400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ дүниетану пәні 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жүктелген материалда 1 сыныпқа арналып жасалған дүниетану пәнінен ашық сабақ жасалынған
Материалдың қысқаша нұсқасы

«__________________________»

(мектептің толық атауы)

Бастауыш сынып мұғалімдерінің

әдістемелік бірлестік отырысының
ХАТТАМАСЫ № ___

Өткізілген күні: ____________________
Өткізілген орны: ____________________

Қатысқандар: 24 мұғалім
Қатыспағандар: ____________________

Төрайымы: Назарбекова Еркежан
Хатшысы: ____________________

Shape1

КҮН ТӘРТІБІ:

  1. Білім беру үдерісінде жасанды интеллект құралдарын қолдану тәжірибесі.

  2. Бастауыш сыныптарда цифрлық платформалар мен білім беру сайттарын тиімді пайдалану.

  3. 2024–2025 оқу жылының ІІ жартыжылдығына арналған бастауыш бірлестіктің жұмыс жоспары, ашық сабақтар мен сыныптан тыс шаралар.

Shape2

КҮН ТӘРТІБІ БОЙЫНША ТЫҢДАЛДЫ:

1-мәселе бойынша:

Баймұрат Гүлзат «Білім беру үдерісінде жасанды интеллектті қолдану жолдары» тақырыбында баяндама жасады.
Баяндамасында жасанды интеллекттің бастауыш сынып оқушыларының оқу мотивациясын арттырудағы рөліне кеңінен тоқталды. Сабақ барысында
ChatGPT платформасын мәтін құрастыру, сұрақ-жауап дайындау, оқушылардың деңгейіне сай сараланған тапсырмалар әзірлеу үшін қолдану жолдарын көрсетті.
Сонымен қатар,
Canva платформасында көрнекі презентациялар әзірлеу, Wordwall және LearningApps сайттары арқылы интерактивті тапсырмалар дайындау бастауыш сынып оқушыларының қызығушылығын арттыратынын нақты мысалдармен дәлелдеді.

Shape3

2-мәселе бойынша:

Вишын Гаухар «Жасанды интеллектті құру және оның жұмыс істеу қағидалары» тақырыбында баяндама жасады.
Баяндамашы жасанды интеллекттің негіздері, алгоритмдер мен деректерді өңдеу қағидалары туралы түсінік беріп, мұғалімдерге арналған заманауи цифрлық платформаларды таныстырды.
Google Forms арқылы білімді бағалау, Quizizz, Kahoot сайттарында тест, викторина ұйымдастыру, ClassPoint AI көмегімен сабақта жедел кері байланыс алу жолдарын көрсетті. Бұл құралдардың оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға және белсенділігін арттыруға ықпал ететіні атап өтілді.

Shape4

3-мәселе бойынша:

Ғазезова Еркежан «Бастауыш сынып оқушыларына сабақта қолданылатын Ыбырай бот платформасын пайдалану жолдары» тақырыбында тәжірибелік баяндама жасады.
Баяндамасында
Ыбырай бот платформасының оқу үдерісіндегі мүмкіндіктері кеңінен көрсетілді. Атап айтқанда:

  • оқу сауаттылығын дамыту;

  • үй тапсырмасын орындау және тексеру;

  • тақырыпты бекітуге арналған тест тапсырмалары;

  • оқушылардың өздігінен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
    Платформаның оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай және ата-аналар үшін де қолжетімді екені айтылды.

Shape5

4-мәселе бойынша:

Бірлестік жетекшісі Назарбекова Еркежан 2024–2025 оқу жылының ІІ жартыжылдығына арналған жұмыс жоспары туралы баяндады.
Жоспарға сәйкес келесі жұмыстар жүргізіледі:

Өткізілетін ашық сабақтар:

  • 1-сынып – «Әріптер әлемі» (Сауат ашу)

  • 2-сынып – «Мәтінмен жұмыс. Оқу сауаттылығы»

  • 3-сынып – «Көбейту мен бөлу» (Математика)

  • 4-сынып – «Сын тұрғысынан ойлау әдістері»

Сыныптан тыс шаралар:

  • «Білімді ұрпақ – ел болашағы» интеллектуалдық сайысы

  • Бастауыш сыныптар апталығы

  • «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясындағы іс-шаралар

  • Тәрбиелік бағыттағы сынып сағаттары

Shape6

ҚАУЛЫ ЕТІЛДІ:

  1. Жасанды интеллект пен цифрлық платформаларды оқу үдерісінде жүйелі қолдану.

  2. Ыбырай бот платформасын барлық бастауыш сыныптарда тиімді пайдалану.

  3. Ашық сабақтар мен сыныптан тыс шараларды жоспарға сай, сапалы өткізу.

  4. Мұғалімдердің кәсіби дамуына бағытталған тәжірибе алмасу жұмыстарын жандандыру.

Shape7

Төрайымы: ____________ /Назарбекова Еркежан/

Хатшысы: ____________ /___________________/

Shape8

БЕКІТЕМІН:

Мектеп директоры: ____________ /___________________/

«____» ____________ 2025 ж.

М.О.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27.01.2026
2
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі