Авторы:
Брахимова Рая Макеновна
ШҚО,
Тарбағатай ауданы, Жәнтікей ауылы,
Қ.Сәтбаев атындағы орта мектебі КММ
даярлық топ мұғалімі
Тақырыбы:
«Дыбыс және әріп»
Білім
беру салалары:Қатынас
Бөлімдері:
Сауат
ашу және жазу негіздері
Мақсаты:
дыбыс пен әріп туралы түсінік беру.
Дыбыс пен әріптің айырмашылығын ажырата
алуды, жазу кезінде дұрыс отыруға,
дәптер, қарындашты дұрыс ұстауға
үйрету,ойлау қабілетін дамыту қағылездікке,
бастаған істі аяқтай білуге,шыдамдылыққа
тәрбиелеу.
Алдын
- ала жүргізілетін жұмыстар: саусақ
ойынын ойнату
Әдіс
- тәсілдер: сөздік, көрнекілік, сұрақ -
жауап
Қажетті
көрнекі құралдар: жұмыс дәптері, үй
жануарларының көркем суреттері
Қостілділік
компонент:/билингвальды компонент;
әліппи - алфавит, жаңбыр жауды - дождь
идет
Мотивациялық
қозғаушылық кезеңі
-
Балалар, біз бүгін дыбыстар бағына
саяхатқа барамыз
Бұл
бақ «Әліпби»
деп аталады.
Ұйымдастырушылық
ізденіс кезеңі
Әліпбиді
көрсету
-
әліпбиде көріп отырғандарың әріптер,
олардың саны - 42. Егер біз әліпбидегі
әріптерді оқитын болсақ, ол – дыбыс.
Дыбысты
естиміз, аузымызбен айтамыз, ал әріпті
көреміз, оқимыз және жазамыз.
-
балалар, айтыңдаршы, пойыз тоқтағанда
қандай дыбыс шығарады?
-
жақын арада аралар жүргенін қайдан
білеміз?
Түнде
қасымызға маса келгені қайдан білеміз?
-
дұрыс айтасыңдар, біз дыбысты осылай
құлағымызбен естиміз. Әр естіген дыбыстың
жазылу таңбасы - әріп. Әріптер мыналар
(әріптерді көрсету)
Билингвальды
компонент: әліпби - алфавит, жаңбыр жауды
- дождь идет
Саусақ
ойыны
Сыңғыр,сыңғыр,сырғалар
Құлағымда
сыңғырлар.
Оң
қолымда білезік,
Сол
қолымда білезік,
Санап
көрші кәнеки,
1,2,3,бір,екі,үш,
Демаламыз
жинап күш.
Д/О:
«Не қалай дауыстайды?»
Ойын
шарты: педагог үй жануарларының суретін
көрсетіп, не істейтінін айтады. Балалар
сол жануардың дауысын салады.
Бұл
ойында үй жануарларының жүрісінде
салуға болады.
-
Балалар, әріптерді жазу үшін бізге не
керек?
-
Үстелде отыру ережесімен таныстыру:
жазу барысында денені тік ұстап, дәптерді
солға қарай қиғаштап қоямыз. Қарындашты
үш саусақпен - бас бармақ, сұқ саусақ,
орта саусақтармен ұстайды. Қарындаш
ортаңғы саусақтың сол жағында болады.
Бас бармақ қарындашты сол жағынан, сұқ
саусақ үстінен сүйемелдейді.
Қарындаштың
жоғарғы ұшы иыққа бағытталады (көрсетеді)
Саусақ
жаттығуы
Педагог
қаламды екі немесе үш саусақпен
айналдыртады.
Саусақ
жаттығуы
«Сорпаға
тұз себейік»
Дәптермен
жұмыс
Дәптердегі
№1 тапсырма бойынша орындалады
Іс
- әрекеттің бағалау кезеңі
-
балалар әріп пен дыбыстың айырмашылығы
бар ма?
-
қандай айырмашылық?
-
үстелде отырудың қандай ережелерді
білесіңдер?
-
қарындашты қалай дұрыс ұстау керек?
Күтілетін
нәтиже:
Нені
біледі:
жануарлар мен жәндіктердің, көліктердің
дауысын, жүрісін салуды, жазу барысында
үстелде дұрыс отыруды, қарындашты дұрыс
ұстауды, үзік сызықтарды қосуды.
Қандай
түсініктерді игерді: дыбыстардың жазылу
таңбасы әріптер екенін дыбыс пен әріптің
айырмашылығын, оқу үшін әріптерді тану
керек екенін
Меңгерген
дағдылары мен іскерліктері: саусақ
бұлшықеттеріне жаттығу жасауды.