««Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп-гимназия
мектепке дейінгі шағын орталықпен» КММ

«Достықты қадірлей аламыз ба?»
Пән: Өзін-өзі тану
Сынып: 5 «А» сынып
Мерзімі: «20» қаңтар 2015
Мұғалім: Тайлакова А.Б.
2014-2015 оқу жылы
Пән: Өзін-өзі тану
Сынып: 5«А»
Сабақтың тақырыбы: Достықты қадірлей білеміз бе?
Сабақтың мақсаты:
-Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым-қатынасын нығайту.
-Достық деген кең әлемге саяхат жасау арқылы ,достықтың қадір-қасиетін кеңінен түсіндіру.
-Достықты қадірлей білуге тәрбиелеу,адал дос таба білуге баулу.
Пайдаланылатын көрнектілер: интерактивті тақта,нақыл сөздер
Жоспары:
-
Шаттық шеңбері.
-
Жарылкасын Даулетов.Дос туралы жыр (видео)
-
Әңгімелесу. (слайд-1)
-
Жаңа ақпарат. (слайд-2)
-
Мәтінмен жұмыс. «Достық» неден туындайды?
-
Оқушылардан « Дос » туралы ойларын сұрау.
-
«Достық» туралы аңыз әңгіме
-
«Сөйлемді аяқта» тренингі
-
Топтық жұмыс : жағдаяттарды шешу (сұрақтарға жауап алу)
-
Лев Кристиан «Біздің достықтың хикаясы» (видео)
-
Үйге тапсырма(Адал достар тақырыбына әңгіме жаз)
-
“Менің түйгенім” пікір жазу.Рефлексия
-
Жүректен жүрекке.
Сабақтың барысы:
Шаттық шеңбері. Оқушылар шеңберге тұрып, бір-біріне
мына сөздерді айтады: «Қайырлы күн аспан, қайырлы күн таң, қайырлы
күн бәрімізге!».Жақсы көңіл күймен сабақты бастайды.

Әңгімелесу. Айнымас досы бар адам – ең бақытты адам – дегенді қалай түсінесіңдер. (слайд-1)
Жаңа ақпарат (слайд-2).
“Адамдар бір-біріне адал, қалтықсыз сеніп, ортақ көзқараста болса ғана достықтары берік болады. Достық – өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі.”
Мәтінмен жұмыс
«Достық» неден туындайды?
Оқушы; Ерте заманның ойшылы және асқан шешен,ежелгі рим мемлекет қайраткері Марк Тулий Цицерон Достық өз бойына қаншама сан алуан пайдалы нәрселерді біріктірген десеңізші!Қайда барсаңыз да ,ол сізге қызмет етеді,ол барлық жерде бар,ол ешқашан да мезі қылмайды,ешқашан да орынсыз килігетін жері болмайды,ол сәттілікке жаңа сәулет береді,- дейді. Достық адамның өмірдің өзіндей сан алуан,көп қырлы қасиетті,сондықтан бірер сөзбен оның толық анықтамасын беру мүмкін емес.
Оқушы; Ал,ежелгі грек философы ғалым,ойшыл Аристотель былай деген екен: « Достық –өмір үшін ең қажетті нәрсе,өйткені ешкім ешқашанда игілікке түгел ие бола тұрсада,дос жарансыз өмірді қаламақ емес».
Мұғалім: Оқушылардан « Дос » туралы ойларын сұрау.
Дос деген кім? Слайдтан көрсету.
Тақырыпты ашу сұрақтары
Дос деген кім?
Сыр бөлісетін адам
Мені өте жақсы түсінетін адам
Сенімді адам
Қандай жағдай болмасын бірге болатын адам
Көмекке әрдайым дайын адам
Қандай адамдар досқа лайық?
Оқушы: Адамдар арасындағы достық сезімі өмірде олардың бірін-бірі қажетсінуінен,құрмет тұтынуынан,шынайы тілектестік пен өзіңдей көріп сезінуінен,бір-біріне тірек,медет болуынан,қалт –қайғысыз кезде ғана емес,әсіресе қиын қыстау күндерінде іркілместен қасынан табылудан,риясыз есепсіз жомарттықтан көрінеді.Абай атамыз армандағандай,сын сағатта «Мұнан менің қай жаным аяулы»-деп,қасыңда бірге тұрып қана алатын адам ғана досқа лайық.
Оқушы: Парсы жазушысы Кабустың әйгілі «Кабуснама» кітабында былай делінген екен: « Ей,перзентім! Мынаны білгейсің! Адамға тірісінде доссыз болмайды,Адамның доссыз болғанынан ағайынсыз болғаны жақсы.Бір данышпаннан дос пен ағайынның қайсысы жақсы? – деп сұрапты.Данышпан «Дос жақсы» -депті.Сол үшін достарыңның ісі жайында ойла,оларға сәлем сауқат жіберіп тұр және қамқор бол.Себебі,әркім өз досын жадында тұтпаса , достары да оны есінде сақтамайды,ақырында ол доссыз қалатын болады » Және халықта «Алтын берген дос емес ,ақыл берген дос» деген мақал бар
Сұрақтар:
1.Досың бар ма? Ол кім?
2. Достық шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба?
3. Достық жасқа байланысты ма?
4. Қыз бала мен ер балавның арасында достық бола ма?
5. Жақсы дос, жаман дос қандай болады?
6. Досыңыздың басына қиындық түсті не істейсіз?
7. Дос қандай болу керек?
Достық
Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бірде оның замандастары:
- Достық нешеу? – деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып:
- Достықтықтың екі түрі болады. Бірі – адал достық, екіншісі – амал достық.
«Енді оны қалай ажырата аламыз» дегендерге:
- Адал достық өмірлік нұсқа болады, амал достық өмірлік нұсқа болады, – деп жауап береді екен.
Оқушылардың пікірлері тыңдалады.
«Сөйлемді аяқта» тренингі
А) Әрбір адамға дос керек. Өйткені …
Ә) Сыйластық бар жерде …
Жағдаяттан шығу.
1. Сенің ең жақын досың өзінен кіші баланың ұялы телефонын тартып алды. Сынып жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр. Сен не айтар едің?
2. Сенің досыңды үлкен балалар күш көрсетіп соғып жатыр. Сенің оларға шамаң жетпейді. Сен не істейсің?
Мақалды жалғастыр
1. «Кемшіліксіз …. іздеген адам …. қалады».
2. «Дұшпан …. айтады, дос….айтады».
3. «Жаңылмайтын … жоқ, сүрінбейтін тұяқ …….».
4. «…. жаңасы жақсы, … көнесі жақсы.».
5. «……….ақшаң болғанша, көп досың …».
6. «Досы көппен …. ,
Досы жоқпен … ».
7. «Досы … , өзі де жақсы».
8. «…. басқа қарайды,
… аяққа қарайды».
9. «Ақылсыз ….ақылды дұшпан ….».
Жауаптары
1. «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады».
2. «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады.
3. «Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ».
4. «Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы».
5. « Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын».
6. «Досы жоқпен сырлас,
Досы көппен сыйлас».
7. «Досы жақсының-өзі де жақсы».
8. «Дос басқа қарайды,
Дұшпан аяққа қарайды».
9. «Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық».
Қорытынды:
Қиын кездерде бір-біріне көмек көрсетіңдер.
Досыңды алдамай, оған адал бол.
Досыңды қорлама.
Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл.
Досыңды барда да сына, жоқта да сына.
Досыңның кемшілігін кешіре біл.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ «Достықты қадірлей аламыз ба?»

шағым қалдыра аласыз