400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Дүниежүзі халқының діни құрамы

Материал туралы қысқаша түсінік
дүние жүзі халықтары, негізгі 3 дінді ұстанады: олар ислам, христиан, будда
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақпарлама

Мұнайлы ауданы №10 жалпы білім беру орта мектебінің 3-Г сынып 2018-2019 оқу жылының 3-тоқсанында тәрбие сынып сағаттары өткізілді. 25- білімалушы толық қатысты. Тәрбие сынып сағаттарының мақсаты білімалушыларды жан-жақты, тәрбиелі, саналы ұрпақ қалыптастыру. 3-тоқсанда өткізілген сынып сағаттарының мақсаттары.

1.Тұмаудан сақ болайық

Сабақтың тақырыбы: «Тұмаудан сақтанайық».
1. Оқушыларға тұмау және тұмаудан сақтану туралы мағлұматтар беру;
2. Салауатты Өмір Салтын Қалыптастыру орталығының қызметкерлерімен кездесу;
3. Оқушыларға денсаулықтың ең басты байлық екенін ұғындыру, тазалық, жеке бас гигиенасы және дұрыс тамақтану туралы пайдалы кеңестер беру;
Сабақтың түрі: кездесу сабағы
Сабақтың көрнекі құралдары: интерактивті тақтадағы сызбалар («Пайдалы және пайдасыз тағамдар», «Адам денсаулығына пайдалы және зиян»), тұмауды емдеуге арналған сусын, кеспе әріптер (ТАЗАЛЫҚ), күн көзі макеті, тұмау туралы кітапшалар, буклеттер, плакаттар, «Орамал тастамақ» ойынына орамал мен сыйлық.

2. «Ата –анаңды сыйлау парыз»

Мақсаты: оқушыларға ата - ананы құрметтеу үлкен парыз екенін дәлелдеу.
Ата - ана – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата - ананың қадірі ерекше әспеттелген.
Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусәр бұлағы – Ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Сондықтан ананы ардақтамайтын халық та жоқ.



3. «Сәлемдесе білемізбе?»

Мақсаты:Халқымыздың салт – дәстүріндегі инабаттылық ережесі туралы

    түсініктерін тереңдету арқылы балаларды сәлемдесу мәдениетіне, үлкенді

сыйлауға, имандылыққа тәрбиелеу.

   Балаларды әдептілікке, кішіпейілділікке, сыпайылыққа, адамдар мен қарым -қатынас жасай білуге баулу


.

4.Ұлттық ойын туралы білемізбе?

Мақсаты : Қазақтың ұлттық ойындары асық ойнау, қол күрес, тақия тастамақ ойындары арқылы балалрға қазақтың салт – дәстүрі , әдет – ғұрпын, туған елге, жерге, өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.

Міндеттері:

  1. Балаларды қазақтың ұлттық ойындары мен таныстыра отырып ойын шартын дұрыс бұзбай ойнауға үйрету.
    2. Ойынды ойнау барысында балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін ойын кезінде саусақ қол моторикасын дамыту.
    3. Қазақтың ұлттық ойындарын ойнай білуге тәрбиелеу.








5.Шынықсаң шымыр боласың!

Мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру. Спортқа деген қызығушылығын арттыру. Спорттағы достық қарым - қатынасқа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.


6. «Ас атасы- нан»

Мақсаты: нанның адам еңбегімен келетінін, оған көп еңбек жұмсалатынын жеткізу, нанды қастерлеуге, еңбек адамын құрметтеуге баулу, сөздік қорларын арттыру 
Тағамның ең асылы — нан. Бүкіл тіршіліктің өзегі — нанды баршамыз қастерлеуге міндеттіміз. Нанның аяқастында жатқанын көргенде, оны жерге немесе қоқысқа тастаған адамның жүрегі қалай дір етпеді дейсің? Ысырапқа жол бермеуіміз қажет. Алайда, мұны көптеген құрбыларымыз ескере бермейді.



7.Тыйым сөздер!

Мақсаты: Ырым - тыйым сөздерінің мән - мағынасын түсіндіру.
Тәрбиелік мәні:
Ойшылдыққа, әдептілікке, адалдыққа, батылдыққа, әдемілікке, сезімталдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Рухани жан дүниесін дамыту.




8. «Зерде интелектуалды ойын»

Сабақтың тақырыбы: «Зерде»   ( ителектуалдық ойыны).

Сабақтың  мақсаты:

а)ойын арқылы  сыныпта алған білімдерін тереңдете  түсу;

ә)ойын арқылы ойлау,есте сақтау қабілеттерін,ой-өрістерін дамыту;

 б) білімділікке,алғырлыққа,шапшаңдылыққа тәрбиелеу.


9. «Айналайын анашым»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға көктемнің алғашқы аналар мерекесі туралы мағлұмат беру.
Міндеті: Аналар мерекесі туралы ойларын ашық айта білу. Оқушыларға салт - дәстүрі мен әдет - ғұрыптарын сақтай білуге сөздік қорын молайтып, ой - өрісін дамыту. Халқымыздың салт - дәстүрлері арқылы биязылыққа, инабаттылыққа, ана өнегесінен үлгі алуға тәрбиелеу.




10. «Еңбек түбі береке»

Сабақтың мақсаты:              

  1. Оқушыларды еңбек тәрбиесімен таныстыру            
    2. Оқушылардың ой-өрісін, сөйлеу дағдыларын қалыртастыру, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.

  2. 3. Еңбекке деген сүйіспеншілігін арттыру, жан-жақты азамат болуға тәрбиелеу.



11. «Ұлыстың ұлы күні-Наурыз»

Мақсаты:Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу

Халқымыздың ежелден желісі үзілмей жеткен көне салт - дәстүрлері мен әдет -ғұрыптары рухани, мәдени және адамгершілік дүниеміздегі қымбат қазыналарымыздың бірі Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі.


































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.03.2019
540
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі