жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Дүниетану "Менің отбасым" 1-сынып
|
Пән: дүниетану |
Мектеп: Әл-Фараби атындағы ШЖЖОМ |
||||
|
Күні:11.11.2016 ж |
Мұғалімнің аты-жөні: Сексенбаева Г |
||||
|
Сынып: 1 |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
||||
|
Сабақ тақырыбы |
Менің отбасым |
||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.1.1.1 Түрлі дереккөздерді зерттей отырып, «Отбасы» ұғымын түсіну және мәнін түсіндіру 1.1.1.2 Отбасындағы өзге мүшелерге қатысты өзінің туыстық байланыстар жүйесіндегі орнын анықтау 1.1.1.3 Отбасы мүшелерінің арасындағы қамқор қарым-қатынастың маңызын түсіндіріп, мысалдар келтіру |
||||
|
Барлық оқушы орындай алады:«Отбасы» тақырыбының әлеуметтік мәселелерін қарастыруды, ұлттық дәстүрлер мен мерекелерді суреттеуді, «отбасылық шежіре», «отбасылық дәстүр» сөздерінің мағынасын түсінуді үйренеді; Оқушылардың көпшілігі орындай алады: дағдылы және мереке күндерінің айырмашылығын түсіндіре біледі; Кейбір оқушылар орындай алады:алған блімді тәжірибеде қолдана алады. |
|||||
|
Бағалау критерийлері |
1.Дереккөздер негізінде «отбасы» ұғымын сипаттайды . 2.«Отбасы» ұғымының мағынасын анықтайды. |
||||
|
Дискриптор |
- өлеңге сәйкес келетін суреттің нөмірін көрсетеді; - дереккөздерге сүйеніп «отбасы» ұғымын сипаттайды. - сұрақтардың жауаптарын дұрыс анықтайды. |
||||
|
Тілдік мақсат |
Оқушылар орындай алады: Оқушылар «ана», «әке», «әже», «ата», «аға», «іні», «әпке», «сіңілі» сөздерін үш тілде айта алады. |
||||
|
Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: отбасы – cемья – family; отбасылық шежіре – родословная – geneology; отбасылық дәстүрлер – семейные традиции – family traditions. |
|||||
|
Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі: |
|||||
|
Талқылауға арналған сұрақтар: Суретте кімдер бейнеленген? Бұл адамдарды не біріктіреді? Қандай ұлттық дәстүрлерді білесің? Олар қалай аталады? |
|||||
|
Неліктен әулет шежіресі деп аталады деп ойлайсың? |
|||||
|
Алдыңғы оқу: |
Адам өміріндегі ең қымбат жандар- отбасы мүшелері екенін біледі. |
||||
|
Жоспар |
|||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
|
Ресурстар |
|||
|
Сабақтың басы |
«Түймедақ» ойыны: Түймедақтың ортасына «отбасы» сөзін жазып қою. Оқушылар әр жапыраққа осы сөзге қатысты сөздерді жазады. «Отбасы» тақырыбына әңгіме өткізу. Сұрақтар қою: «Отбасының басқа адамдар тобынан айырмашылығы неде? Біздің сыныбымызды отбасы деп атауға болады ма?» Кел, талқылайық!
Отбасы – ең жақын және туыс адамдар.Әр отбасында жақсы қарым-қатынас болуы өте маңызды. Отбасы мүшелерінОтбасылықдәстүрлербіріктіреді. Менің отбасым. Оқушылардан өз отбасы,отбасындағы адамдардың қарым-қатынасы туралы айтуын сұрау. «Қонақжайлылық» ойыны. Сынып оқушыларын 3-4 топқа бөлу. Әр топ өзара әже, ата, ана, әке, балалар, қонақтар рөлдерін бөліседі. Рөлдерді бөліскеннен кейін ойын өткізіледі және оны талқылайды. Әр топтың жақсы жақтарын айту: үлкендерге, қонақтарға құрмет көрсете алды ма, отбасы мүшелеріне назар аударды ма? Дәстүрлер. Оқушылардан өздеріне таныссуретті таңдауын сұрау («Шашу», «Бата», «Тұсау кесу» және т.б.). Оқушылар өз өмірлерінде болған оқиғаларды әңгімелейді. Бұл дәстүрлердің қайсысын көргенін айтады. «Отбасылық шежіре» сөзінің мағынасын оқушылармен бірге ашу. Оқушылардың назарын ағаштың суретіне аудару. «Шежірені неліктен ағашпен салыстырады?» деген сұрақ бойынша оқушылардың ойларын білу. Сен білесің бе? Оқушылардың пікірін сұрау.Адамның өмірі, азамат ретінде қалыптасуы отбасынан басталатыны туралы түсінік беру. Отбасы мәселелеріне көңіл бөлу үшін Халықаралық отбасы күні құрылды. Отбасы күні Қазақстанда да аталып өтіледі. Анықта. Бұл тапсырманы үйде орындауға беру.Оқушылар үшін өз ата-аналарының балалық шағы туралы білу қызықты болады. Олар өздері жүргізген бақылау нәтижелерін сурет арқылы берсе де болады. Қабілеті жоғары оқушылар суреттерінде ата-аналарының бала кездерінде үлкендерге қалай көмектескенін, қандай ойындарды ойнағанын және қазіргі кезде оқушылардың өздері қандай ойындарды ойнайтынын көрсетеді. Орындап көр. Оқушыларға ашықхат жасау үшінүлгілер таратып беру. Өз жақын туыстарына тілек жазуды сұрау. Ашықхаттың арғы бетіне үй мекенжайын жазсын. Бұл келесі сабаққа арнап алдын ала берілген тапсырма болады. «Отбасылық шежіреге» туыстарыңның суреттерін желімде.
|
Түймедақ суреті, рөлдік ойынға арналған үлестірме парақшалар, шежіре ағашы бейнеленген плакат, ашықхат жасауға арналған үлгілер, түрлі-түсті қағаз, желім. |
|||
|
Сабақтың ортасы |
|
|
|||
|
Сабақтың соңы |
1-тапсырма: Өлеңді мұқият тыңдаңыз. Отбасы – ол ата-ана, Отбасы – ол балалар. Отбасы – ол туыстар, Отбасы үлкен шаңырақ. Өлеңге қатысты суретті тауып, белгілеңіз. «Отбасы» дегенді қалай түсінесіз? Жұпта ой бөлісіңіз.
|
|
|||
|
Қосымша мәліметтер |
|||||
|
Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
2-тапсырма:Берілген сұрақтардың дұрыс жауабын анықтаңыз және белгілеңіз. 1) Отбасы мүшелеріне кімдер жатады? А) жиен, нағашы, құда В) әке, ана, бауыр С) дос, аға, әпке D) көрші, ата, әже 2) «Отағасы» деп кімді атайды? А) анасын В) әкесін С) ағасын D) інісін 3) Отбасының ең үлкен байлығы: А) бала В) ақша С) үй D) машина |
Өнер. Оқушыларға өз отбасына қатысы бар заттардың суретін салуды ұсыну. Олар күннің, кемпірқосақтың, ағаштың, үйдің және т.б. суретін салады. Әр суретке атау беруге болады. Мысалы, «Анам, әкем және мен – тату-тәтті отбасымыз» АКТ. Қабілетті оқушыларға өз отбасы туралы шағын таныстырылым жасау. онда отбасы мүшелерінің суреттерін орналастыру. Оқушылар суретке өз шежіре ағашын сала алады. |
|||
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?Жеткізбесе неліктен? |
Геометриялық фигуралар арқылы бағалау.
|
||||
|
Жалпы баға Сабақта жақсы өткен екі аспекті (оқыту туралы да,оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау. 2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да,оқу туралы да ойланыңыз )? 1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу. 2: Рефлексия. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ? |
|||||




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген