400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Ашық сабақ. Дұрыс және тиімді тамақтану мәзірі

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға дұрыс және тиімді тамақтанудың ережелерімен таныстыр және ас мәзірін құрастырып үйретеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бөлімі:

Тамақтану мәдениеті

Педагогтың тегі, аты, әкесінің аты

Накысбек Алтынай Накысбеккызы

Күні:


Сынып: 5 «А»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Дұрыс және тиімді тамақтану мәзірі.


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.2.4.3 Дұрыс және тиімді тамақтанудың ережелерін сипаттау және зерделеу

5.2.4.2 Дұрыс және тиімді тамақтанудың мәзірін құрастыру.

5.1.3.1-Шығармашылық идеяларды зерттеу мен дамыту үшін ақпарат көздерімен жұмыс істеу (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану арқылы)


Сабақ мақсаттары

  • Әр түрлі тағамдардың пайдасы мен зиянын талқылау

  • Әр түрлі тағамдардың артықшылықтары мен кемшіліктерін талдау

  • Тәуліктік дұрыс және тиімді ас мәзірін жасау.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңі

Педагог іс-әрекет


Оқушы әрекеті

бағалау


Ресурстар

Сабақтың басы


Амандасу. Оқушылардың қал-жағдайларын сұрау.

Сабақты сұрақ-жауап арқылы бастау:

Сіздің дұрыс тамақтану ережеңіз қандай?

Қандай азық –түлік пайдалы?

Қандай азық-түлік зиянды?

Қуырылған тағамдардан, газдалған сусындар мен жылдам дайындалатын тағам өнімдерін пайдаланғаннан қандай аурулар туындауы мүмкін?


Сұрақты қарау және талдау.



Өзін-өзі бағалау

оқулық


Сабақ ортасы


Жеке жұмыс.

Зиянды тағам өнімдері бойынша видео көреді .Сұрақ -жауаптарды талдау:

Қандай тағамдар пайдалы?, қандай тағамдар зиянды болып табылады?, Зиянды тағамдардан қандай аурулар туындауы мүмкін?

Таңғы, түскі, кешкі асқа қандай ас мәзірі ұсынылады?

Таңғы, түскі, кешкі ас мәзіріне қандай талаптар қойылады?

Оқушылар тақтада немесе өздерінің қағаздарында тағамдарды пайдалы және зиянды деп 2 топқа жіктейді.

Мұғалім презентация бойынша түсіндіреді.

Оқушылар төменде берілген ақпараттар бойынша топтарға бөлінеді:

Нәруызды тағамадар

А дәруменіне бай тағамдар

С дәруменіне бай тағамдар

Құрамында кальцийі бар тағамдар

Құрамында темірі бар тағамдар

Оқушылар шағын топтарда зерттеу жұмыстарын орындайды. Жұмыстарын бағалау үшін өздері бағалау критерийларын жасайды.

Оқушыларға барлық ресурстар ұсынылады: презентация, ссылкалар немесе тағам калориясы бойынша кестелер.

Жоғары деңгейдегі оқушылар төменде берілген арнаулы формула бойынша тәуліктік тағам қажеттілігін есептеуі мүмкін.







Әйелдер үшін : Негізгі зат алмасу(НЗА) = 9,99 * салмақ(кг) + 6.25 * бойы (см) - 4,92 * жасы – 161

 
Ерлер үшін : НЗА = 9,99 * салмақ (кг) + 6.25 * бойы (см) - 4,92 * жасы -5

Бір тәуліктегі калорияның жалпы жұмсалуын анықтау үшін негзі зат алмасу нәтижесін төмендегі коэффициентке көбейту керек:

Д ене белсенділігі төмен: НЗА x 1.2
Аз белсенділік (спорт аптасына 1-3 күн): НЗА x 1.375
Орташа белсенділік (спорт аптасына 3-5 күн): НЗА x 1.55
Жоғары белсенділік (спорт аптасыа 6-7 күн): НЗА x 1.725
Өте жоғары белсенділік (күнде спортпен белсенді шұғылдану,жұмыста жоғары физикалық белсенділіктің болуы, күніне 2 рет жаттығуға бару):

ОО x 1.9



Оқушы өткен күнде жеген тағамын, бір тәулік бойы жеген тағамдарын дұрыс тамақтану тиімділігін А 4 форматта көрсетеді.

Оқушы тәулік бойы жеген тағамдарының тиімділігін білу барысында және тағамдардың пайдалы, зияндылығын анықтауда, уақытылы тамақтануға назар аударуды білу мақсатында өз жұмыстарын бір -бірімен ауыстырады.

Сыныппен көрген видео талқыланады:

Оқушылар ас мәзірі ұғымымен танысады


Оқушылар шағын топтарда зерттеу жұмыстарын орындайды. Жұмыстарын бағалау үшін өздері бағалау критерийларын жасайды.

Оқушыларға барлық ресурстар ұсынылады: презентация, ссылкалар немесе тағам калориясы

бойынша кестелер.

















Бір-бірін тексереді. Өз ұсыныстарын жасайды.

Критерий

- ас мәзірін әртүрлі тағамдарды қолданып жасау

Тағам құрамында болатын барлық компоненттерді атау

Таныстырылымда (презентация) суреттер, сызбалар және өте аз түсіндірме ақпараттың болуы

Әрбір топ мүшесінің қатысуы

Регламент сақтау (уақыт көрсету)

Оқушылар топтағы зерттеу жұмыстарын талдайды, әрбір тағамның рөлін қоса айтады

http://medobaza.ru/pravilnyj_racion_zdorovogo_pitaniya_cheloveka/

- дұрыс тамақтанудың рационы.

http://bezdietu.ru/vitaminu.php

http://www.liveinternet.ru/users/antaliy/post332759225/


-азық - түліктегі дәрумендер .-зиянды тағамдар.

-тағам құрамындағы дәрумендер

Компьютер немесе ұялы дайын кестелер

Ватмандар

Маркерлар


Сабақ соңы


Рефлексия

Сабақта мен нені өте жақсы түсіндім?

Нені түсіну маған қиындық туғызды?

Сабақтың оқыту мақсатына жету үшін не істеуім керек? немесе



Оқушылар Жеке сұрақтарға жауап жазады немесе ауызша айтады:




Қалыптастырушы бағалау:

Оқушылар бір—бірінің жұмыстарын өздері құрған критерийлар бойынша бағалайды.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
11 наурыз
221
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі