Материалдар / Ашық сабақ Дүниетану 4 сынып Тақырыбы: "Су қоймасы өсімдіктері мен жануарлары"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Дүниетану 4 сынып Тақырыбы: "Су қоймасы өсімдіктері мен жануарлары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал әрине бастауыш сынып мұғалімдері үшін қажетті деп ойлаймын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қазан 2018
745
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ

Су қоймасы өсімдіктері мен жануарлары

Сынып: 4 «а»



МАҚСАТЫ

Мәтіннің мазмұнын жүйелі түрде әңгімелеуді үйренеді.

Мәтіннің идеясынан өзіндік ой қорытуды үйренеді,сөйлеу дағдысы жетіледі.

Білімін жүйелі пайдаланып үйренеді.Су қоймасындағы тіршілік жағдайлары,өсімдіктер мен жануарлардың алуан түрлілігі,су ішіндегі «мекен жайы» туралы түсінік алады


КҮТІЛЕТІН

НӘТИЖЕ

Оқушылар шығармашылық қабілеттері дамиды, өз көзқарастарын еркін білдіреді, оқу үрдісінде жаңа оқыту әдістерін меңгереді, қазіргі жаңа талаптарға сай білімі қалыптасады.

ӘДІС-ТӘСІЛДЕР

Топтық жұмыс,жұптық жұмыс, сұрақ-жауап,тест тапсырмасы, блум таксономиясы,суреттермен жұмыс т.б.


ҚОЛДАНЫЛАТЫН МОДУЛЬДЕР


сыни тұрғыдан ойлау, оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау, білім алудағы көшбасшылық.

РЕСУРСТАР

Стикерлер, суреттер,тест парақшалары, ақ қағаздар т.б.

САБАҚТЫҢ ТҮРІ

Жаңа сабақ



САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады. (1 мин)

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

Оқушылармен амандасу,түгендеу

Сабаққа деген ынталарын байқау, бағыттау.

Өткен сабақты пысықтау:Жануарлардың мекен ортасына бейімділігі


кезең


уақыт


Мұғалімнің іс-әрекеті


Оқушының іс -әрекеті



Бағалау

Ресурстар жабдықтар,сы-

ныптағы жағдай

БІЛУ

5 мин













1 мин

Интербелсенді тақтадан бейнежазба көрсетемін.(1 слайд)

«Қоқыс» жинау әдісі

Қоқыстан тазарта отырып өткен сабақты пысықтау

-Орман –тоғай өсімдіктерін ата.

-Қандай шөптерді емдік шөптер деп атайды?

-Қайыңды,қарағайлы ормандардың бір-бірінен ерекшелігі қандай?

- Ормансыз тіршілік ете алмайтын жануарлар туралы айт?

-Орман-тоғай жануарлары неге алуан түрлі болады деп ойлайсың?

-Қайыңды,қарағайлы ормандардың бір-бірінен ерекшеліктері қандай?

-Орманнан қандай заттар алынады?

-Орман-тоғайдың адам өмірі үшін қандай маңызы бар?

Интербелсенді тақтадан бейнежазба көрсетемін...

«Болжау» әдісі
Әрине мұның бәрі бүгінгі сабағымызға байланыстыма , қалай ойлайсыңдар бүгінгі сабағымыз не туралы болмақ.

Тағы бір бейне жазбаға назар аударайық . (2 слайд)

Өз білімімізді ортаға сала отырып, жануарлар маңызы туралы білімімізді толықтырамыз, сынап көреміз.
- Өз-өзімізді бағалаймыз.


Сынып үш топқа бөлінеді «мозайка» әдісі бойынша

1 Адамдар

2Өсімдіктер

3.Жануарлар

Еске түсіреді, сұрақтарға жауап береді




Оқушылар өз болжауларын айта отырып, жаңа сабақ тақырыбын табады.

Формативтік бағалау болады.

Тыңдайды,

ойланады.

ТҮСІНУ

8 мин













8

мин














«Миды ояту» әдісі

«Су қоймасы» дегенді қалай түсінеміз?

-Бүгін біз осы тақырыптан не білетін боламыз?

Үш топтың пікірлерін тыңдаймыз.

«Топтық жұмыс» Топтай біл”







Суреттермен жұмыс:

2- тапсырма. Үлестірілген суреттер арасынан мәтіннің  мазмұнына байланысты суреттерді таңдап алып желімдеп, баяндандар.  Постермен жұмыс

2- тапсырма.  Кластер сызбасын жасаңдар.Жануар-Адам-Өсімдік,байланысты түсіндіріндер.

2 -тапсырма.Суреттерден жыртқыш жануарларды топтастыру





Әр топ оқушылары өздеріне берілген тапсырманы топтаса отырып орындайды.Әр топ бір бірін «бағдаршам» әдісімен бағалап отырады.


Формативтік бағалау болады.

Мәтінмен жұмыс жасайды, тілдері дамиды.Суреттер,

плакат

ҚОЛДАНУ

3-4 мин

Қадағалайды, ынтымақтастырады,

Адамдар,жануарлар,өсімдіктер арасындағы байланысты анықтау

Мәтінмен жұмыс

«Топтас,ойлан,пікірлес» әдісі

1 топ: жануарларды мекен ортасына қарай топтастыру

2 топ:: жануарлар тобы туралы мәлімет беру

3 топ: «жануар» сөзіне бес жолды өлең құрастырады









Балалар топпен жұмыс жасайды.


Мұғалімнің ынталан-

дыру бағасы формативтік бағалау болады.

Тақырып бойынша дұрыс сөйлеуге үйренеді,

Тіл байлығы дамиды


1-2 мин

СЕРГІТУ СӘТІ

Қол ұстасып бәріміз
Жылылықты сезейік.
Күндей болып әрқашан
Күлімсіреп жүрейік !




ТАЛДАУ

5 мин

Жұптық жұмыс: (4 слайд)

Тест сұрақтары.

1/Суқоймада кездесетін өсімдік?
а/ тұңғиық
б/қайың
с/емен
2. Суқоймада кезедесетін жәндік
а/сүңгуір қоңыз
б/ көбелек
с/ ара
3. Суқоймаларда кездесетін құс
а/ көгершін
б/ бүркіт
с/ қоқиқаз
4. Суқоймада тағы да қандай өсімдік кездеседі?
а/ шие
б/ құрақ, қоға
с/ терек
Дұрыс жауаптары:

1. А

2. А

3. С

4. Б


(Әр дұрыс жауап 1 ұпайға бағаланады)




Жануарлар әлеміне байланысты берілген тест тапсырмаларын шешеді.бір бірлерінің жұмыстарын тексереді,баға

лайды


Мұғалімнің ынталан

дыру бағасы формативтік бағалау болады.

Жасырын жәйттерді ашады; ойдың өрбуінен қателер мен олқылықтарды айқындайды;

ЖИНАҚТАУ

4 мин


«Бірге ойлаймыз» әдісі

1 – топ: Адамдардың қателіктерін

2-топ : Жануарлардың зиянды жақтарын

3-топ: Өсімдіктердің зиянды жақтарын





Әр топ оқушылар өз жұмыстарын айтады, дәлелдейді.Бір-бірінің жұмыстарын талдайды,өз пікірлерін айтып отырады

Мұғалімнің ынталандыру бағасы формативтік бағалау болады. .

өзіндік жоспарын ұсынады; Қандай да болмасын проблеманы шешу үшін өз білімдерін шығармашылықпен қолданады.


БАҒАЛАУ

2 мин


Бағалайды, қорытынды жасайды

Үйге тапсырма: «Менің сүйікті жануарым» тақырыбына эссе жазу.

Қорытынды.

«Көңіл күй таразысы»

Сабақтан алған әсерін парақшаға жазып,жапсырады.


Табиғат Ана, Құшағын саялайық,

Қорғау үшін күш-жігер аямайық,

Ол болмаса, сен жоқсың, осыны ұқ!

Балалар!Табиғатты аялайық!



Өзін-өзі бағалау
Оқушылар сабақ бойына жинаған фигураларын санап, ортақ “5”, “4”, “3-ке” айналдырады.

Мұғалімнің ынталан-

дыру бағасы формативтік бағалау болады.










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!