.
Дыбыстар
әлемінде
Мақсаты:дауыссыз дыбыстардың үн қатысы
арқылы жасалатынын және буын құрай алмайтынын естеріне
түсіру.Дауыссыз дыбыстар дауыс қатысына қарай үшке бөлінетіндігін
ұғу.
Сабақтың
барысы:
1.Ұйымдастыру
кезеңі.
Қызығушылықты ояту.
«Дыбыстар патшалығы» жайлы
әңгіме.
-Әлдеқандай патшалықта
емес,әлдеқандай мемлекетте емес,тура өзіңнің аузыңның ішінде
дыбыстар тұрып жатыр.Ал олардың үйі,міне,қандай әдемі(аузыңды
көрсетші,аша ғой қане).Үйдің төбесі бар(тіліңді тигізіп көр,өзіңнің
үйіңнің төбесін ізде, таптың ба?) Еден дегеніміз төменгі
таңдай,есік-еріндер.Есік бекем болуы үшін қойылған сүйек шарбақтар
да бар (тістерін көрсетсін). Бәрі жақсы болар ма еді,қайтер
еді,бірақ үй ішіне бір айдаһар кіріп орнығып алды (тілдің ұшын
қимылдату).
....Сөйтіп,ол өзінің зұлымдық
істерін жасай бастады.Кейбір дыбыстарды ол емін-еркін өткізіп
жіберді,міне былай,менен кейін қайталап айтып отырыңдар: а,ә,о,ы,
и...Бұл дыбыстар еріннен,яғни есіктен еркін өтіп жатты және олардың
киіп алған мынадай қызыл көйлектері бар еді(оқушыларға қызыл
карточканы көрсету). Ал басқа дыбыстардың жолына айдаһар түрлі
кедергілер тұрғызды немесе немесе есікті жауып қояды(м-м-м). Ол (т)
дыбысын төбеге итеріп,жасырып қояды.Айдаһар дыбыстарды біресе
ысылдап шырылдауға (ш),пфсқырынуға (ф),ысқыруға (с),қырылдауға (х)
мәжбүр етеді.Біресе дыбысты құйрығымен ұрады (р) (айтып
көріңдерші,тіл діріл қағып тұр ма?) Бұл дыбыстар ауыздан емін-еркін
шыға алмайды.Сондықтан да олар мынадай көк көйлек киіп алған(көк
картояканы көрсету).
«Көйлек кигізіп
шығар»ойыны.Дыбысты
атағанда,оқушылар соған сәйкес қызыл немесе көк жолақты
көрсетеді.
Дауыссыз дыбыстар үшке
бөлінеді.
-
Үнді дауыссыздар:
л,м,н,ң,р,й.(у)
-
Ұяң дауыссыздар:
б,в,г,ғ,д,ж,з
-
Қатаң
дауыссыздар:қ,к,п,с,т,ф,х,һ,ч,ш,щ;
-
- Жаңылтпашты жаттап,тез
айтуға үйрен.
Жаңылтпаш
Алатауда неше шың
бар?
Қаратауда неше шың
бар?
Алатауда бір
мың шың бар.
Қаратауда
бір мың шың
бар.
Қарамен жазылған сөздерді
көшіріп жаз.Дауыссыз дыбыстардың астын
сыз.
Алатауда,
Қаратауда,
шың,
мың.
2-тапсырма.Орман,ізет,қуыршақ,мұғалім
деген сөздердегі дауыссыз дыбыстарды
топтастыр.
Қатаң:
т,қ,ш
Ұяң: з,
ғ
Үнді: р, м, н,
л,
3-тапсырма.Мына сөздерді салыстырып
оқыңдар.
Алу-беру, егу-ору,
үшеу-алтау,кіру-шығу,көру-салу,ауа-әуе
Әр сөздегі у дыбысының дауысты
немесе дауыссыз естілуін анықтаңдар.
4-
тапсырма.Суретке қарап, гүлді сипаттап
әңгіме құрап жаз. Дауыссыз дыбыстардың астын сыз.(Гүлдің
суреті)
Гүл әдемі. Жайқалып өсіп тұр.
Гүлдер суды, жылуды, күнді жақсы
көреді.......
Сабақты қорытындылау.
«Ойлан,тап» ойыны.Екі топқа бөлінген
оқушылардың бірі дауысты дыбыстан басталатын,екіншісі дауыссыз
дыбыстан басталатын сөз ойлап,содан кейін сөйлем құрап
жарысады.
-
топ: айна, орындық,
.............. Бөлмеде әдемі айна ілулі тұр.
............
-
топ: терезе, достар,
.................. Айнұрдың достары көп.
.............
Сұрақ-жауап әдісі арқылы
дауыссыз дыбыстар туралы алған білімдері
пысықталады.