Материалдар / Ашық сабақ "Дыбыс және әріптер"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Дыбыс және әріптер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Дыбыс және әріптер туралы түсінік беру.Дыбыс пен әріптерді ажырата білуге үйрету
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Мамыр 2024
185
1 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады






Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы №10 А.Байтұрсынов атындағы ЖОББМ мектепалды даярлық топ тәрбиешісі Гатауова Гулнара Габдиевна


Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті:Сауат ашу

Сабақтың тақырыбы: Дыбыс  және әріптер(Мектепалды даярлық топ )

Сабақтың мақсаты: Дыбыс пен әріп туралы түсінік беру, дыбыс пен әріптің айырмашылығын ажырата білуге үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасату арқылы ақыл-ойын дамыту, сөйлем құрату арқылы сөздік қорын молайту. Топтық жұмыста бір-біріне көмектесуге үйрету. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Әдіс- тәсілдер: Түсіндіру, Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті: Сауат ашу

көрсету, сұрақ-жауап.

Көрнекі құралдар: Сюжетті суреттер, ойыншықтар, кеспе әріптер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Психожаттығу: «Күлімдейік».

-Балалар адам жанының, жүрегінің кілті біздің езуімізде.Егер біз үнемі достарымызға,  ата-анамызға, апайларға  күлімдеп, жадырап көңілді жүрсек біз мейірімді,ақылды болып өсеміз. Жан- жағымызға күлкі сыйлайық.

Олай болса кел,балалар күлейік!

Кел балалар күлейік,

Күлкіменен түлейік

Қабақ шытқан не керек

Күліп өмір сүрейік!

-Балалар бүгінгі сабағымыз өте ерекше.Сабаққа деген ынтамызды көтерейік.

Жаттығу «Біз байсалдымыз»

Біз байсалдымыз,

Мұқият тыңдаймыз,

Есте сақтаймыз,

Бөгет жасамаймыз,

Сабақта өткенді,әрдайым қайталаймыз!

-Балалар бұл ненің дыбысы?

Таңғажайып кезең. Топқа қонақ келеді. (музыкамен кіреді)

Сәлеметсіңдер ме балалар бұл даярлық тап па?

Мен өте қызықты әріптер әлемінен келдім. Мен дыбыстар әлемінің ханшайымымын. Мен сендерге өз әлемім жайлы айтып берейін.

Әлдеқандай патшалықта емес, әлдеқандай мемлекетте емес, тура өзіңнің аузыңның ішінде дыбыстар  тұрып жатыр,ал олардың үйі міне қандай әдемі.

(ауызды көрсетші,аша ғой қане).Үйдің төбесі бар.Еден төменгі таңдай,Есік еріндер.Есік бекем болу үшін сүйек шарбақтар да бар.Бәрі жақсы болар еді,бірақ үйдің шінде ашулы айдахар кіріп алыпты.Алайда кейбір дыбыстар емін-еркін өтіп кетеді және олар қызыл киім киіп алыпты.Ал басқа дыбыстардың. жолына кедергі жасапты. Есікті жауып алады немесе қоршауды қойып қояды.Олар емін еркін шыға алмайды сондықтан көк көйлек киіпті.

Мен жайлы не білесіңдер?

-Сөз, сөйлем,дыбыс,дауысты,дауыссыз дыбыс жайлы балалар айтады.

Менің әлемім жайлы білдіңдер енді мен сендермен қоштасайын .Сендерге қызықты тапсырмалар бар соларды орындасаңдар сендерді сыйлықтар күтіп тұр. Сау болыңдар!

1. Жұмбақ

Бұл не? Сиыр.

Қай дыбыстан басталып тұр? (С)

С  и  ы  р  сөзінде қанша дыбыс қанша әріп бар? 4 әріп 4 дыбыс Сиыр  сөзін буынға бөлу. Си-ыр екі буын . Қанша дауысты дыбыс болса сонша буын болады Сөздің естілуіне қарай бірнеше бөлікке бөлуге болады. Оны буынға бөлу деп атаймыз..

(Тақтаға бір бала басқа б-р орнында текшелермен жазады )

Қанша дауысты дыбыс,қанша дауыссыз дыбыс.оларды

Екі  дауысты,ол и  және ы дыбыстарыы. Ол үйткені созылып әндетіп кедергіге ұшырамай айтылады. Қызыл текшемен белгілейміз.

С, Р-дауыссыз үйткені қысылып кедергіге ұшырап  дыбыстауға келмейді.

Сиыр бұл сөз.

Сиыр қандай болады ?

Ала бұл да сөз. Енді екі сөзді байланыстырайық. Ала сиыр. Бұл енді сөйлем болады.

Сөйлем сөздерден құралады.Ол тиянақты ойды білдіреді. Оны мынадай сызба түрінде береміз. Текшемен сөйлемді жазу.(тақтада)

Сөйлем арқылы адам өз ойын көргенін түсіндіреді.Сөйлемдегі сөздер бір бірінен бөлек жазылады.

Сөйлемнің бірінші сөзі  бас әріппен беріледі. Сөйлем соңында .! ?  белгісі қойылады.

2.Балалар көзімізді жұмып ештемені көрмесекте менің дауысымды, иттің үруі, машинаның гүрілін естисіңдер. (таспадан тыңдату) Бұлар дыбыстар.

Оларды көзбен көрмегенмен құлақпен естисің.Ол арды естиміз, айтамыз.

Дыбыстар әріппен таңбаланып жазылады.

3.Дидактикалық ойын «Қай дыбыстан басталады» Суреттегі заттың қай дыбыстан басталғанын табады.

4. Буынұйқастар : 
ра-ра-ра – ұшып жүр ара; ар-ар-ар – дала толы қар; ыр-ыр-ыр – үйдің сыртында қыр; ры-ры-ры – жапырақтар сары; ір-ір-ір – үсті – басы кір; 
5.К. Ерешовтың «Ала бұзау» атты әңгімесін  оқып беру.

Ескендір күнде ала бұзауына сүт беріп жүріп, көгорай шөпке жайып, қамқорлық жасап жүрді.Бір күні ала бұзау тоғайда жүрген малға қосылып кетті. Ескендір бұзауын іздеп тоғайға келді.бір кезде қатты  жел соқты.Жел соққанда қандай дыбыстар шығады? Жел улейді. У-у-у

Желдің әсерінен ағаштардың жапырағы шулайды.

Қандай дыбыстар естіледі?  Ш-ш-ш

Тоғайда жүру өте қиын болды.

Маса ызыңдап, мазасын алады. З-з-з

 Ескедір қасына еріп келген Ақтөстің ырылдаған дыбысын естіді. Р-р-р

Ескендір айналасына қарады.Шөп арасында басын көтеріп, Ақтөске қарап айбат тұрып тұрған жыланды байқады.

Жылан Ақтөске қарап ысылдап тұр екен. С-с-с

Жыланды көрген Ескендір қорыққанынан өсіп тұрған емен түбіне қарай шегінеді.Ыжылдаған дыбысты құлағы шалады.Ол еменнің бұтағына орналасқан араның ұясын көреді.   Ыжылдаған аралар  -Ж-ж-ж.

Ескендір ала бұзауын шақырады.-Кәне балалар, бұзауын шақыруға көмектесейікші:  Ауқау-ауқау!

Жақын жерден бұзауын үйіне айдап қайтты.

Балалар, сонда біз әртүрлі дыбыстар естідік,біз дыбысты қайтеміз?

6.Сергіту сәті.Мен дыбыстарды дауыстап айтамын, ал сен « А» дыбысын естігенде алақаныңды шапалақта. Еестігенде аяғыңды тыпырлат т.с.с қимылдар

О-О-О-У-У- У-А-А-А-Э-Э- Э-Ы-Ы- Ы А-А-А- Т –Т-Т-М-М-М А-А-Я -Я- Ө- А- Е

7.Мнеможолдар арқылы балаларға мазмұнын айтқызу.

8.Сурет бойынша сөйлем құрастыр.Текшемен сөйлем жазу.

9.Сөздік ойын «Қарама –қарсы сөздер»

Мен «жоғары» десем,сен........                 Мен «биік»десем, сен.....

Мен «төбе» десем,сен.......                       Мен «ауыл» десем,сен......

Мен «үлкен» десем, сен.....                      Мен «құрғақ» десем,сен.....

Мен «алыс» десе,сен.....

10.Ребус шешу

11.Дәптермен жұмыс Үлгі бойынша жазу.

Сонымен балалар, сөз дыбыстардан құралады,дыбыстарды айтамыз,естиміз

Дыбыстар әріппен таңбаланып жазылады, әріптерді көреміз, оқимыз, жазамыз.

12.Кім жылдам? логикалық ойын

Мұзды қала неден жасалған? (Мұздан).Кітап неден жасалған? (қағаздан)

Орманда не көп? (ағаш). Анасы қызын үйге шақырды кім үйде? (анасы)

Қорытынды:  «Өз көңіл –күйіңді сал»  

Рахмет айтып сіздерге,күлкімізді сыйлайық.

Көріскенше күн жақсы ,аман есен болайық!

 

 

 

 

 

 

 

 



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!