400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ. Дүниетану. "Үйде қауіпсіздік сақтау тәртібі" 1 сынып.

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

О.Бапышев атындағы №8 ЖОМ

Сынып 1 «Ә»

Пән: дүниетану

Мұғалім: Ерназарова Н.

Сабақтың тақырыбы

Үйде қауіпсіздік сақтау тәртібі.

Сілтеме

Дүниетану оқулығы.Жалпы білім беретін мектептің 1- сыныбына арналған оқулық.

Алматыкітап баспасы 2015 жыл.

Жалпы мақсаты

Оқушылар үйдегі қауіпті заттармен, қауіпсіздік жағдайлармен танысады және олардан сақтана білуге үйренеді. 

Міндеті

1.Қауіпсіздік шараларын үйренеді.

2.Сөздік қоры, ой-өрісі дамиды.

3.Жеке басын реттеуге үйренеді.

Оқу нәтижесі

Жұптық, топтық,жеке жұмыстар арқылы тақырыпты түсінеді,ойланады,талқылайды.


Тапсырма-лар

Сынып ережесін еске түсіру , Жуан , Жіңішке сұрақтар,оқулықпен жұмыс,шығармашылық жұмыстар, логикалық тапсырмалар.

Құрал-жабдықтар

Ассоциациялық карта, оқулық, дәптер, интерактивті тақта, постерлер, коллаж, топтастыру.



Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары


Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті


Оқушының іс-әрекеті


3 мин








Ұйымдастыру бөлімі

а)Психологиялық дайындық

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Құрметпенен бас иіп,

Сәлем бердік біз!

-Көңілдерің көтерілді ме балалар?

Енді осындай көңіл-күймен сабағымызды бастайық!








Қолға-қол,

Иыққа-иық,

Арқаға-арқа,

Аяққа-аяқ сәлемдеседі.









Көңіл-күйлерін смайликпен көрсетеді.




1мин

Сынып ережесін еске түсіру.



Ортақ сынып ережесін шығарады.

1.Тыныштық сақтау.

2.Уақытты тиімді пайдалану. 3.Бірін-бірі сынамау. 4.Сыйластықта болу. 5.Белсенділік таныту. 6.Сыныптсыңның ойын бөлмей пікірін аяғына дейін тыңдау.


8 мин







1.Алдыңғы білімді қорытындылау.

Менің үйім.

І топ. «Үй» Ассоциялық карта құру.

ІІ топ.Коллаж «Жер үй»

ІІІ топ. Коллаж « Көп қабатты үй»

ІV топ. Үй туралы мақал-мәтел айту.









І т. « Үй»- тасбақаның үйі, аңдардың үйі ( ін, апан), біздің үй

( жер үй,көп қабатты ), тиіннің үйі(қуыс),құстың үйі ( ұя), құмырсқаның үйі( илеу)

ІІ т. « Жер үй»-ауласы, бақшасы, көмір қоралары,моншасы болады.

ІІІ т. «Көпқабатты үй»-ауласы, лифт, подьезд т.б.

І V т.

1.Туған үйдің түтіні жылы.

2.Үйің жаман болса, күйің жаман.

3.Өз үйім, өлең төсегім.


18 мин

































































2 мин.









3 мин.



1мин.











2.Жаңа сабақ

Қызығушылықты ояту. 3 мин

-Балалар,біздің ең жақсы көретін,үнемі қуанып, асығып келетін баспанамызда,үйімізде кейде сақтық шараларын ұстанбасақ, жазатайым оқиғаларға тап болуымыз әбден мүмкін.

( Слайд № 1)


3.Дәптермен жұмыс. 10-бет.

3 мин

Тапсырманы талдатамын.

Сергіту сәті.1 мин


4. Оқулықпен жұмыс. 4 мин

Оқушылар абзацсқа бөліп оқиды.


Слайд №2. 2 мин

-Балалар , сендер күтпеген жерден жазатайым оқиға болуы мүмкін.Ондай жағдайда мына телефондарға хабарласасыңдар.

101-өрт сөндіру қызметі.

102- полиция қызметі.

103- жедел жәрдем қызметі.

104- газ қызметі.

112- құтқару қызметі.

5. Жағдаятты шешу. 6 мин

Топтарға жағдаятты шешіп, рөлдік ойын арқылы көрсету тапсы-рылады.








6. Білімді бекіту. 8 мин

Топтарға тапсырма беремін.

( Топтастыру, Сандар сөйлейді,мақал-мәтелдер айту, қауіпсіздік ережесін құру )















Бағалау.( әр тапсырма сайын топтар бірін-бірі бағалайды, сабақтың соңында оқушылар қорытынды бағаларын шығарады)


Өте жақсы- жасыл

Жақсы-сары

Қызыл- нашар бояп отырады.


Үйге тапсырма беремін. Үйде қауіпсіздік сақтау тәртібі.(86-87- бет).

Рефлексия

Оқушылармен кері байланыс орнату. Сабақтың соңындағы көңіл-күйлерін смайликпен көрсетеді.


Оқушылар слайд көріп, ой бөліседі, сұрақтарға жауап береді.



Дәптермен жұмыс. 10-бет.

(Дұрыс әрекетті жасыл түспен, қате әрекетті қызыл түспен бояп, неге екенін түсіндіреді).


Оқулықпен жұмыс.

І топ. 1- абзац .( Балконға асылуға, терезеден басыңды сыртқа шығаруға болмайды).

ІІ топ. 2- абзац.(электр құралдрына, розеткаға жақындауға болмайды!.

ІІІ топ. 3-абзац.Плитаның үстіндегі ыстық затты жалаңаш қолмен ұстауға болмайды)

І V топ. 4-абзац. Үлкендердің рұқсатынсыз ешбір дәріні ішпе).Жазған қорытындыларын сағаттың тілімен 4 –топқа береді.

Жағдаят шешу.

1-топ.

Сен үйде жалғыз қалдың. Абайсызда өрт шықты. Не істейсіңдер? Кімдерге хабарласасыңдар?


2-топ.

Сен үйде жалғыз қалдың. Белгісіз біреу есіктің қоңырауын соғып, есікті қатты-қатты қақты. Не істейсіңдер? Кімдерге хабарласасыңдар?

3-топ.

Ас бөлмесі. Бауырыңа алма бөліп бермек болып, абайсызда пышақпен қолыңды кесіп алдың? Не істейсіңдер? Кімдерге хабарласасыңдар?

4-топ.

Бауырыңмен тығылмақ ойнап жүрсіңдер. Бауырың киім тұратын шкафқа тығылды. Шкафтың есігі жабылып ашылмай, бауырың ішінде қалып қойды. Не істейсіңдер? Кімдерге хабарласасыңдар?

Білімді бекіту.

1- топ. Қауіпті заттар.(топтастырады)

2-топ.Сандар сөйлейді.(101-?,

102-?,103-?,104-?, 112-?)

3- топ. Қауіпсіздік туралы мақал-мәтелдер айтады.

  • Сақ жүрсең , сау жүресің.

  • От пен су тілсіз жау.

  • Отпен ойнама, күйерсің.

Сумен ойнама батарсың.

  • Өзі саққа құдай жақ.

4- топ.Қауіпсіздік ережесін құрады.

  • Балконға асылуға, терезеден басыңды сыртқа шығаруға болмайды

  • Электр құралдарына, розеткаға жақындауға болмайды!.

  • Плитаның үстіндегі ыстық затты жалаңаш қолмен ұстауға болмайды)

  • Үлкендердің рұқсатынсыз ешбір дәріні ішпе.


Оқушылар өздерін бағалайды.


Үйге тапсырма жазып алады. 86-87 – бет. Қауіпсіздік ережесін құру.

Рефлексия



«Үйде қауіпсіздік сақтау тәртібі»  атты сабағымның  масқсаты:оқушылар үйдегі қауіпті заттармен, қауіпсіздік жағдайлармен танысады және олардан сақтана білуге үйренеді. Оқу нәтижесі: жұптық, топтық,жеке жұмыстар арқылы тақырыпты түсінеді,ойланады,талқылайды. Қолданылған әдіс-тәсілдер: ассоциациялық карта, диалогтық оқу, дәптермен жұмыс, интерактивті тақта, постерлер, коллаж, топтастыру әдісі.

1-сыныптағы дүниетану пәні топтық , жұптық, жеке жұмыс арқылы өткізілді. Оқушылардың зейінін жаңа тақырыпқа тарту өткен тақырыпты қайталау арқылы жүзеге асырылды. Сабақтың әр кезеңін проблемалық сұрақтар қоя отырып, оқушылардың қызығушылығы мен танымдық белсенділіктерін арттыруға негіздедім. Оқушылардың сабаққа деген назарларын аудару, көңіл-күйлерін көтеру мақсатында «Шаттық шеңберіне» тұрып қонақтармен сәлемдесіп, өздерінің әр дене мүшелерін сәлемдестірді.Сабақтың басындағы көңіл-күйлерін смайликпен көрсетті. Топ ережесін еске түсіріп, топ мүшелері ролдерін бөліп алды.Үй тапсырмасын әр топ өздеріне берілген тапсырма бойынша айтты. І топ ассоцияциялық карта, ІІ,ІІІ топтар коллаж, ІҮ топ үй туралы мақал-мәтел құрып келді. Жаңа сабақ тақырыпқа байланысты слайд көруден басталды. Үйдегі қауіпсіздік туралы түрлі ақпараттар жаңа тақырыптың дұрыс меңгерілуіне, түсінулеріне жеңіл әрі оңай, өтуіне себеп болды. Оны оқушылар дәптермен жұмыс, жағдаятты шешу, топтастыру, тақырыпқа сай мақал-мәтелдер айтуда, қауіпсіздік ережесін құруда көрсетті.Оқулықпен жұмыс барысында әр топ мәтіннің бөліктері бойынша ереже шығарып, сағаттың тілімен келесі топқа беріп отырды. Соңында қауіпсіздік ережесінің жиынтығын шығарды. Сабақтың әр кезеңі бойынша оқушылардың өзіндік бағалауы , топтардың бірін-бірі бағалауы «бағалау парағы», смайликтер арқылы жүзеге асып отырды. Сабаққа оқушылар асқан қызығушылықпен қатысып,логикалық ойлауларын, тілдік қорларын , шығармашылықтарын шыңдай түсті. Сабақтың соңында оқушылар кері байланыс ретінде сабақтан алған әсерлерін смайлик арқылы көрсетті. Сабақ өте сәтті өтіп, мақсатына жетті.



Пән мұғалімі: Г.Т.Конурбаева.

 

 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 қаңтар
675
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі