Бектенова Асем
Халыбековна
Казталовка ОЖББ мектебінің бастауыш сынып
мұғалімі
Батыс Қазақстан облысы, Казталов
ауданы
Пәні: әдебиеттік
оқу
Сабақтың
тақырыбы: Дәулет Қасенов «Нағыз
малшы»
Сабақтың мақсаты:
-
Оқушыларды Дәулет Қасеновтың
«Нағыз малшы» әңгімесімен таныстыра отырып, әңгімедегі негізгі ойды
ашу.
-
Оқушылардың сөйлеу тілдерін,
түсініп алу дағдысын қалыптастыру, дүниетанымдарын, оқу дағдыларын,
мәтінді бөлімдер бойынша әңгімелету, көркем шығармаларды оқуға
қызушылығын дамыту.
-
Оқушылардың еліне, жеріне
деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық сезімге, еңбек
ардагерлерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: жаңа
сабақ
Сабақтың
әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап,
топтық, СТО стратегиялары
Көрнекілігі:
интерактивті тақта, стикер,
оқулық, постер
Пәнаралық
байланыс: дүниетану, бейнелеу өнері,
қазақ тілі,музыка
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
кезеңі.
(шаттық шеңберін құру)
Әсем гүлдей сүйкімді біз
баламыз,
Алдыменен сәлем беріп
аламыз.
Озық оймен, ынта, жігер,
талаппен,
Білім нәрін бойға жинап
аламыз.
-
Балалар, біздің танысып жатқан тарау қалай аталады? (туған
жер)
-
Туған жер туралы қандай мақалдар
білесіңдер?
-
Туған жерді тағы қалай атауға болады?
(Ендеше, туған жер, Отан, атамекен тобына бөліне
қояйық).
-Рахмет, балалар. Орындарыңызға отыра
қойыңыздар.
ІІ. Үй тапсырмасын
тексеру.
- «Ахмет мерген»
әңгімелеу.
«Мен бастаймын, сен жалғастыр» әдісі
арқылы
«Туған жер
тарихы-шежіре»
Казталов-Казталов ауданындағы ауыл, аудан
орталығы. Алғаш 1928 жылы құрылған. Облыс орталығы Орал қаласынан
330 км жерде орналасқан. Жерінің аумағы-1860581 га. Тұрғыны 38,8
мың адам. Аудандағы 54 елді мекен 16 ауылдық округтерге
біріктірілген.
(слайд көрсету)
Үй
тапсырмасын бекіту
(сұрақтар
таңдау)
-
Оспан ағай кімнен көмек
сұрады?
-
Құсақтың сары аюы қандай
болады?
-
Ахмет мерген қандай адам болып
шықты?
-
Қоңыр аю қай жақтан
келді?
-
Неге Ахмет мерген аюды босатып
жіберді?
(суреттер ашылады, сюжет реті бойынша суреттерді
орналастыру)

ІІІ. Қызығушылықты
ояту.
- Балалар, суретте әріптер
жасырынып тұр. Сол әріптерді тауып, сөз жасайық. Қандай сөз
шықты?
-
Нағыз.
-
Балалар, осы сөз нені
білдіреді?
-
Мына сөздермен тіркестіріп, мағынасын түсіндіріп
беріңдерші.
(дәрігер, ұстаз, малшы)
(дәптерлерін ашып, күн жадын, тақырыпты
жазу)
ІV. Мағынаны
тану.
Дәулет Қасенов ( 1937-1967)
жылдары өмір сүрген. Қарақалпақстанның Қоңырат ауданында дүниеге
келген.1961 жылы шыққан жас ақын жазушылардың « Жас дәурен»
жинағына кірді.Дәулет Қасенов арқалы ақын, адалдық пен арды ту етіп
көтерген азамат.
«Табиғатым-тынысым»
-Қысы суық, көбіне бұлтты, бірақ қысқа. Ал жазы
ыстық және ұзақ. Ең суық айы-қаңтар. Наурыздың үшінші онкүндігінде
жылғалардан су ағып, өзен деңгейі көтеріледі. Жазық дала
болғанымен, ойдым-ойдым сорлары, жайылымы өте
мол.
(слайд көрсету)
Оқулықпен жұмыс.
1) Мәтінді бөлім бойынша
оқыту.
І. Бірінші малшы туралы
ІІ. Екінші малшы туралы
ІІІ. Үшінші малшы туралы
(іштерінен оқиды,
түсіндіреді)
(өсімдіктер, жануарлар, құстар дүниесімен
таныстыру)
2) Қосымша мәлімет беру.
(жайлау, малшылар
жөнінде)
3) «Интервью» әдісі арқылы
сұрақ қою
( Әр топ 2 сұрақтан
қояды)
-
Әңгімені тізбектей
оқыту.
-
Сөздік жұмысын жүргізу.
(ғимараттармен
таныстыру)
Сергіту сәті. Қ.Мырзалиевтің
«Қазақ осы» әнін тыңдау, билеу.
Топтық тапсырма.
«Туған жер» тобы – Бес жолды
өлең
«Отан» тобы – Мақалдар
жазу
«Атамекен» тобы – «Жайлауда»
сурет салу
(топтардың жауабын
тыңдау)
(Әйгілі адамдармен
таныстыру)
V. Ой толғаныс.
«Стикердегі 10 сауал» әдісі
арқылы

-
«Нағыз малшы» әңгімесінің
авторы
-
Дәулет Қасенов қай жерде
дүниеге келді?
-
Ерден атай неше жыл мал
бақты?
-
Ерден атай қасына кімді
ертті?
-
Бірінші кездескен малшы қандай
болды?
-
Атайдың екінші малшыға неге көңілі
толмады?
-
Қай
малшы атайдың көңілінен шықты?
-
Сөзге шорқақ деп қандай адамды
айтады?
-
Нағыз малшы қандай болу
керек?
. Бұл әңгіме біздерді неге
тәрбиелейді?
(мектеп тарихын
таныстыру)
Үйге тапсырма.
Бағалау.
Еңбек етті тамаша,
Бүгін жақсы балалар.
Қойылады оларға,
Төмендегі бағалар.
-5
-4
-3