400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Дұрыс тамақтана біл" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
материал ұстаздарға арналған дайын ашық сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дені саудың-жаны сау

Тақырып: Дұрыс тамақтана біл

Мектеп: «Үшарал қаласындағы педагог М.Мыңбайұлы атындағы ОМ мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» КММ

Күні: 18.01.2019жыл

Мұғалімнің есімі: Жүнісбек А.М.

СЫНЫП: 2 «А»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың оқу мақсаты:

2.1.4.1 Түрлі дереккөздер негізінде пайдалы және зиянды

тағамдардың арасындағы айырмашылықтарды анықтау

Бағалау критерийі

Барлық оқушылар:

  • Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.

Кейбір оқушылар:

  • Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.

Тілдік мақсаттар

Үш тілде сөйлеу

Денсаулық – Здоровье – Healthy

Тағам – Еда – Food

Сусын – Напиток – Drink

Ресурстар

Оқулық, суреттер,слайд, бейнероликтер, топқа бөлуге арналған әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік.ефлексия.

Пәнаралық байланыс

қазақ тілі, шет тілі

Жоспарланған

Уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде

жоспарланған жаттығулармен қатар,

ескертпелерді жазыңыз)

Бағалау түрлері

Басталуы 5 минут


Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Аялы алақан»

Шеңбер бойымен тұрып, мұғалім өзінің жылы тілегін айту

Үй тапсырмасын сұрау. «Медаль алу» ойыны

  • Оқушыларға үзіліс не үшін беріледі?

  • Мектеп қызметкерлері қызметкерлері қандай қызмет атқарады?

  • Қауіпсіздік ережелерін кім айтады?

Оқушыларға жағымды көңіл – күй сыйлау.


Жауап берген оқушы медальмен марапатталады

Ортасы 20 минут

Б ілу және түсіну

Болжау арқылы оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

“Дастарқан жаю” әдісі

О қушылар заманауи және қазақтың

ұлттық дастарқанын суреттерді плакатка жабыстыру арқылы орындайды.


  • -Қай дастарқандағы тағамдар біздің денсаулығымызға пайдалы? Сонымен, бүгінгі біздің тақырыбымыз не туралы болмақ деп ойлайсыңдар?

-Иә, дұрыс айтасыңдар, тақырыбымыз дұрыс тамақтану туралы болмақ.Сабағымыздың мақсаты түрлі дереккөздер негізінде пайдалы және зиянды тағамдардың арасындағы айырмашылықтарды анықтау.

  • Дұрыс тамақтану дегенді қалай түсінеміз?

Біздің барлық тағамымыз ақуыз, май және көмірсудан тұрады. Олар адам ағзасының өсіп – жетілуін қамтамасыз етеді.

Тағамның құрамында ақуыз жеткілікті болса сен тез өсесің, ал май бізге күш – қуат береді және ағзада көмірсу қоры көп болған сайын адам шыдамды болады.

«Кинометафора» әдісі. Бейнежазба (тағам құрамы туралы)

Оқулықпен жұмыс

Дәрумендер туралы оқып, оған не жататынын айту

Дескриптор:

  • дәрумендерді ажырата алады


Қолдану. «Кластер» әдісі. Постер жасату.

(Т) 1 – топ. Кола туралы шағын мәтінді оки отырып, оның зиянды жақтарын жазып көрсету.

2 – топ. Сүт өнімдері туралы шағын мәтінді оқып, өнімнің пайдасын ажырату

3 – топ. Пайдалы және зиянды тағамдарды екі қатарға бөліп жазу.


Дескриптор:

- өнімнің зиянды жақтарын жаза алады;

- сүт өнімдерінің пайдасын анықтай алады;

- пайдалы және зиянды тағамдарды ажырата алады.


Жеке жұмыс. «Қонақ күту» әдісі арқылы дәптермен жұмыс

№1 тапсырма бойынша салат жасайды. Керекті заттардың суретін бояу.

Жұппен жұмыс. «Қасиетті қара қазан» ойыны

Қазақтың таным-түсінігінде қазанның алатын орны ерекше.

Қара қазан талай қазақты аштықтан аман алып қалды емес пе? Аштықты айтпағанда, жаугершілік кезеңде талай қазақты қырып салғанда, қазан астына жасырынып қанша бала тірі қалып еді?

қазақтың қазанға қатысты ырымдары көп. Қазақ қызға ешқашан қазан бермеген. Қайтыс болған адамның моласы бұзылса, түске кіріп мазаласа, басына қазан апарып қойған. Сол сияқты, қайтқан кісінің соңынан тұқымдары ауру-сырқаусыз, белгісіз себептермен өле берсе, құран оқытып, басына қазан төңкерткен. Біздің елде қазанға қатысты тағы бір ырым бар. Суға батып кеткен адамды қазан арқылы табады. Адам суға кетсе, үйіндегі қазанын төңкеріп суға жібереді. Алланың құдыретін қараңызшы, әлгі қазан адам батқан жерді айнала жүзіп тұрады.

Қазаннан шыққан тапсырманы жұппен орындайды.



«Мадақтау»

арқылы бағалау



















«Бағдаршам» арқылы бағалау





«Бас бармақ» тәсілі арқылы бағалау









Оқушылар тапсырманы постерге жазып оқып береді. «Отшашу» тәсілі арқылы бағалау









Алғашқы үш жұпты ұлттық тағам құртпен марапаттаймын.

Сергіту сәті

2 минут

«Пайдалы ас мәзірін» құру

2 минут аралығында ас мәзіріне неғұрлым көп сөз жазған топ жеңіске жетеді.

Жеңіске жеткен топ мандаринмен марапатталады.

Дене қызуын арттырады, ойлау қабілетін, шапшаңдықты арттырады

Аяқталуы 20 минут

Өздік жұмыс. ҚБ тапсырмасы

Тек қана пайдалы тағамдарды боя.

Shape1

Басқа тағамдар ағзаға қалай әсер етеді? Ол туралы ақпарат жинақта және әңгімеле.

Дескриптор:

  • - пайдалы тағам түрлерін анықтайды;

  • - зиянды тағамдардың зардаптары туралы әңгімелейді

«Бас бармақ» тәсілі арқылы бағалау

Кері байланыс


«Тазалық» әдісі

Тақырып бойынша алған керекті ақпараттарды чемоданның тұсына жазса, ал әлі де оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқыштың тұсына жазады. Сонымен қатар керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігінің тұсына жазады. Осылайша мұғалім өткен сабақтан қандай білім алғанын біледі.


Үйге тапсырма: «Менің ас мәзірім»

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 ақпан
631
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі