400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Дүниежүзілік мұхит" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал 6 сынып оқушылары мен мұғалімдерге көмек болады деп ойлаймын. Ашық сабақ "Дүниежүзілік мұхит" 6 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:18.12

Сабақтың тақырыбы: Дүниежүзілік мұхит

Сабақтың мақсаттары:

А) Білімділік: Оқушыларға дүниежүзілік мұхит, материк, арал, түбек, теңіз, шығанақ, бұғаз, ұғымардарын түсіндіру.

Б) Дамытушылық: картадан мұхиттарды, теңіздерді, материктерді көрсете білу және сипаттай білуге дағдыландыру.

В) Тарбиелік: қоршаған ортаны қорғауға, таза ұстауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:

1. Сұрақ-жауап

2. Әңгіме-дәріс.

3. Топтастыру.

4. Кестемен жұмыс.

5. кескін картамен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Ауызша үйге берілген тапсырмаларды қорғау

2.”Пошта хаты” арқылы үй тапсырмасын қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Түсіну.Дәптермен, оқулықпен жұмыс.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. “Ең ерекше” сұрақтары

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылар әртүрлі фигураларды тандау арқылы бірден төрт топқа бөлінеді. Топ басшыларына бағалау парағы таратылады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Ауызша үйге берілген тапсырмаларды қорғау

Оқушылар үйге берілген тапсырмаларын топпен қорғау.
I-топ
Гидросфера дегеніміз не? Табиғатта су
қандай күйде болады? Бізден басқа планеталарда су болама?
II-топ
Гидросфера құрамы қандай? Олардың арақатынасын көрсететін шеңбер диаграмма сызыңдар.
III-топ
Дүниежүзілік су айналымы деген не? Кіші су айналымы дегеніміз не?

IV-топ
Үлкен су айналымы дегеніміз не? Судың химиялық формуласы қандай?
2.”Пошта хаты” арқылы үй тапсырмасын қорытындылау.

Ұяшықтарды таңдау арқылы пошта қаттарына жауап беру.

1

2

3

4

1. a) Cудың мұхиттан атмосфера арқылы құрлыққа, құрлықтан мұхитқа үздіксіз ауысуын не деп атайды?

b) Гидросфера қанша бөліктен тұрады?

2. a) Гидросферадағы судың 97% иеленеді?

b) Күн жүйесіндегі ең сулы планета?

3. a) Жер бетіндегі тұщы сулар қандай құбылысқа байланысты сарқылмайды?

b) Құрлық суы және атмосферадағы су буы гидросферадағы судың қанша пайызын иеленеді?

4. a) Жердің су қабығы не деп аталады?

b)Күн жүйесіндегі планеталар арасында су тек сұйық күйде кездесетін планета?

III. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі

1. Әңгіме-дәріс.

Мұхит-айналасын материктер қоршап жатқан үлкен су қоймасы.

Шұңғыма -мұхиттардың ең терең жері.

Shape2 Shape1 Жер шарының ауданы 510 млн км²

Құрлықтар мен аралдар Дүниежүзілік мұхит

149 млн км² 361 млн км²(70% немесе ¾)

2.Түсіну. Дәптермен, оқулықпен жұмыс

Жұмбақ шешу арқылы мұхиттың атын анықтап,сол мұхит туралы карточкаға жауап беру.


Жұмбақ шешу арқылы мұхиттың атын анықтау

А)Ф.Магеллан дүниежүзін айналу саяхаты кезінде алғаш рет осы мұхиттан жүзіп өткен, сол сапарында ешқандай дауылға, цунами толқындарына ұшырамағандықтан Оған қандай ат қойды? Шын мәніндеең тынышсыз, дауыл жиі болып тұратын мұхит.


В)Бұл мұхиттың атауы португалдық саяхатшы Васко да Гаманың түңғыш рет осы мұхитты жүзіп өтіп Үндістанға баруымен байланысты.


С)Мұхиттың атында айтылып турғандай бұл мұхит солтүстікте орналасқандықтан және бетін мұз басып жатқандықтан осылай аталған.


Д) Ежелгі еуропалықтар өздерінен батыста орасан зор құрлық бар деп есептеген, қиялдарынан шыққан бұл құрлықты Атлантида деп атаған және оны су астына батып кетті деп болжаған, ал Атлантида құрлығы батқан су айдыны болжам бойынша қазіргі қандай мұхит


1.Карточкаға жауап беру.

№1
1.Кестені толтырып, Атлант мұхитының географиялық орынын картадан сипаттап беріңіз.

Мұхит аты

Ауданы (км2 )

Ең терең жері (м) және оның атауы

Қай жарты шарда орналасқан

Жағалауындағы материктер






2.Кескін картаға нысандарды дұрыс орналастыру.
Мұхиттар: Пуэрто-Рико шұңғымасы, Атлант.
Теңіздер: Жерорта
Аралдар: Бермуд
Шығанақтар: Бискай, Гвиней
Бұғаздар: Гибралтар,Ла-Манш

№2
1.Кестені толтырып, Үнді мұхитының географиялық орынын картадан сипаттап беріңіз.

Мұхит аты

Ауданы (км2 )

Ең терең жері (м)

Қай жарты шарда орналасқан

Жағалауындағы материктер






2.Кескін картаға нысандарды дұрыс орналастыру.
Мұхиттар: Зонд шүңғымасы, Үнді.
Теңіздер: Араб, Қызыл.
Аралдар: Мадагаскар, Шри-Ланка.
Шығанақтар: Бенгал.
Бұғаздар: Мозамбик.


3
1.Кестені толтырып, Солтүстік мұзы мұхитының географиялық орынын картадан сипаттап беріңіз.

Мұхит аты

Ауданы (км2 )

Ең терең жері (м)

Қай жарты шарда орналасқан

Жағалауындағы материктер






2.Кескін картаға нысандарды дұрыс орналастыру.
Мұхиттар: Гренландия теңізі, Солтүстік мұзы мұхитының.
Теңіздер: Баренц, Гренландия, Кар
Аралдар: Гренландия, Девон.
Бұғаздар: Беринг.


№4

1.Кестені толтырып, Тынық мұхитының географиялық орынын картадан сипаттап беріңіз.

Мұхит аты

Ауданы (км2 )

Ең терең жері (м)

Қай жарты шарда орналасқан

Жағалауындағы материктер






2.Кескін картаға нысандарды дұрыс орналастыру.
Мұхиттар мен теңіздер: Мариан шұңғымасы, Тынық мұхиты, Охот,Жапон
Аралдар: Гавай, Филиппин
Шығанақтар: Аляска
Бұғаздар: Беринг


IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. “Ең ерекше” сұрақтары


V. Қорытындылау, бағалау.
Топ басшыларына тапсырылған бағалау парақтарын жинап алу және тақтадағы жұлдызшаларды санау арқылы әр топ қанша жұлдызша жинауына байланысты орын иелендіріп, бағалау.

Үй тапсырмасын беру кезеңі.
&36.Дүниежүзілік мұхит






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
641
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі