойынша саралау(Сабақтың өн бойында жүріп отырады) Бағалау. Ойтарзы.11-тапсырма. «Шығу парағы» 67-бет (Оқушыларды берген жауаптары арқылы смайликтер, жүрекшелер мендостық туралы суреттер арқылы бағалау) Үйге тапсырма беру. 10-тапсырма.67-бет Сергіту сәті «Жан досым» әнін орындау |
Стикер, маркер
|
|
Қосымша ақпарат |
||
|
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға 1.Диалог жəне қолдау көрсету (Жұптық жұмыста) 2.Қарым-қатынас формалары бойынша саралау (топтық жұмыс 3.Оқушының дербестігі мен жауапкершілігі бойынша саралау (Кері байланыста) 4.Тапсырма бойынша саралау (деңгейлік тапсырмалар.Жеке жұмыс) 5. Ресурс немесе мәтін бойынша саралау (Акт тыңдалымда) Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? (Бұл бөлімде оқушылардың сабақ кезінде нені үйренгендерін бағалау үшін қолданатын əдіс- тəсілдерді жазыңыз.) «Зырылдауық сұарқтар», «Жүректен-жүрекке», «Түйінді идеялар»,«Ашық микрафон», «Еркін тапсырма», «1 тезис, 3дәлел», «Қос диаграмма» |
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Сыныптағ қауіпсіздік ережелерін ескертіп отыру. |
Тексерген: Ибраимова А.Н
|
|
Керекті құралдар
Жүрекшелер
Смайликтер
Топ аты
4 ватман
суреттер

1.«Жүректен-жүрекке»,
2.«Зырылдауық сұрақтар»,
«Түйінді идеялар»»
« «Ашық микрафон», «Еркін тапсырма», «Пікірлер пирамидасы», «1 тезис, 3дәлел, «Қос диаграмма»
Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен адам өмір сүріпті. Бір күні замандастары әңгіме-дүкен құрып отырған шақта оған:
– Осы достықтың неше түрі
болады?, - деп сауал тастаған екен. Сонда Әйтімбет:
– Достықтың екі түрі болады. Бірі – адал достық, екіншісі – амал
достық, – деп жауап қайтарыпты. Замандастары тағы
да:
– Енді осы екі достықты қалай ажыратамыз? – деп сұрапты. Әйтімбет
ойланбастан:
– Адал достық – өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа
болады, – депті.
Достық-өмір үшін ең қасиетті нәрсе.Өйткені, ешкім ешқашан дос –жарансыз өмірді қаламақ емес.Достық-адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті.Достық-өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп,өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға жәрдемдеседі.Дос-жарандардың мінезінің әртүрлі болып келуі мүмкін.Мысалы, біреуінде-қызбалық не шабандылық, екіншісінде- тұйықтық не жігерсіздік байқалса да бұлар достыққа кедергі бола алмайды.Қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі.Сатқындық,өзімшілдік,өтірікшілік достықпен сыйласпайды.Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа қатты көңіл бөледі.Достық туралы мақа-мәтел де жеткілікті 1.Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады. 2.Жосы жақсының өзі де жақсы. 3.Дүниеде адамның жалғыз қалғаны өлгені, қайғының бәрі соның басында.
Достыққа қарама-қарсы ұғым -қастық пен күншілдік.Мұндай сезімге берілгендер дос дегенді білмейді.
Дұрыс дос таңдай білу-өмірлік мақсат.Дос табу қиын, ал оны сақтау одан да қиын.Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап,берік сақтау керек.Өйткені ол нәзік өсімдік сияқты.







Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген