Материалдар / Ашық сабақ «Дыбыстар әлеміне саяхат!»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ «Дыбыстар әлеміне саяхат!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалім-дефектологтың Тілді түзете-дамыту сабағынан Ашық сабақ тақырыбы: «Дыбыстар әлеміне саяхат!» 1 сынып топтық жұмыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қараша 2021
1296
12 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мұғалім-дефектологтың «Тілді түзете-дамыту сабағының» жоспары

Топтық жұмыс


Күні:18.11.2021жыл

Сабақ түріі: Топтық ( 1 сынып)

Тақырыбы: «Дыбыстар әлеміне саяхат!»

Кезеңі:Түзетушілік кезеңі.

Тобы: ФФБ-2 топ; ФБ -1 топ;

Мақсаты: Дыбыстардың әріптік және дыбыстық қалпымен

таныстыру. Артикуляция мүшелерінің дұрыс қалпын бекіту, дыбысты

буында, сөздерде анық айту, дыбыстық талдау-жинақтау

дағдыларын қалыптастыру.

Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту, сөздерден сөйлем құрай

білуге дағдыландыру, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту. Фонематикалық

есту, дыбысты ажырату қабілетін дамыту. Дыбыстарды есту арқылы

сөздегі орналасқан орынын анықтауға машықтандыру.Электронды

тақтаны пайдалануын игерту. «Флиппчарт» технологиясын пайдалану

арқылы баланың танымдық қабілетін арттыру.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, дидактикалық ойын,сұрау,

АКТ.

Көрнекіліктер: Дыбыстардың әріптік таңбасы, айна, АКТ, карточкалар,

аудио- жазбалар, интерактивті тақта, артикуляциялық жаттығулар, суреттер,

«Бір ізбен бірдей жүр» қол жаттығуы, «Әріптер» таңбасы.


Іс-әрекет барысы:

І. Кіріспе бөлімі

Мұғалім-дефектолог: -Сәлемдесу.Балаларды оқу қызметіне дайындау.

-Мезгіл және ауа райы ерекшелігін сұрау.

Мұғалім-дефектолог:- Балалар, бүгін біз сендермен «Дыбыстар әлеміне» саяхат жасаймыз.

- Бәріміз көзімізді жұмайық.

Флиппчарт тақтасы қосылады, қоршаған ортадағы сан алуан дыбыстар естіледі.

Мұғалім-дефектолог: - Оқушылардан аудио-жазбадан естілген дыбыстар туралы сұрайды және дыбыстарға түсінік береді.

-Оқушыларға «Дыбыстар әлеміне» жету үшін ғаламшарлардағы тапсырмаларды орындау керектігін түсіндіреді.


ІІ. Негізгі бөлім

1- ші ғаламшар тапсырмасы:

- «Артикуляциялық жаттығуды орындау» (Сурет арқылы айна алдында орындалады)

-Оқушылар айна алдында тіл жаттығуларын: «Су сиыр»,«Бақа», «Піл»,«Кесе», «Әткеншек», «Тоқылдақ» жаттығуы орындайды!

Мақсаты: дыбысты дұрыс айтуға қажет сөйлеу мүшелерінің қалпын, қимыл қозғалысын дамыту.


Picture 4


2-ші ғаламшардың тапсырмасы:

«Бір ізбен бірдей жүр» тапсырмасы -Қол жаттығуын орындау

Мақсаты: Баланың қол икемділігін, түсті ажырата алу қабілетін дамыту.

Шарты: Суреттегі аталған бірдей түстермен жоғары қарай, бала екі қолмен

бірге қатар жүргізу арқылы орындауы керек.





3-ші ғаламшардың тапсырмасы:

«Дыбысын айтып қайтала!»

Мақсаты: Баланың дыбысты есту арқылы ажыратуын дамыту. Дауыссыз дыбыстарды анық айтуға машықтандыру. «Қоршаған орта» дыбысына еліктеу арқылы дыбысты анық айтуға машықтандыру.




Shape2 Shape1

C-c-c-c-cc-c

Ж-Ж-Ж-Ж-Ж-Ж-



Сергіту ойыны: «Зымыран» жаттығуы

Ракета- зымыран! (екі қол саусақтарын қосып, үшбұрыш жасайды)

Ғарышқа оны ұшырам. (екі қолды жоғары көтереді)

Аспанға қарап ай көрдім.( жоғары қарай басты бұру,жоғарыға қарау)

Төмен қарап жер көрдім.(төменге қарай басты бұру, төменге қарау)

Оңға- солға бұрылып, (денесімен оңға және солға бұрылу)

Егеменді ел көрдім. (екі қолды ашады)


4-ші ғаламшардың тапсырмасы:

«Сөйлем құрап айт!» тапсырмасы

Мақсаты: Сюжетті суреттің мағынасын түсіндіру, сұрақ мазмұнын, сөйлем құрай алуын, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту. Дыбыстарды сөйлем ішінде анық, дұрыс айтуға машықтандыру.

Шарты: «Қыс мезгілі» сөйлем құрап,әңгіме айту. Сюжетті суретпен жұмыс.

1. Қыс мезгілі. Қыс мезгілінде күн суық болады. Далада қар жауып жатыр. Балалар серуенге шықты.

2. Балалар қардан аққала жасады.

3. Балалар құстарға дән септі. Құстарға қамқор болды.

4. Балалар кешке қуанып үйлеріне қайтты.

ІІІ. Қорытынды бөлім:

5-ші ғаламшардың тапсырмасы:

«Дыбыстар әлемі»

Мақсаты: Балаларға дыбыстардың түрлері туралы түсінік беру, айтылу ерекшелігімен және қоршаған ортада естілуімен таныстыру.

Дыбыстардың әріптік таңбасымен таныстыру. Дауыссыз дыбыстар туралы ұғымын бекіту.

Шарты: Дыбыс әлеміне жетеді. Дыбыс әлеміндегі қорытынды тапсырманы орындайды. Дауыссыз дыбыстардың: «С», «Ш», «З», «Ж», «Р», «Л»әріптік таңбасы және сол дыбыстан басталатын суреттер беріледі. Оқушылар суретті айтып, қай дыбыстан басталатынын тауып, әріптік таңбасына жабыстыруы керек.



Picture 8


«З з» дыбысы «Ш ш» дыбысы «Р р» дыбысы «Қ қ» дыбысы «Ж ж» дыбысы


Мұғалім -дефектолог: -Оқу қызметін қорытындылау, бекіту(сұрақ-жауап арқылы).

-Балалар бүгін сендер «Дыбыстар әлеміне саяхат» жасадыңдар.Дыбыстардың түрлерімен таныстыңдар.

-Балаларды ойынға белсенді қатысқаны үшін алғыс айтып, қолдарына «Көңілді жұлдызшалар» белгісін беріп, мадақтау.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!