400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Дүниетану Ұлы дала тарихы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақтың жаңадан сабақ беріп жүрген жас мұғалімдерге сандық технология бойынша білім беру түрлерін үйретеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

19-сабақ Дүниетану Мектеп: «Ақбөбек» мектебі

Күні: 28.01.2020ж. Мұғалімі:Карасаева М.К

Сынып: 1 «Ә»

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Ұлы дала тарихы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: .3.1.1 көрнекі материалдарды зерделеу арқылы ежелгі адамдардың өмірі туралы әңгімелеу.

Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар: ғұндар және олардың қозғалысы туралы мағлұмат алады.

Оқушылардың басым бөлігі: картадан ғұндардың қоныс аударған жерлерін көрсетуге үйренy;

Кейбір оқушылар:. Казіргі кезде адамдар не үшін қоныс аударатынын біледі.

Тілдік мақсат: Оқушылар орындай алады:

Ежелгі ата-бабаларымыз ғұндардың қандай болғанын және немен айналысқанын біледі.

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: Көшпенді ел, ғұндар, қоныс аудару.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі: қоныс аудару – переселение – мigration.

Талқылауға арналған сұрақтар: -Сақтардан кейін біздің жерімізді кімдер мекендеді?

- Олар қандай тіршілік етті? Олар немен айналысқан?

- Ертеде халық не үшін қоныс аударған?

Алдыңғы меңгерілген білім: Ежелгі ата-бабаларымыз сақтар, олардың мәдениеті, тұрмысы туралы біледі;

Сабақ барысы:

Психологиялық дайындық

Дөңгеленіп тұрайық

Керегені құрайық.

Уық болып иіліп

Шаңыраққа киіліп

Киіз үйді құрайық.

Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Сурет бойынша топқа бөліну.

1-топ: « Жауынгер»

2-топ: « Жылқы»

3-топ: «Киіз үй»

Ұ.ж.«Мозайка»әдісі арқылы сурет құрастыру



  1. Алғашқы адам қай жерде пайда болды?

  2. Ертеде Қазақстан жерінде мекендеген тайпа.

  3. Сақтар кімдер?

  4. Томирис кім?

Болжау» әдісі

-Балалар бұл сурет арқылы не айтуға болады?

«Дескриптор: Білім алушы

- Сурет бойынша өз ойын айтады;

-Жарайсыңдар, ендеше сендердің айтқан ойларың ,мына бейнефильмге сәйкес келе ме екен қарайық.

Мұқият қараңыздар, осы көргендеріміз туралы тапсырмалар орындаймыз

Бейнеролик: «Ғұндар туралы мәлімет»

Жаңа тақырыпты хабарлау

Ұ.ж.«Сұрақ-жауап » әдісі

1.Сақтардан кейін біздің

жерімізде кімдер өмір

сүрген?

2.Ғұндар-қандай халық?

3.Ғұндар қандай елдерде

өмір сүрген?

-Ендеше ,балалар , біз бүгін ғұн тайпалары таралы білетін боламыз. Бұл тайпалар қазіргі біздің жерімізде өмір сүрген.Бұл біздің елдің тарихы.

Картадан көрсету

Ғұндар – II-IV ғ. өмір сүрген ежелгі көшпенді халық.Тарихшылардың пікірі бойынша ғұн империясы батыстағы Альпі мен Балтық теңізінен бастап шығысында Каспий теңізіне дейінгі жерді алып жатқан. Оның тіршілік етуі Еуропа халқы үшін маңызы зор еді.

Т.Ж Постермен жұмыс. Зерттеу

1-топ: «Жылқы»

2-топ: «Зергерлік бұйымдар»

3-топ «Аңдар»

Ендеше, алдарыңызда тұрған заттардың бүгінгі сабаққа қатысы бар ма?

-Жарайсыңдар!

- Балалар, Тұңғыш Елбасымыз «Ұлы даланың жеті қыры» деген мақаласында осы атқа міну өнері мен зергерлік бұйымдар жасау, яғни металл өндіру және аң сүйектерін пайдаланып, қажетіне жарату өнерінің біздің даламыздан тарағанын айта келіп, ұлы мұрамызды сақтай, бағалай білу керек екенін басып айтты.

Әр топ бір-бірін бағалайды.

Сергіту сәті «Хан жарлығы»

Балалар шеңбер құрып тұрады.

-Балалар, ханнан жарлық келіпті.

-Қандай?

-Егін ексін деген!(бір-бірінің арқаларына жер жыртқандай қимыл жасайды)

- Ханнан жарлық келіпті.

-Қандай?

-Егінді суарсын деген!(толқыған судың қимылын салады)

- Ханнан жарлық келіпті.

-Қандай?

-Арам шөбін жұлсын деген!(шымшып ұстап алып лақтырады)

- Ханнан жарлық келіпті.

- Қандай?

-Егінді жинасын деген!(орақпен орған қимыл жасайды

«Ақ бұғы» аңызын тыңдау. (Оқушылар планшеттерін пайдаланып тыңдайды.)

Тапсырма №2



Т.Ж. Орындап көр. Оқушылар ғұндар кезінде өмір сүрген «Ақ Бұғы» аңызы бойынша суреттерді ретімен қойып , қағазға жабыстырады.

Дескриптор: Білім алушы

1.Аңыз бойынша суреттерді ретімен қояды.;

2.Мультфильмді жалғастырып айтады

( ж.ж) Ғұндардың қоныс аударуы. «Ғұндардың қоныс аударуы» картасын қолдану. «Қызыл меңзер нені білдіреді?», «Ол қандай бағытты меңзеп тұр?» деген екі сұраққа жауап беруін сұрау. Оқушылар картаға ғұндардың Қазақстанның қай жерінде мекендегенін орналастырады.

Дескриптор: 1.Қызыл меңзердің бағытын анықтайды;

2.Картамен жұмыс жүргізеді.

3.Картаға Орал, Арал теңізі мен Қаратау жерлерін орналастырады.

Ж.Ж. Дәптермен жұмыс

Казіргі кезде адамдар не үшін қоныс аударатынын айтады.

Кайдан? Қайда? Не үшін?

Кері байланыс

Рефлексия: «Сөз»

-Балалар, бүгінгі сабақтан үйренген сөздерімізді бес сөзбен жеткізейік.

Бағалаудың бір түрі ретінде оқушыларға талқылауға және жауап беруге үш сұрақ беріледі:

–– Сақтардан кейін біздің жерімізді кімдер мекендеді?

–– Олар қандай тіршілік етті? Олар немен айналысқан





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 ақпан
657
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі