400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Дүниетану 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Басқа мұғалімдерге әдістемелік көмек ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дүниетану 4 сынып

Мектеп: Табантал орта мектебі

Сабақ тақырыбы: Тарихи мұражайлар не үшін қажет?



Сынып:4

Мұғалімнің есімі:Тукина Сауле Габдешовна


Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны


Сабаққа негізделген оқу мақсаты


4.3.1.2 –тарихи мұражайлардың қызметін түсіндіру;

4.3.1.3 –мұражайдың өзіндік жобасын ұсыну.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: «мұражай», «жəдігер» түсініктерінің мағынасын түсіндіреді; мұражайдың қандай түрлері барын атайды, оларға мысалдар келтіреді.

Көптеген оқушылар:

мұражайларды бір-бірімен салыстырады, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табады; жергілікті тарихи-өлкетану мұражайынан нені көруге болатынын түсіндіреді.

Кейбір оқушылар: мұражайдағы мінез-құлық ережелерін құрастырады; мұражайдың жобасын жасайды.

Бағалау критерийлері:

(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)



көрнекі тұлғалардың елімізге сіңірген еңбегі туралы әңгімелеп береді;

тарихи мұражайлардың қызметін түсіндіреді.

Тілдік мақсаттар

Тілдік дағдылар:

• қазақ халқының қалыптасу тарихын түсіндіре алады;

• түрлі дереккөздер негізінде тарихи кезеңдердегі технологиялық прогресін анықтайды;

• Қазақстанның мәдениет, ғылым, білім, экономика салаларынан жеткен жетістіктерін түсіндіреді;

• көрнекі тұлғалардың елімізге сіңірген еңбегі туралыәңгімелеп береді;

тарихи мұражайлардың қызметін түсіндіреді.

Терминология:

• Мұражай, жəдігер, қойылым, этнография сөздерінің анықтамасына мəн беру. Түсіндірме сөздік.

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

Мұражай, мұражай жəдігерлері. Экскурсия, виртуалды экскурсия, мұражай жобасы.

Диалогке/жазылымға қажетті сөйлемдер:

Өткеннен қалған мəдени мұраны сақтау үшін мұражайлар құрылады.

Мұражайдың тарихи, көркемөнер, əдеби, өлкетану, техникалық секілді түрлері болады.

Тарихи-өлкетану мұражайында сол өлкенің өткені мен қазіргісіне қатысты тарихи жəдігерлер сақталған.

Талқыланатын сұрақтар:

мұражайға жасалатын экскурсиялардың мақсаты неде?

тарихи-өлкетану мұражайынан қандай ақпараттар алуға болады?

мұражайдағы ежелгі жəдігерлер қандай мəліметтерді береді?

өз мұражайыңды құруды неден бастар едің?

Жазылым.

Өзіңнің барған мұражайың туралы оқушы дəптерінде əңгіме құрастыр (7–8 сөйлем).

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Математика, дүниетану, әдебиеттік оқу, көркем еңбек.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім

Қазақстанның біздің дәуірімізден бұрынғы уақыттан бастап қазіргі кезеңге дейінгі, қысқа хронологиясы және тарихи оқиғалары, тұлғалар, трендтер мен өзгерістердің толық контекстік хронологиясы туралы түсініктері бар.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

Психологиялық ахуал қалыптастыру. «Шаттық шеңбері» көршілеріне шаттық сыйлау.

Қима қағаздар арқылы топтарға бөлінеді.

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)


1-топ.Қазақ халқының арғы тегі

2-топ. Қазақстанның экономикадағы жетістіктері

3-топ.Қазақстанда ғылымның дамуы.Қаныш Сәтбаев.

«Бас бармақ»әдісі арқылы бір-бірін бағалау.

Оқу мақсатын таныстыру.Сұрақ:

«Өз елінің тарихын білмеген халықтың болашағы бұлыңғыр»дегенді қалай түсінеміз?

Балалар, қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабағымызда қандай тақырыпты қозғайтын боламыз? Ендеше біз сендермен мынадай бейнематериал көреміз.

(Көне қалалар,археологиялық қазбалар туралы)


(Ж, Ұ) Сабағымыздың мақсаттарын анықтайық. Сабақтың мақсаттары:

– тарихи мұражайлардың қызметін түсіндіру;

– мұражайдың өзіндік жобасын ұсыну.

Бүгінгі сабақта алатын ақпараттарды іс жүзінде қалай қолданамыз? Осы сұраққа сабақ соңында жауап береміз.

Оқушыларды топтарға бөлуге арналған сөздер жазылған қима қағаздар




Ежелгі қалалар туралы бейнематериал


(жұлдызшалар тарату)



Ортасы

(Ж, Ұ) Балалар, тарихта болған оқиғалар туралы ақпарат алу үшін, көркемөнер туындыларын көзбен көру үшін адамдар қайда барады, қалай ойлайсыңдар? Иə, дұрыс, мұражайға барады. Мұражайды орыс тілінде «музей» деп атайды.

. Араларыңда мұражайда болғандар бар ма?


Мұражайлар өткен заманның мәдени мұраларын сақтау үшін құрылады. Мұражайлар әртүрлі болады: тарихи, көркем, әдеби, өлке-танымдық, техникалық және басқалары. Мұражайға бару арқылы сен өлкенің тарихи, табиғи және мәдени дамуымен танысасың. Келушілер тамашалау үшін қойылған әртүрлі заттарды – экспонаттарды көресің. Олар – тас шапқы, жебе мен найзаның ұштары тәрізді көне замандардан қалған археологиялық қазба заттары болуы мүмкін. Экспонаттардың арасынан өнер және қолөнер туындылары, халықтың тұрмысы мен мәдениетінен қалған құралдар да кездеседі. Жазба құжаттары мен сирек кітаптар осы өңірде болған оқиғалар туралы баяндайды. Сен әйгілі жерлестеріңнің өміріне қатысты естелік заттарды көресің. Туған өлкеңнің бүгінде қалай дамып жатқанын білесің.

Әр бұйым бізге өткен өмірді өзінше «сипаттайды». Мұражайдағы экспонаттарды өте мұқият қарау керек. Сонда саған көне амандардың құпиялары мен тарихтың жұмбақтары ашылады. Міне бұлар ежелгі экспонаттар: – моншақтар;

– қоладан жасалған айна.

Кез келген мұражай бұйымдардың шағын топтамасынан басталады. Үйде, мектепте, ауылда, қалада мұражай ашуға болады.

Сызбамен жұмыс.

Сызбаға қарап отырып, өлкетану мұражайынан қандай ақпараттар алуға болатынын айтыңдар.

Сөздік жұмысы.

Мұражай – тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мəдени құндылықтарды жəне т.б. мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме.

Экспонат-мұражайға,көрмеге қойылатын зат,жәдігер.

Экспозиция-тарихи және мәдени жәдігерлер көрмесі.

Этнография-этностардың шығу тегін,құрамын,мекенін,рухани мәдениетін зерттейтін ғылым.

Электронды қосымшадан «Тарихи мұражайлар не үшін қажет?» деген бейнематериалды қарау.

«Галереяға саяхат»әдісі бойынша топтық жұмыс.(тарихи мұражайлар қызметін түсіндіру, мұражай жобасына қатысты өзіне ұнайтын тақырыпты ұсына алады)

Топтар бір-бірін «Бас бармақ»арқылы бағалайды.

Сергіту сәті.

Жұптық жұмыс.Екі-екіден отырып, мұражайдағы мінез-құлық ережелерін құрастырыңдар.

Қалыптастырушы бағалау.

Дәптерге тапсырма орындау.

Белсенді оқу тапсырмала

ры.


Ежелгі қалалар туралы бейнематериал




Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.













Оқулық 50-бет сызба.



Электронды қосымшадан бейнематериал қарау.

Жұлдызшалар беру.

Аяқталуы


Топтық жұмыс(бекіту).»Фэшбоун»немесе «Балық қаңқасы» әдісі арқылы тақырыпты бекіту.




Топтар бір-біріне сұрақтар қояды.Қарсы топ жауап береді.

Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

Кері байланыс.«Екі жұлдыз ,бір тілек» әдісі арқылы бір-бірін бағалайды.

кері байланыс орнату.


Қосымша ақпарат

Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?

Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары арқылы әр оқушының білім деңгейін тексеру.


Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз?

Оқушылар өздерін ,бірін –бірі әр түрлі әдістер арқылы бағалайды. «Екі жұлдыз,бір тілек», «Басбармақ», «Үш шапалақ»әдістері.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

«Балық қаңқасы» әдісі арқылы топтар қарама-қарсы сұрақтар қойып сабақты бекітеді.

































Табантал орта мектебі













Пәні :Дүниетану

Тақырыбы:

Тарихи мұражайлар не үшін қажет?





Сыныбы:4

Өткізген :Тукина Сауле Габдешовна













2020 жыл

Табантал орта мектебі













Пәні :Қазақ тілі

Тақырыбы:

Көмектес септік

Сыныбы:4

Өткізген :Тукина Сауле Габдешовна





















2020 жыл



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 ақпан
757
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі