жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ: "Дұрыс тамақтану.Дәрумендер"
Білім саласы: «Қатынас»
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Дұрыс тамақтану. Дәрумендер»
Мақсаты:
Балалардың дұрыс тамақтану туралы білімдерін жүйелеу, кеңейту.
Балалардың ойлау, есте сақтау, салыстыру және таным белсенділігін арттыру.
Тазалық гигиенасын сақтау, тазалыққа баулу.
Көрнекіліктер: жасанды жемістер, слайд (дұрыс тамақтану және дәрумендерге арналған).
Техникалық құралдар: компьютер, интерактивті тақта.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
ҰОҚ кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Тәрбиеленушілердің қимыл әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушы |
-Сәлеметсіздер ме?
-Балалар бүгін сендер қандай әдемісіңдер. Айтыңдаршы, бүгін мектепке қандай көңіл күймен келдіңдер?
-Балалар, бүгінгі біздің сабағымызға қонақтар келді. Қане барлығымыз қонақтармен амандасайық.
Біз әдепті баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Қонақтарды көргенде,
Сәлеметсіздер ме?-деп
Амандасып аламыз.
|
-Сәлеметсіз бе?
-Жақсы көңіл күймен келдік.
Балалар тәрбиешімен бірге шаттық шеңбері тақпағын айтады. |
Ұйымдастырушылық-ізденуші |
-Балалар, біз қандай мемлекетте тұрамыз? -Сендер осы Қазақстанның қалаларын білесіңдер ме? Қандай қалаларды білесіңдер? -Ендеше бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Себебі біз Қазақстан қалаларына саяхатқа шығамыз. Біз саяхатқа сиқырлы көлікпен шығамыз. Қандай сиқырлы көлік түрлерін білесіңдер? -Жарайсыңдар, көп сиқырлы көлік түрлерін біледі екенсіңдер. Бірақ біз сиқырлы ұшақпен барамыз. -Алдымен Нұр-Сұлтан қаласына ұшып барамыз. Сендерге мен сұрақ қоямын. Сендер білетіндеріңше жауап беріңдер. -Бізде қазір қай мезгіл? -Күз мезгілінде ауа райы қалай өзгереді? -Күз мезгілінде нелер піседі? -Жарайсыңдар. Бүгін біз осы жеміс-жидектер, көкөністер, дұрыс тамақтану үшін қандай тағамдарды қолдану керек екендігімен танысамыз. -Балалар, тамақтану дегеніміз не? -Ал енді тамақтану жайлы толығырақ білу үшін Алматы қаласына ұшамыз. -Тамақтану дегеніміз адам үшін, яғни ағзасы үшін аса маңызды қажеттілік. Денсаулығымыз қалай тамақтануымызға байланысты. Адам өмірде жүреді, жұмыс жасайды, түрлі күш жұмсайды. Соны қалпына келтіру үшін дұрыс тамақтануы керек. Дұрыс тамақтану дегеніміз аз-аздан әр түрлі тамақтарды қабылдау, яғни жеу. -Біз қандай тамақтарды жейміз? -Тағам өнімдері өсімдіктен алынатын және жануардан алынатын тағамдар болып бөлінеді. Өсімдіктен алынатын тағамдарға жемістер мен көкөністер,нан, қант, өсімдік майы жатады. Жануарлардан алынатын тағамдарға ет, жұмыртқа, сүт, балық, құс еті, сары май жатады. Тамақты артық мөлшерде көп жеу денсаулыққа зиян. Қарағанды қаласы. -Ал енді айтыңдаршы дұрыс тамақтануға нелер жатады?
-Дұрыс тамақтанбау дегеніміз не?
-Соның ішінде дұрыс тамақтануға дәруменді тағамдарды жеу дедік. Дәрумендер деген не және ол қайда болады? Дәрумендер мықты әрі деніміз сау болуға ықпал етеді. Дәрумендер әсіресе жемістердің құрамында өте көп. Сондықтан күнделікті тамақта жемістерді көп пайдалану керек және оларды мұқият жуып жеу керек. Егер дәрумендерді көптеп жесек, деніміз сау болып, жиі ауырмаймыз. Әр дәруменнің өзіндік атаулары бар. Дәрумендерді біз үлкен 4 топқа бөлеміз. А дәруменіне қызанақ, шие, алма, сәбіз, өрік, асқабақ, тәтті бұрыштар жатады. Егер біз осы дәруменді тағамдарды көптеп пайдалансақ, біздің бойымыз өседі және де көзіміздің көруі жақсарады. В дәруменіне бұршақ, картоп, балық, қара нан,банан жатады. Бұл дәрумендер миымыздың дұрыс жұмыс жасауына жағдай жасайды. С дәруменіне қарақат, лимон, сарымсақ, пияз, апельсин, алма жатады. Бұл дәрумендер бізді суық тиюден, тұмаудан қорғайды. Д дәрумені алмұрт, пияз, жүзімде болады. Бұл денсаулықты жалпы нығайтады. -Сонда жалпы дәрумендерге қандай жемістер мен көкөністерді жатқызамыз? -Шымкент қаласына келіп қондық. СЕРГІТУ СӘТІ Саусақтарға қараңдар, Бұл кішкентай балалар. Көңілденіп күледі, Жаттығуды енді сен, Бірге жаса менімен. Аман, сау болып ағзамыз, Түзу болып арқамыз. Досымызға қарайық, Күлімсіреп алайық. -Семей қаласына ұшып келіп қондық. -Біз қазір сендермен ойын ойнаймыз. «Ғажайып сандық» ойыны -Мына сандықтың ішінде жемістер бар. Сол жемістерді танып, атап, оның түсін айту керек. Яғни сипаттау керек. «Қайда өседі?» ойыны. -Мен сендерге жемістер мен көкөністердің суреттерін көрсетемін. Егер ол ағашта өсетін болса қол шапалақтаймыз, ал егер жерде өсетін болса, аяғымызбен жерді соғамыз. |
-Қазақстан Балалар білетін қалаларын айтады.
Түрлі көлік түрлерін айтады.
Балалар қуанады.
-Күз мезгілі. -Күн суытады. Жаңбыр жауады. -Жемістер піседі.
-Тамақ ішу.
Балалар жейтін тағамдарын айтады.
Балалар өз ойларын айтады.
Кола, фанта
-Жемісте болады.
Тәрбиешінің мағлұматын тыңдайды.
-Алма, алмұрт, банан, пияз, картоп.
Балалар тәрбиешімен бірге сергіту сәтін орындайды.
Балалар сандық ішінен жемістерді алып, сипаттайды.
Балалар қол шапалақтайды немесе аяғымен жерді соғады.
|
Рефлексивті-түзетушілік |
-Жарайсыңдар! -Балалар, дұрыс тамақтану деген не? Тапсырма орындау. -Мен сендерге тапсырма беремін. Дәруменді тағамдарға,яғни дұрыс тамақтануға жататын тағамдарды қоршап сызып көріңдер. Сол арқылы кімнің түсінгенін, түсінбегенін біле аламыз. -Бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстыңдар,балалар. Жарайсыңдар! |
Балалар алдарына берілген тапсырманы орындайды. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: тамақтану ретін, зиянды тағамдар жайлы.
Игереді: дәрумендердің түрлерін.
Меңгереді: дәрумендердің пайдасын.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген