400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Дұрыс көпжақтар"

Материал туралы қысқаша түсінік
11.1.6 –дұрыс көпжақтың анықтамаларын біледі және дұрыс көпжақтың түрлерін ажыратады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

16 КОЛЛЕДЖ МКҚК







«КЕЛІСІЛДІ» «БЕКІТЕМІН

Директордың оқу ісі жөніндегі №16 колледж директоры

орынбасары ___________ Е.Билалов _________М. Тәшімбет

« ___» _________2023 ж «____» __________ 2023ж









АШЫҚ САБАҚ

Дұрыс көпжақтар.



Математика

Пән немесе модуль атауы


Жаратылыстану-математикалық пәндер әдістемелік бірлестігі











Математика пәнінің оқытушысы: Беримова Жанна Елубаевна







Шардара 2023 жыл



1-курс

Аэ-52 топ «17» қаңтар


Мамандығы: 07161300 – Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану

Біліктілігі: 3W07161301 – Автомобиль жөндеу слесарі

3W07161303 – Автомобиль көлігін жөндеу шебері


ПӘН: Математика

Бөлім: VІІ

Көпжақтар


Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Беримова Жанна Елубаевна

Қатысушылар саны:


Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы:

Дұрыс көпжақтар

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

11.1.6 –дұрыс көпжақтың анықтамаларын біледі және дұрыс көпжақтың түрлерін ажыратады.

Сабақ мақсаты

Барлығы: дұрыс көпжақтың анықтамаларын түсінеді және тұжырымдайды;

Көпшілігі: дұрыс көпжақтың түрлерін ажыратады.

Кейбірі: дұрыс көпжақтың элементтерін есептер шығаруда қолдана алады.


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Студенттің әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



10 минут









































Сабақтың ортасы


75 минут




















Амандасу

Ұйымдастыру сәті

Топта жақсы көңіл-күй, сенімділікті ояту үшін «Жылы лебіз» ұйымдастыру.



Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Үлестірмелер таратылады, «Автомобиль бөлшектерін тап» әдісі бойынша сұрақтар беріледі.



Жаңа сабақ.

Google Classroom платформасында «Дұрыс көпжақтар» презентациясы және бейнежазба арқылы түсіндіріледі.

Оқу мақсатымен, тілдік мақсатпен танысады;

Дөңес көпжақтың барлық жақтары өзара тең дұрыс көпбұрыштар және барлық төбелерінде түйісетін қырларының саны бірдей болса, бұл көпжақты дұрыс көпжақ деп атайды.

Дұрыс көпжақтың бес түрі бар: дұрыс тетраэдр, куб (гексаэдр), октаэдр, додекаэдр және икосаэдр.

Дұрыс көпжақтардың ішінде ең қарапайымы жақтары төрт үшбұрыштан тұратын және әрбір төбесінде үш жағы түйісетін көпжақ болып саналады. Бұл көпжақ дұрыс тетраэдр деп аталады.

Грек тілінен аударғанда «тетраэдр» сөзі «төртжақ» («тетра» – төрт, «эдра» – жақ) дегенді білдіреді.

Куб (текше) – бізге төменгі сыныптардан белгілі дұрыс көпжақ. Оның жақтары өзара тең квадраттар, ал әрбір төбесінде үш қыры тоғысады.

Кубтың алты жағы бар, сондықтан ол гексаэдр деп те аталады.

Грек тілінен аударғанда «гексаэдр» сөзі «алтыжақ» дегенді білдіреді

Жақтары дұрыс үшбұрыштардан тұратын және әрбір төбесінде төрт жағы түйісетін, беті сегіз дұрыс үшбұрыштан тұратын көпжақ октаэдр («окта» – сегіз) деп аталады.

Октаэдрдің әрбір төбесінде төрт қыры тоғысады

Суретте жақтары дұрыс бесбұрыштар болатын және әрбір төбесінде үш жағы түйісетін көпжақ кескінделген. Оның беті он екі бесбұрыштан тұрады, сондықтан ол додекаэдр («додека» – он екі) деп аталады.

Әрбір төбесінде бес дұрыс үшбұрыш түйісетін, беті жиырма дұрыс үшбұрыштан тұратын көпжақ икосаэдр («икоси» – жиырма) деп аталады


1 – тапсырма.

Жеке жұмыс (Оқулық)

«Таза тақта» әдісімен жаңа сабақтың тақырыбын ашуға түрткі болатын сұрақтар қойылады.

  1. Көпжақтар геометрияның ......... фигуралары (кеңістіктегі)

  2. Октаэдр , тетраэдр, куб, додекаэдр, икосаэдр ......... көпжақтар (дұрыс)

  3. Тетраэдрдың ..........жағы бар(4)

  4. Додекаэдрдың .......қыры бар(отыз)

  5. 8 жағы бар ол.............(октаэдр)

  6. Додекаэдр, куб, тетраэдр, ұқсастығы.......( Бір төбеге тоғысатын қырлар саны)

  7. Октаэдр мен куб ұқсастығы...... (Қырларының саны)

  8. Дұрыс көпжақтарды атаңдар.......( Октаэдр , тетраэдр, куб, додекаэдр, икосаэдр)

Дескриптор:

  1. дұрыс көпжақтың анықтамасын біледі;

  2. дұрыс көпжақтың түрлерін ажыратады;

  3. Дәптерлеріне жазады.


2- тапсырма. Жұптық жұмыс

«Шебер қолдар» әдісі

Дұрыс көпжақтардың макетін жасаңыздар. Жасаған макеттері бойынша түсінік беріңіздер.


Дескриптор:

  1. дұрыс көпжақтың түрлерін ажыратады;

  2. дұрыс көпжақтың элементтерін түсіндіреді;

  3. Дұрыс көпжақтардың макетін жасайды.


3-тапсырма.

Топтық жұмыс. «Бірлесіп шеш!» әдісі арқылы жүргізіледі.


Дескриптор:

  1. дұрыс көпжақтың анықтамасын біледі;

  2. дұрыс көпжақтың түрлерін ажыратады;

  3. дұрыс көпжақтың элементтерін есептер шығаруда қолданады.

Сергіту сәті

Логикалық ойын «Жылдам және тез»

Студенттер өздерінің қасында отырған достарына жылы сөз тіркестерін дауыстап көтеріңкі көңіл-күймен білдіреді.



Автомобиль бөлшектерін тап табады және артында жасырылған сұрақтарға жауап береді.




Жаңа сабақты мұқият көреді және тыңдайды.




















































Жеке жұмыс бойынша оқулықты пайдаланып, сұрақтарға жауап береді. Дәптерлеріне орындайды.





























Жұптық жұмыс. Берілген дұрыс көпжақтардың анықтамасын пайдаланып, көпжақтарды ажыратады, макетін жасайды.












Топтық жұмыста,

берілген есептерді, бірлесіп топта шешеді. Топ басшысы, шыққан есепті тақтаға жазады.








ҚБ: «Мадақтауәдісі»






































































ҚБ:

«Теңге» әдісі















ҚБ: «Смайлик» әдісі



















































ҚБ: «Медальон әдісі»

Жылы лебіздер.









Үлестірмелі қағаздар




Геометрия оқулық

11 сынып



Google Classroom

«Дұрыс көпжақтар» презентация








































Сұрақтар жазылған үлестірмелер























































































Сабақтың соңы

Рефлексия

5 мин





Кері байланыс

Рефлексия

«Данышпан үкілер» әдісі.



Кері байланыс парағы.

«Данышпан үкілер» әдісі

Үй тапсырмасы

§1-1.4 Дұрыс көпжақтар. 42 бет

«Дұрыс көпжақтар» туралы мәлімет жинау




Математика пәнінің оқытушысы: Ж.Беримова

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
17.02.2025
228
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі