Күні:
18.04.2016
Сыныбы:
4
Пәні:
дүниетану
Сабақтың
тақырыбы:
Отан
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік:
Оқушылардың бойында патриоттық сезімдерді
ұялату, өз Отанын, елін сүюге, мемлекеттік
рәміздерін қастерлеуге, мемлекеттік
тілін құрметтеуге, өз ұлтын жанындай
сүйетін саналы, білімді, іскер азамат
қалыптастыру.
Дамытушылық:
Туған
елі, Отаны туралы оқушының сөйлеу
дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын
молайту, есте сақтау қабілетін
дамыту;
Тәрбиелік:
Балалардың жеке басындағы патриоттық
сезімді, отансүйгіштік қасиеттерді
қалыптастыру;
Сабақтың
түрі:
аралас
Әдісі:
сұрақ-жауап, түсіндіру, ой қозғау
Көрнекілігі:
Қазақстан картасы, суреттер, буклет,
плакаттар, үлестірмелі қағаздар
Сабақтың
барысы:
І.
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар
назарын сабаққа аудару
Балалар
бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын мен
сендерді шаттық шеңберіне шақырамын.
Мен
қандаймын тренингі (өз атының әрпінен
басталатын сын есім айту)
Балалар
олай болса барлығымыз алақанымызды
үйкелейікші, жылуды сезініп жатырықпа?
Олай
болса бар жылуымызды бойымызға жинап
сабағымызды бастайық.
Сабақты
бастамас бұрын бағалау
туралы айтып кетейік. Мен сендерді
қазақстан қалаларының суреттері арқылы
бағалаймын.
ІІ.
Үй тапсырмасын тексеру
Ауыл
байлығы тақырыбын қорытындылау
Қазақстан
суретін жинау арқылы үй тапсырмасын
тексеру. Суретті тақтаға ілу.
1.Неліктен
әр адамға өз туған жері ыстық?
2.
Ауыл адамдары қандай жұмыс түрлерімен
айналысады?
3.
Ауылдағы мәдени-тұрмыстық құрылыстарға
не жатады? (кітапхана аурухана, дәріхана,
мәдениет сарайы)
4.
Еңбектің қандай түрін ұнатасың?
5.
Ауыл балалары мен қала балаларының
айырмашылығы қандай?
6.
Ауыл сөзін қалай түсінесің?
7.
Өз ауылыңды қалай сипаттай аласың?
ІІІ.
Жаңа тақырыпты игеруге дайындық
Отан
сенің ата-анаң,
Отан
досың- бауырың.
Отан
өлкен- астанаң,
Отан
аудан-ауылың
Отан
деген атамекен
Отан деген туған
жер.
Отан ана, Отан үлкен
Қазақстан
туған ел.
Сонымен
балалар бұл тақпақта не туралы айтылған?
Кім түсінді? Дұрыс айтасыңдар бұл өлеңде
Отан туралы айтылған. Олай болса біздің
бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Отан
Біздің
мақсатымыз: Отан туралы бар білетінімізді
тиянақтап, қорытындылаймыз.
Әр
азамат өзінің туған жерін, елінің
тарихын, мәдениетін біліп өсуі керек.
-
Сонымен, балалар, «Отан» деген сөзді
қалай түсінесіңдер?
-
«Отан» деген сөзге қандай басқа мағыналас
сөздерді білесіңдер?
-
Біздің Отанымыз қай мемлекет және ол
қандай?
-
Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады?
-
Қазақстанның мемлекеттік тілі қай
тіл?
(Оқушылардың
жауаптары тыңдалады)
Жарайсыңдар,
дұрыс жауап бердіңдер?
IV.
Жаңа сабақ
Балалар
олай болса, кітабымызды дәптерімізді
ашамыз бүгінгі күнді сабағымыздың
тақырыбын жазамыз. Отан дегеніміз – әр
адамның туып өскен жері, туған туыстарымен,
жақындарымен бірге тұратын атамекені.
Отан – белгілі бір адам үшін оның өзінің
елі ғасырлар бойы ғұмыр кешіп және солай
болып қалуы үшін, жанын пида қылып келе
жатқан байтақ өңір, өлке ғана емес, туған
шаңырағы, ата - ана, бала-шағасы, жар
қосағы, дос - жаран, ағайын - туысы,
солармен бірге жалғаннан көретін қызығы
мен бақытының тұрағы, кейін ұрпақтарына
рухы жар болып жататын топырағы.
Оқулықпен
жұмыс
Семантикалық
карта
Жылы
|
Болған
күні
|
Қандай
оқиға болды?
|
1991
|
|
|
1992
|
|
|
1993
|
|
|
V.
Сергіту сәті
Жаңбыр
ойыны
Дәптермен
жұмыс
Синквейн
әдісі
Отан
сөзіне бес жолды өлең
Отан
Үлкен,
қымбат
Қорғайды,
дамиды, оқытады
Отан
оттан да ыстық
Ел
VI.
Сабақты бекіту
1.
Мақал-мәтелдер құрастыру (сурет арқылы)
1.Отан
отбасынан басталады.
2. Отансыз –
адам, ормансыз – бұлбұл.
3. Отан оттан
да ыстық.
4. Отан үшін отқа түс күймейсің,
Арың
алсаң өлмейсің
2.Көп
нүктенің орнына тиісті жалғауларды
қойып, көшіріп жазыңдар.
Менің
туған жерім Отаным – ____________. Қазақстан
- _____________ұлтты мемлекет.
Қазақстанның
астанасы – жаңа қала ____________. Қазақстанның
тұңғыш Президенті –
_____________________________________
3.
Қазақстанда қай қалалардан қандай
өнімдер шығатынын білу үшін кестені
толтырамыз
Қостанай
|
|
Қызылорда
|
|
Шымкент
|
|
Қарағанды
|
|
Арқалық
|
|
Ақтау
|
|
4.
Жұптық жұмыс
постер қорғау
Мен
сендерге парақ беремін сол параққа
қасымыздағы көршімізбен бірігіп,
Менің
Отаным Қазақстан тақырыбында өз білімізді
қорытындылап, қорғаймыз
Тест
жұмыстары.
1.
«Отан» дегеніміз не?
а)
адамның туып - өскен жері
ә)
ұнайтын мемлекет.
2.
ҚР жер көлемі қандай?
а)
ұлан байтақ
ә)
кішкентай
3.
ҚР тәуелсіздігін қашан жариялады?
а)
1990ж. "
ә)
1991 ж.
4.
ҚР рәміздерінің қатарын көрсет.
а)
қазақ тілі, барыс, президенттің жолдауы
ә)
ту, елтаңба, әнұран.
5.
Мақалды аяқта:
Отансыз
адам -...
а)
ормансыз бұлбұл
ә)
сусыз гүл
Үйге
тапсырма:
Менің елім тақырыбына эссе жазу
Рефлекция:
Жетістік ағашымызға (жапырақтарды ілу
арқылы)
Бағалау:
Ұпай
сандары арқылы