жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ драма мад сыныптарына
Тақырыбы: «Көкөністер мен жемістер» туралы ертегі Мақсаттары: Білімділігі: ілікпе сөз бен фразаларды айтуда тыныс алуды реттеу; дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс айту, сыбырлап және қатты айту. Дамытушылығы: интонацияларды ажырата алу және оларды айту, тірі организм мен заттардың бейнелерін ым-ишара және дененің ырғақты қимылы арқылы жасау. Тәрбиелігі: өз ойын құрдастарының ортасында білдіру, басқалардың пікірін тыңдай білу, басқа кейіпкерлермен рөлдік қарым-қатынасқа түсу. Көптілділік: дәрумен – витамин – vitamin, жеміс – фрукты – fruit, көгөніс – овощ – vegetable
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы:
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы
Іздену- ұйымдастыру
Рефлексифті– коррекциялау |
Шаттық шеңбері
Кел,
балалар, қанекей
Парақтайық әліпби.
Талай
қызық күтуде,
Бәрімізді әлемде.
Жалықпа сен, жалықпа
Оқы, тоқы арманда.
Бәрін білген
балаға,
Жақын болар алыста.
-Балалар қазір жылдың қай
мезгілі? -Алдымен кітабымызды ашайық. Бұл сабақтан бізге көмекке кімдер келетін еді? -Бүгін балалар, сол Айсұлу мен Қуаныштың тапсырмаларын орындай отырып, ертегімізбен танысамыз. Алдымен бейнеленген мультфильм кейпіндегі көкөністер мен жемістерді тауып атап көрейікші. -Бұлардың адамға қандай пайдасы бар, білеміз бе? -Олар дәрумендерге бай.Көкөністер мен жемістерді көп жесек денсаулығымыз мықты болады, ауырмаймыз. -Балалар көкөністер қайда өседі? -Көкөністер тамаққа қолданылатын бақша жемістері мен көктер. Барлық көкөністер негізінен мынандай топтарға бөлінеді: тамыр жемістілер, жапырақтылар, жемістілер. Көкөністер-бағалы тағам. Адам организміне қажетті витаминдер мен минералды тұздар, ақуыздар, әртүрлі органикалық қышқылдар, эфир майы мол. Сондықтан да тамақ құрамына көкөністерді неғұрлым көп енгізіп, оларды пісірмей, сондай-ақ әртүрлі тағамдарды дайындаған кезде де пайдалану керек. -Жемістер ше? -Жеміс-жабық тұқымды өсімдіктер өнімі. Жемістер құрғақ және шырынды болып 2-ге бөлінеді. Құрамында ақуыз, май, көмірсу дәрумендері көп болғандықтан жеміс тағамға пайдаланылады. Көптеген жемістерден дәрі жасалып, бояу алынады.
-Көкөністермен
жемістердің атауын үш тілде айтайық
-Балалар енді бір сергіп алайықшы. Балалар, алдымен менің шартым бар соны орындайық. -Ол қандай шарт?
Айсұлудың1
тапсырмасы
-Білеміз
бе? -Жемістер туралы не айта аласыңдар? -Әрине, бұл туралы да біледі, балалар. Айсұлудың дауысы: -Тамаша, сендерге риза болдым, балалар. Қуаныш дауысы: -Балалар, актёр сахнада өзін қалай ұстауы керек? -Олай болса, бірге жаттығу жасайық -Керемет, балалар сендерге ризамын. Сиқырлы сандықшамды тамашалауға болады. -Алақай, күзгі сандық ашылды. Ішінде не бар екен. Қандай тамаша, өнімдер екен! Мінекей, балалар Қуаныш пен Айсұлудың жіберген өнімдері ертегіні бізге тыңдауға мүмкіндік берді.
«Көкөністер
мен жемістер дауы» ертегісі.
Қияр:
Нұршапағат
Қызанақ:Қарақат
Көктемде ерте гүлдеймін, Кешігуді білмеймін. Уылжыған өрікпін, Бау-бақшаға көрікпін.
Қарбыз:
Әбумансур
Қауын:
Дарын Иісім жұпар аңқыған, Бақшадағы шырынмын. Жеп көргендер тамсанған, Балдай тәтті қауынмын.
Анар:
Асиф
Көкөністер:-
Жиналып қаппыз бәріміз,
-Өте жақсы, балалар кітаптың келесі бетіндегі тапсырмаға назар аударайық. -Көкөністер мен жемістерге дене мүшелерін салып, мультфильм кейіпіне айналдырамыз. -Мінекей, балалар бүгінгі оқу қызметі драмадан қандай ертегімен таныстық?
-Олардың
адамға пайдасы барма екен? |
Әнге қосылып, қимылмен көрсетеді.
Күз мезгілі. 3 ай бар. Күзде күн суыта бастайды. Ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі. айнала сап сары алтындай түске енеді, Аспанды сұр бұлт басады, жаңбыр жиі жауады, күн қысқарып, түн ұзарады, үстімізге жылы киімдерімізді кие бастаймыз, егін жиналады. Көкөністер мен жемістер Айсұлу мен Қуаныш Әліппе дәптер Қызанақ, асқабақ, шалғам, пияз, шие. Көкөністерде дәрумендер мол болады Бақшада. Бақта дәрумен – витамин – vitamin, жемістер – фрукты – fruit, көгөністер – овощи – vegetable Көкөністер пайдасы туралы айтады. Жемістер пайдасы туралы айтады. Өздерін еркін ұстайды. Өз кейіпкері бейнесіне еніп, рөлдерді тамаша сомдап шығуға тырысуы керек. Ша-ша-ша, Есік алды бақша. Із-із-із, Бақшадағы сәбіз. Ет-ет-ет, Алма толы себет.
Баяу музыка қойылады
Тәрбиеші: Көкөністер бір кезде жиыла қалып дауласты.
Барлығы бірге айтады
Мақтаншақ бұршақ ортаға жүгіріп шықты.
Тәрбиеші: Ызаланғаннан қызылша қып - қызыл болып кетті.
Тәрбиеші: сөзге қырыққабат араласты.
Тәрбиеші: жеміс шырыны алмаға тіл бітті.
Тәрбиеші: Қияр үндемей тұра алмады.
Тәрбиеші: Сөзге шалқан кірісті
Тәрбиеші: бойын көтерген сәбізде өз ойын білдірді.
Тәрбиеші: алмұртта өз ойын айтуға тырысты.
Тәрбиеші: тыңдап тұрған қызанақ, шыдап тұра алмады.
Тәрбиеші: бұл кезде пияз қалай шыдасын
Тәрбиеші: Өрікке де тіл бітті.
Тәрбиеші:бұл сөздер қауын мен қарбызға ұнай қоймады
Тәрбиеші: бәрін тыңдаған анар әрі қарай сөз жалғады
Көк ала костюм киеді, Күннің көзін сүйеді. Ол не? (қарбыз) Көктемде Ақ гүлге оранады, Күзде Қолға доп боп оралады (Алма)
Қалың киімді ұнатады, Шешіндірсең жылатады. Ол не? (пияз)
Доптар жатыр желісі бар, Қабат-қабат терісі бар. (Капуста) «Көкөністер мен жемістер» туралы ертегі
Дәрумендерге бай
Әліппе дәптермен жұмыс
1. Өз жұмысына көңілі толса, көңілді бетперденің суретін бояйды. 2. Өз жұмысына көңілі толмаса, көңілсіз бетперденің суретінбояйды. |
Күтілетін нәтиже:
Қайталай алады: интонацияларды ажырата алу және оларды айту, тірі организм мен заттардың бейнелерін ым-ишара және дененің ырғақты қимылын қайталай алады. Түсінеді: өз ойын құрдастарының ортасында білдіру, басқалардың пікірін тыңдай білу, басқа кейіпкерлермен рөлдік қарым-қатынасқа түсуді түсінеді.
Қолдана алады: дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс айту, сыбырлап және қатты айтуды қолдана алады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген