400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ .Дүниетану .Тақырыбы:« Менің отбасым»

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық оқушылар: «Отбасы» тақырыбының әлеуметтік мәселелерін қарастыруды, ұлттық дәстүрлер мен мерекелерді суреттеуді, «отбасылық шежіре», «отбасылық дәстүр» сөздерінің мағынасын түсінуді үйренy; Оқушылардың басым бөлігі: дағдылы және мереке күндерінің айырмашылығын түсіндіре білу. Кейбір оқушылар: Алған блімді тәжірибеде қолдана алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі» ММ

«№19 жалпы орта білім беретін орта мектеп» КММ



Ашық сабақ

Дүниетану

Тақырыбы:

« Менің отбасым»





















Өткізген :Мусина Г.К

1 «Ж»сынып













2017-2018 оқу жылы



























































Сабақ тақырыбы:

Менің отбасым

Мектеп: «№19ЖОББМ» КММ

Күні :

17.11.2017

Мұғалімнің есімі: Мусина Г.К

СЫНЫП: 1«Ж»сынып

Дүниетану

Қатысқандар саны: 24


Қатыспағандар саны:24

Оқу мақсаты:

1.1.1.1 түрлі дереккөздерді зерттей отырып, «отбасы» ұғымын түсіну және мәнін түсіндіру

1.1.1.2 отбасындағы өзге мүшелерге қатысты өзінің туыстық байланыстар жүйесіндегі орнын анықтау

1.1.6.1 отбасылық мерекелердің бірін сипаттау

1.1.1.3 отбасы мүшелерінің арасындағы қамқор қарым-қатынастың маңызын түсіндіріп, мысалдар келтіру


Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: «Отбасы» тақырыбының әлеуметтік мәселелерін қарастыруды, ұлттық дәстүрлер мен мерекелерді суреттеуді, «отбасылық шежіре», «отбасылық дәстүр» сөздерінің мағынасын түсінуді үйренy;

Оқушылардың басым бөлігі: дағдылы және мереке күндерінің айырмашылығын түсіндіре білу.

Кейбір оқушылар: Алған блімді тәжірибеде қолдана алады.


Тірек сөздер:

отбасы – cемья – family;

отбасылық шежіре – родословная – geneology;

отбасылық дәстүрлер – семейные традиции – family traditions.

Ресурстар:

Түймедақ суреті, рөлдік ойынға арналған үлестірме парақшалар, шежіре ағашы бейнеленген плакат, ашықхат жасауға арналған үлгілер, түрлі-түсті қағаз, желім.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық.

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,

Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген.

Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз

Үлгі алсын көрген жан мына бізден. 

 Мұғалім түсіндірмесі:

Шеңбер – бұл әлемдегі мейірімділік, жақсылық.

Шеңбер арқылы – бір – бірімізге күлімдеп қарап, бақыт, қуаныш, жылылық тілейміз. Шеңбер – сонымен қатар, қай әріпке ұқсайды?

«О» - әріпіне ұқсайды. Ендеше «О» - әрпінен басталатын сөздер айтайық. («Отан», «Отбасы» т.б.)

Отбасы – ең жақын және туыс адамдар. Әр отбасында жақсы қарым-қатынас болу өте маңызды. Отбасы мүшелерін отбасылық дәстүрлер біріктіреді. Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата - ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке - бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.

      

Өткен сабаққа шолу

Иә, жоқ стратегиясы

  • Мектепте білім аласың.

  • Кітапханашы дәрі береді.

  • Егер жаяу келе жатсаң, сен жаяу жүргіншісің.

  • Мектепте асхана, кітапхана, шашатараз бар.

  • Әңгімелесу кезінде адамның сөзін бөлуге болмайды.

  • Сабаққа кешігіп келуге болмайды.


Сабақтың ортасы


Топтарға бөлу: Суреттер бойынша 4 топқа бөлемін. Оқушылар топтасады


Ширату

-Балалар, қазір мен сөйлемдер айтамын, егер ол сөйлем дұрыс болса, сендер шапалақтайсыңдар, ал қате болса, аяқтарыңды топылдатасыңдар.

Немерсінің жасы атасынан үлкен.

Інісі апасынан кіші.

Әжесі немересінен кіші.

Папасының жасы ұлынан кіші.

Мамасы қызынан үлкен.

Отбасының ең жасы ол-атасы.

Отбасының ең үлкені- әжесі.

ВИДЕО

Саусақтар ойыны "Отбасы" (барлығымыз орындаймыз)

Мынау менің атам,

Мынау менің әжем,

Мынау менің әкем,

Мынау менің анам,

Мынау мен.

Мынау менің отбасым.



«Адасқан әріптер» ойыны

1.Алдына әріп қосып айтыңдар.





…апа, ....ата, …ана,......аға,




Сабақты «Түймедақ» ойнынан бастауыңызға болады. Түймедақтың ортасына «отбасы» сөзін жазып қойыңыз. Оқушылар әр жапыраққа осы сөзге қатысты сөздерді жазуы тиіс. «Отбасы» тақырыбына әңгіме өткізіңіз.

Сұрақтар қойыңыз: «Отбасының басқа адамдар тобынан айырмашылығы неде? Біздің сыныбымызды отбасы деп атауға болады ма?»

Кел, талқылайық! ЖЖ

Суретте кімдер бейнеленген?

Бұл адамдарды біріктіретін не?

Отбасы – ең жақын және туыс адамдар. Әр отбасында жақсы қарым-қатынас болуы өте маңызды. Отбасы мүшелерін

Отбасылық дәстүрлер біріктіреді.

Менің отбасым. «Қонақжайлылық» ойыны.рөлдерге бөлініп, қонақ күтеді.

Дәстүрлер. Әңгіме.

Сен білесің бе?

15 мамыр – Халықаралық отбасы күні.

Анықта. Ата анаңнан балалық шағы туралы сұра.

Ізден. Наурыз мерекесі туралы әңгіме.

Аудио жазба

Сергіту сәті

1 минут

Тербеледі ағаштар

Алдамнан жел еседі

Кіп кішкентай ағаштар

Үлкен болып өседі


Сабақтың соңы

Есеп шығару. Марат каникул күндері дүйсенбіде әжесіне кетті және келесі аптадағы дүйсенбіде қайтып келді. Марат неше күннен кейін қайтып келді?

Жұмыс дәптері.

Тату тәтті отбасы ойыны.

Сенің анаңның анасы саған кім? нағашы әже

Менің анамның қызы, бірақ мен емес? Әпке, сіңілі

Сенің әкеңнің әкесі? Ата

Сенің әкеңнің ағасы саған кім болады? Көке

Сенің әкеңнің әпкесі саған кім болады? Әпке

. Айтары мол ғұлама,
Көп жасасын бұл адам,
Әкесі ол әкеңнің
Білер оны сұраған.
Ол кім? Барлығы – атам.
Аталарының суретін ағаштың тамырларына іледі.

2. Атаңның баласы,
Кей кезде таласып.
Қаласың әжеге
Білгенің асады кәдеге.
Ол кім? Барлығы - әкем. (әкесінің суретін іледі)

3. Бала бала, бала деп,
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған.
Қолын қатты тигізбей,
Кірлі көйлек кигізбей.
Иісін жұпар аңқытқан.
Бұл кім? Барлығы – ана. (анасының суретін іледі)


Жақсыларға жақын бол,
Отбасыңмен тату бол,
Ата-анаңның көзі бол,
Сөнбейтұғын нұры бол!- деп сабақты аяқтаймыз.


Кітап, суреттер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)


Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары


Сабақ бойынша рефлексия




Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
494
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі