400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Дыбыстар әлемінде"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалармен дыбыстар әлеміне саяхатқа бару, дыбыс пен әріптің айырмашылығын түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы


Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Сауат ашу және жазу негіздері

Тақырыбы: «Дыбыстар әлемінде»

Мақсаты: балалардың дыбыстар туралы білімдерін бекіту. Оларды жеке талдап, жұмыспен дәлелдеп көрсету. Балалардың ой - өрісін, сөздік қорын, тіл байлығын, тілін дамыту.Топпен жұмыс істеуге, ұғымталдыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: кеспе әріптер, сөз сөйлемге арналған қиылған сурет карточкалар, Монтессори технологиясын қолдану, тақтамен жұмыс
Әдіс - тәсілдер: әңгімелеу, ойын ойнату, тапсырмалар, көрсету.

Мотивациялық–қозғаушылық:

Шаттық шеңбері.

Шеңбер болып тұрайық,

Алақанды ашайық,

Күннің нұрын салайық,

Таза ауаны жұтайық,

Жүрекке жылу сыйлайық,

Жинаған жылы шуақты,

Қонақтарға шашайық.



Ұйымдастырушылық кезеңі.

Тәрбиеші: Балалар, біз бүгін ғажайып «Дыбыстар әлемі» туралы көп қызықты ақпараттар аламыз.

Тәрбиеші: Балалар, дыбыс пен әріптің айырмашылығы неде, оларды қалай ажырата аламыз?

Балалар: - Дыбысты естиміз, әріпті көреміз, жазамыз.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар сендер білесіңдер ме, әрбір тіршілік иесінің өздерінің тұратын жері, мекені болады екен.
- Мысалы адамдар үйлерінде, құстар ұясында, үй жануарлар
қорасында, ал аңдар өз апандарында өмір сүреді екен, мен қазір сендерге сол туралы ертегі айтып берейін.
Олай болса мұқият отырып тыңдайық.

Баяғыда бір үйшік болыпты. Дыбыстар барлығы сол үйшікте өмір сүріпті. Үйшіктегі дыбыстарды басқарып тұратын Боран ата болыпты. Боран ата дыбыстардың үйшіктен кіріп, шығуын қадағалап отырған екен.
Көңіл - күйі жақсы болғанда ол дыбыстарды емін - еркін өткізіп жібереді, мысалы былай А, О, Бұл дыбыстар үстіне қызыл көйлек киіп есіктен емін - еркін өтіп шығып жатады.

Ал келесі дыбыстардың жолына Боран атаның көңіл күйі түсіп кеткенде кедергілер жасап шығуына бөгет болады, не есікті жауып қояды. Олар: Б,Қ,Н, Ғ,М,Р

Артикуляциялық жаттығулар: А,О,Б,Қ,Н,Ғ,М,Р,

Сонымен, емін - еркін шыққан дыбыстар қалай аталады?

-Балалар:дауысты,

-Ал, қысылып шыққан дыбыстар қалай аталады?

-Балалар:дауыссыз

Дұрыс айтасындар екіге бөлінеді.

Тәрбиеші: Олар бір-бірімен келіспей қалады. Балалар, ал сендер тату-тәтті, бірге ойнайсыңдар ма?

Балалар: -Иә!

- Ал балалар біз дыбыстарды достастыру үшін көмекке барайық па?

Балалар: Барамыз!
Ал жолға шығайық!

Боран ата: Неге келдіңдер? Не істеп жүрсіңдер?

Тәрбиеші: Дауысты дауыссыз дыбыстар бір-бірімен ренжісіп қалыпты ғой. Оларды достастыру үшін көмекке келдік.

Боран ата: Жоқ мен олардың достасуына жол бермеймін.

Тәрбиеші:Бір-бірлеріне жол ашатын ол –достық , сыйластық, татулық!

Боран ата: Жарайды , оларды достастырғыларын келсе, онда менің тапсырмаларымды орындандар!

Тәрбиеші: Боран ата ендеше сіз бізбен бірге тапсырмалардың орындалуын қадағалап жүріңіз.

  1. тапсырма: Тақтаға әріптің үстіне қажетті суретті жабыстыру.

Боран ата: Бұл әлі жеткіліксіз, тағыда қызықты тапсырмаларым бар.

Тәрбиеші: Ал, енді екінші тапсырма қандай? Біздің балалар әр тапсырманы орындауға дайын. Сондықтан тапсырмаларыңызды балаларға ұсыныңыз.

  1. тапсырма:Ұзын жолақшада дауысты, дауыссыз дыбыстардан құралған сөздер берілген. Сол дыбыстарды ажырату үшін текшелерді пайдаланады.

Тәрбиеші: -Балалар, бұл тапсырма өте қызықты. Мысалы: Қар сөзін алып дыбыстық талдау жасаймыз.





-Балалар, қар сөзінде неше дыбыс бар екен?

Балалар: -Екі дауысты, екі дауыссыз дыбыстан тұрады екен.

Тәрбиеші:Жарайсыңдар, балалар Боран атаның тапсырмаларын орындап, шаршап қалған шығырсыңдар?

Балалар: -Иә!

Боран ата: Менде сендермен бірге серігіп, денемді шынықтырып алайын!

Сергіту сәті:

Шығамыз серуендеуге далаға, (қолдарын екі жаққа сермейді)

Ауа райын байқаймыз (жан-жақты байқау)

Дала қандай суық дір-дір-дір (үстерін сипалау)

Боран желмен орайды гу-гу-гу(айналамыз)

Тонып қалдық дірілдеп (секіреді)

Балабақшаға кіру керек зу-зу-зу(жүгіру)

Тәрбиеші:Балалар серігіп алсаңдар орындарымызға жайғасамыз, Боран атаның келесі тапсырмасы қандай екен сұрап көрейікші?

балаларға дайындап келген келесі тапсырмаңыз бар ма?

Боран ата: -Иә, әрине тапсырмаларым бар!

Тәрбиеші: Балалар, біз тонғанда жылы киім киеміз, жылы жерді іздейміз, ал дыбыстарда тоңып жылы жерді іздейді екен.

3-тапсырма: «Дыбысты қорап» бұл тапсырманың ішінде жасырында дыбысты тауып және әр түрлі суреттер берілген қай дыбыстан басталып тұрғанын айтып, саусақпен көрсету.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар!

Боран ата: Балалар, дыбыстарды жақсы таниды екен, ал келесі тапсырма өте қиын, оны орындалалмайсыңдар деп ойлаймын. Міне, менің іздерім, оларды басып, дыбыстарды дұрыс айту керек.

Тәрбиеші: -Иә, тапсырма өте оңай емес, бірақ біздің балалар орындай алады деп сенемін.

-Ой, балалар мынау үлкен адамның ізі ғой мүмкін Боран атаның ізі болар. Балалар қараңдаршы із қандай үлкен сендерде осындай үлкен азамат болып өсесіңдер.

Міне ізгеде келіп жеттік.

Тәрбиеші: Боран ата бізге мына тапсырма қиын болайын деп тұр, сіздің бізге көмегіңіз керек .

Боран ата: Жарайды, онда менің артымнан қайталаңдар, бір ізді басамыз , бір ізден дыбыстың атын айтамыз, сосын сөз құраймыз.

Балалар: -Таптық, бұл тапсырма бізге түсінікті болды әрі қызықты тапсырма екен.

-Өте қызықты.

4-тапсырма: Аяқ іздерінен дыбыстарды табу керек.

Тәрбиеші: -Көрдіңіз бе Боран ата біздің балалар шапшаң, әрі батыл тапсырмаларды мұқият орындайды.

Боран ата: -Иә, маған балалардың тапсырманы тиянақты, ұқыпты орындап жатқандары ұнап отыр.

-Жарайсыңдар!

Тәрбиеші: -Балалар, байқадыңдар ма? Тапсырмаларды орындап жатқанда дыбыстардың достасқанын байқап отырмыз.

-Балалар, Боран ата келесі тапсырманы сұраймыз ба?

Балалар: -Иә!

Тәрбиеші: Боран ата біздің балаларға тағы қандай тапсырмаңыз бар?

Боран ата: -Балалар тапсырмалар көңілдеріңнен шығып жатыр ма?

Балалар: -Иә! Өте қызықты, ұнайды.

Боран ата: -Міне, тағы бір тапсырма бар.

5-тапсырма:Үстел үстінде ыдысқа салынған ұнтаққа дыбыстарды жазып көрсету.

Тәрбиеші: -Балалар тапсырманың алдында саусақтарымызды жатықтырып алайық!

Саусақ жаттығулары- саусақтармен әріпті жасау, көрсету. А,Ғ, О,Н, Р, М,Б, Қ

Боран ата: Жарайсыңдар балалар! Өздерің шапшаң да, ақылды екенсіңдер.

Тәрбиеші: Енді балалар, Боран атаға дыбыстардың бір-бірімен дос екеніне көз жеткізейік.

Тақтада әріптер жиынтығымен сөздер құрау.

Боран ата: Балалар, сендер жеңдіндер. Мен қателесіппін. Дыбыстар бір-бірімен дос болса бола берсін. Ал, енді мен кетейін. Сау болыңдар!









Қорытынды:

Тәрбиеші: -Балалар, сендер қандай әлемге бардыңдар?

Сендерге қандай тапсырма ұнады?

Балалардың жауабы:

-Ғажайып дыбыстар әлеміне бардық.

-Иә, бізге дыбыстарды достастырған ұнады.

Тәрбиеші: Міне, балалар дыбыстық әлемінде дыбыстар қалай татуласқандарына біз куә болдық. Сендердің достарын мәңгілік болсын. Балаларды мадақтау. Бүгін сендер біраз тапсырмаларды орындадындар жарайсындар! Әр тапсырмадан кедергіге ұшырамай шапшан өттіндер сендерге мынадай жұлдызшалар тарту етемін. Мен сендерге ризамын.

Ән: «Қуанышқа бөленген, әр күніміз!»








































«№5 Алтын бесік балабақшасы МКҚК

ГККП «Детский сад №5 «Алтын бесік»









Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Сауат ашу және жазу негіздері

Ересектер тобы «Ақ бұлақ»



Тақырып: «Дыбыстар әлемінде»

(семинардың тақырыбы

«Инновациялық технологияларды қолдану»)









Дайындаған: Оразбаева М.А.

Тәрбиеші













2017-2018 оқу жылы







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
13 ұстаз жүктеп алған
15 қараша
7778
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі