жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Дыбыс үндестігі
Сабақ: Қазақ тілі |
Мектеп: А.Байтұрсынов атындағы №13 орта мектеп |
||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Балтабекова А.О. |
||||
Сыныбы: 4 «Ә» |
Қатысқандар: 16 |
Қатыспағандар : 0 |
|||
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы |
|
||||
Сабақтың тақырыбы |
Дыбыс үндестігі |
||||
Сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
4.4.1.3 - айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді анықтап жазу; 4.1.1.1 - тыңдаған материал бойынша негізгі тұсын түртіп алу және солардың негізінде мәтіннің мазмұнын айту. |
||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар орындай алады:
Оқушылардың көпшілігі орындай алады Тыңдаған материал бойынша негізгі тұсын түртіп алу және солардың негізінде мәтіннің мазмұнын айту. Кейбір оқушылар орындай алады Мәтін мазмұны бойынша өзіндік пікірін айта алады. |
||||
Бағалау критерийлері |
Тірек сөздер мен суреттер арқылы тақырыпты болжайды. |
||||
Тілдік мақсат
|
Оқушылар орындай алады:
«Дыбыс
үндестігі екіге бөлінеді : ілгерінді
ықпал,кейінді ықпал. Сөз бен қосымшаның жігінде немесе сөз бен сөздің аралығында кейінгі дыбыстың алғашқы дыбысқа әсер етуін кейінді ықпал дейміз |
||||
|
Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған тіркестер Азан шақырып ат қою, бата беру, есім қою дәстүрлері |
||||
Талқылауға арналған сұрақтар Дыбыс ундестігі дегеніміз не ?
Дыбыс
үндестігі нешеге бөлінеді? Кейінді ықпал дегеніміз не? |
|||||
Алдыңғы оқу |
Дыбыс үндестігі |
||||
Пәнаралық байланыс |
Қазақ әдебиеті, Өзін-өзі тану |
||||
Құндылықтарға баулу |
Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, қарым-қатынас жасау қабілеті, көзқарастарына құрметпен қарау, қамқорлық көрсету, отбасылық құндылықтарға баулу. |
||||
Жоспар |
|||||
Жоспарланған оқу |
Жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
|||
Сабақтың басы 5 мин
|
2 мин
|
І. Ұйымдастыру кезеңі 1.Оқушылармен сәлемдесу. 2.Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын қадағалаймын. ІІ. Үй тапсырмасы «Миға шабуыл» әдісі арқылы оқушыларға зымыран сұрақтар қойып, оқушылардың өткен сабақтан алған білімдерін тиянақтаймын.
Қалыптастырушы бағалау «Бағдаршам» әдісі. |
|
||
Сабақтың ортасы 30мин
Білу
Түсіну
Қолдану
|
10мин
5мин
5мин
5мин
5 мин
|
Жаңа сабақ
Сөз
бен қосымшаның жігінде немесе сөз бен
сөздің аралығында дауысыз дыбыстардың
бірін – бірі өзіне ұқсата әсер етуі
дыбыс үндестігі деп аталады. Мысалы
: қаздар (қазтар емес ), есептер ( есепдер
емес ). 1-тапсырма. Оқылым/Айтылым. Топтық жұмыс. Ықпалдың түрлері: Ілгерінді Кейінді Тоғыспалы /прогрессивті/ /регрессивті/ ықпал. ықпал ықпал 1. Ілгерінді ықпал. (прогрессивті)
Аш- са – аш – ша. ш-с = шш
Қара қой – қара ғой. а – қ = ағ.
Жас бала – жаспала. с – б =сп Ілгерінді ықпал-алдыңғы дыбыстардың кейінгі дыбысты өзіне тәуелді етуі, игеруі. 2. Кейінді ықпал (регресивті) - прогрессивті ықпалға қарама-қарсы, кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысты тәуелді етуі, игеруі. Тарақ + ы – тарағы. қ – ы = ғы.
Күрек + і – күрегі. К – і = гі.
Жан + бады – жамбады. Н – б = мб
Сөз - жоқ – сөж жоқ. З – ж = жж. 3. Тоғыспалы ықпал - көрші дыбыстардың ілгері-кейінді қарсы әсері. Бұл сөзбен сөздің арасында кездеседі. 1.Аман келді- Амаң - гелді. нк-ңг
2.Қан қызыл- қаң ғызыл нқ-ңғ
3.Мен келдім-мең гелдім нк-ңг
4.Дос жаран- дошшаран сж-шш
Топтық жұмысты бағалау дескрипторы: 1.Топтар мәтін мазмұнын жүйелі баяндайды; Кері байланыс: Ақпараттардың маңыздылығын анықтау қаншалықты қиын болды? Топпен жұмыс істеу ұнады ма? 1Б- тапсырма. Айтылым. Жеке жұмыс Сенің есіміңді кім қойған? Өзіңе ұнай ма? Егер қайта таңдауға мүмкіндік болса, қандай есім таңдар едің? Неге? Кері байланыс. Мәтін мазмұнын түсіндіңдер ме? Қалыптастырушы бағалау. «Бас бармақ» әдісі топ бірін-бірі бағалайды. Мұғалімнің түсіндірме жұмысы. АКТ арқылы үндестік заңы ережесімен таныстырамын.
Дыбыс
үндестігі
Кейінді
ықпал
Тоғыспалыықпал
Ілгерінді
ықпал
Қатар
тұрған екі дыбыстың бір-біріне
ілгерінді-кейінді ықпал етуі
Амангелді
– Амаңгелді, Досжан - Дошшан
Алдыңғы
дыбыстың өзінен кейінгі дыбысқа ықпал
етіп, өзіне ұқсата әсер етуі Сары-ғұм,
Тілеу-ғабыл, т.б. эжалғаждыбысытарға
Кейінгі
дыбыстың алдыңғы дыбысқа әсер етуі Тарақ+ы-
тарағы Жаз+са-жасса
(айтылуы)
Қалыптастырушы бағалау. «Бағдаршам» әдісі тапсырма. Топтық жұмыс. 1-топ. Ілгерінді ықпалды тауып, астын сызыңдар 2-топ. Кейінді ықпалды тауып, астын сызыңдар 3-топ. Тоғыспалы ықпалды тауып, астын сызыңдар Кері байланыс: Сөздердің дұрыс жазылуы мен дұрыс айтылуында айырмашылықтар бар ма? Ықпал түрлерін ажырата аламыз ба? Қалыптастырушы бағалау. «Үш шапалақ» әдісі. Бағалау: «Өзін-өзі бағалау» тәсілі Бас бармақ – басты мәселе. Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды? Балалы үйрек – бірлесу. Мен топта/жұпта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім? Ортан терек – ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым? Шылдыр шүмек – шынайылылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен? Кішкентай бөбек – көңіл – күй ахуалы. Мен өзімді сабақта қалай сезіндім? Үйге тапсырма:
|
Оқулық Стикерлер
Таратпа қағаздар
Аудио материал
|
||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық
және қауіпсіздік техникасының
сақталуы |
|
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады. |
Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз. Бағалаудың бірнеше түрін қолдана отырып, кері байланыс жасадым. Уақытты тиімді пайдалана алдым. Инсерт – түртіп алу әдісін, «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісін тиімді пайдалана алдым. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар жүргіздім. |
Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары. Әсем әуенге әдемі би билетіп, сергіту сәтін ұйымдастырдым. Мұнда, қолдарын сермегенде, аяқтарын сілкігенде бір-біріне тиіп кетпеуін ескерттім. |
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
||
Бұл сабақта оқу мақсаттары дұрыс қойылған. Оқушылардың барлығы оқу мақсаттарына қол жеткізді. Себебі, оқушылар айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді анықтап жаза алады. Оқушылар тыңдаған материал бойынша негізгі тұсын түртіп алады және солардың негізінде мәтіннің мазмұнын айтады. Сабақ барысында саралау дұрыс жүргізілді. Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды. Сабақ жоспарынан ауытқулар болды. Бұл ауытқулар көбінесе бағалау барысында кездесті. Себебі, оқушылар бағалау түрлерін өздері ұнататын «Цукерманның сиқырлы сызғышы» әдісін пайдалануды ұсынды. |
|||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақта оқушылар жоғары дәрежеде белсенділік танытты. 2: Сұрақтарға толық жауап беріп, топтық жұмысты тығыз байланыс орната алды. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақты жақсартуға тағы да қосымша тапсырмалар қажет. 2: Логикалық интелектуалды сұрақтар дайындау. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? Сабақ барысында Тілеген А. Тілеген Н. Әбделі У. Әлібек Н. Таңсық Р. жеке тапсырмалар орындауда қателіктер жіберді. Келесі сабақтарда жеке тапсырмаларды жиі орындатып, асықпай көңіл бөліп, мұқият болуын қадағалап, машықтандыру. Тілеген А. Тілеген Н. Әлібек Н. топтық жұмыстарда белсенді сөйлеп, атсалыса алады. Әбделі У. Уалихан А. Таңсық Р. өте баяу жауап береді. Жолдасбек А. Тұрғын Ж. Қожаберген Ж. барлық жағынан дұрыс жауап береді, бірақ өте ұялшақ. Майрамбай А. Сабырбек А. Ерболат М. Көшербай Б. Балтабай Е. Абдуат Н. өте белсенді, ойларын жинақы жеткізіп, тапсырмаларды дұрыс орындайды. Аман А. асығыс жазып, ойланып жауап береді. Осы оқушылардың жеке қабілеттеріне байланысты тапсырмалар ұйымдастырып, тапсырмаларды жеңілдету және күрделендіру қажет. |
|||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген