400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Дыбысты өңдеу және дыбыстық әсерлер 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
дыбыстарды жазу және ойнату үшін енгізу және шығару құрылғыларын ажырату;
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3.2А Компьютер және дыбыстар

Мектеп: №271 орта мектеп

Мұғалімнің аты-жөні: Есхожаева Гүлназ



Күні: 14.11.2019

Қатысқан оқушылар саны:


СЫНЫП: 3 «Г»

Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы

Дыбысты өңдеу және дыбыстық әсерлер (эффектілер)

Осы сабақ арқылы жүзеге асатың оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)


3.1.1.1. -енгізу (мысалы, тінтуір, пернетақта) және шығару құрылғыларын (мысалы, монитор мен принтер) ажырату

3.2.4.1.- арнайы программаны пайдалана отырып дыбысты жазу, өңдеу және шығару

3.1.2.2. - компьютерлік программаларда меню командаларын қолдану

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: дыбыстарды жазу және ойнату үшін енгізу және шығару құрылғыларын ажырату;

Көптеген оқушылар: дыбыстарды жазу және ойнату үшін компьютерлік программалармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру; Дыбысты жазу және ойнату мақсатында дыбыстық редактор қолдану;

Кейбір оқушылар: дыбыстық файлды сақтау және өңдеу


Бағалау критерийлері

Оқушылар:

  • дыбысты жазу және ойнатуға арналған программаларды атайды;

  • енгізу/шығару құрылғыларды ажыратады

  • дыбыстық ақпаратты енгізетін құрылғыларды атайды;

  • дыбыстық файлды ойнату және жазу программасын қолданады

  • дыбыстық файлды өңдейді және сақтайды


Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • программаның басты батырмаларын сипаттай алады;

  • Бастапқы мәзір арқылы программаны қалай іске қосу керек екенің түсіндіріп береді.

Пәндік лексика және терминалогия:

Табиғи дыбыс, жасанды дыбыс, микрофон,колонка, құлаққап программа, дыбыстық редактор, аудио-редактор


Құндылықтарға баулу

Оқушылар топтық және жұптасып жұмыс істеген кезде ынтымақтастыққа, жауапкершілікке баулу

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану, дүниетану, музыка, әдебиет

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта, аудиожазбаны іске қосу

Бастапқы білім

Дыбыстың түрлерін біледі, оларды ажырата алады.










Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері мен уақыты

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы


1-5 мин










6-7 мин














8-11 мин



  1. Ұйымдастыру кезені

Психологиялық ахуал орнау.

Шаттық шеңбері

Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен.

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық!

Топқа бөлу. Тақтаға шыққан оқушыларға түрлі түсті стикерлерді таңдату арқылы 3 аралас топқа бөлу

1-топ. Колонка (дыбыс шығару құрылғысы)

2-топ. Микрофон (дыбысты енгізу құрылғысы)

3-топ. Құлаққап (дыбыс тыңдау құрылғысы)

Топтың ережесі

  • Бір-бірімізді құрметтеу

  • Өзгенің пікірін тыңдау

  • Бірлесіп, ақылдасып жұмыс істеу

  • Тапсырманы өзің орындап болсаң, басқаларға көмектес

  • Мұғалімнің тапсырмасын нақты түсініп орындау

  • Топтық жұмыста бірігіп жұмыс жасау

Мұғалім. Балалар, өздерің сияқты Дамир деген оқушы өлең жазып, әнші болғысы келеді. Дамирге не керек дауысын жазу үшін құрылғылары жоқ екен. Біз оған ақша тауып көмектесе алатын мүмкіндігіміз бар. Ол үшін әр тапсырмаға мен сендерге 100 теңгелік монета беріп отырамын. Көмектесеміз бе?



1. Өткен сабақты бекіту

“Кубизм” әдісі (Топтық жұмыс)

  1. Дыбыстар нешеге бөлінеді?

  2. Компьютердің негізгі құрылғыларын ата

  3. Дыбысты жазу үшін қандай құрылғы қажет?

  4. Табиғи дыбыстарды тыңдау үшін арнайы құрылғы қажет пе?

  5. Дыбысты енгізу құрылғысын ата

  6. Дыбысты шығару құрылғысын ата

Топтарға жауаптарына қарай монета беру

2. Мақсатты тұжырымдау

  • Сіздің ойыңызша, бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай? (оқушылар өз жауаптарын береді).

Сабақтын тақырыбы мен сабақ мақсатын оқушылар мұғаліммен біріге отырып тұжырымдайды.

  • Дәптерлеріңді ашып, сабақтың тақырыбын жазып алыңыз.


Презентация

2 слайд

Түрлі түсті стикерлер

Топтардың аттары жазылған қағаздар







5-слайд

100, 50 теңгелік монеталар






Интербелсенді тақта, оқулық,дәптер, сұрақтар жазылған кеспе қағаздар



Сабақтың ортасы


17-18 минут













19-20 минут







21-24 минут























Жаңа сабақты түсіндіру

«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі

Audacity программасы арқылы дыбысты жазуға, сақтауға, өңдеуге, болады. Оқушыларға меню командаларын түсіндіріп, дыбыс жазу бағдарламасын пайдаланып дыбыс жазып көрсету. Сол жазылған дыбысты оқушылармен бірге өңдейді. Оқушылар жұптасып, өзара білімдерімен бөліседі.





Практикалық тапсырма (Жұптық жұмыс)

«Бауырсақ» ертегісі .

Жұптар ертегі кейіпкерлерінің дауысын аудасити программасына жазады.

1-жұп. Автордың сөзін жазады.

2-жұп. Шал мен кемпірдің әңгімесі

3-жұп. Бауырсақ пен қоянның сөздері

4-жұп. Бауырсақ пен қасқырдың сөздері

5-жұп. Бауырсақ пен аюдың сөздері

6-жұп. Бауырсақ пен түлкінің сөздері

Оқушыларға осы кейіпкерлердің сөздері беріледі.

Жұптардың жұмысы тыңдалып, оларға монета беріледі.



Сәйкестендіру. (Топтық жұмыс)



Микрофон

Дыбыстарды зерттейтін ғылым

Құлаққап

Дыбысты шығарады

Дыбыс колонкасы

Дыбысты тыңдайды

Табиғи, жасанды

Дыбыстың өлшеу бірлігі

Wma

Дыбыстың түрлері

Децибел

Дыбысты жазады

Акустика

Дыбыстық файлдың өлшем бірлігі


Оқушылар интертақтақтадан дұрыс жауабын көру арқылы өздерін бағалайды.

Оқушылардың дыбыс редакторын қаншалықты меңгергенін білу мақсатында бекіту тапсырмасы

«Ой бөлісейік» (Жеке жұмыс)

Кестені толтыру


Батырма

Батырманың қызметі







Топтардың тапсырмалары ауыстырылады. Топтар өзара жұмыстарын интертақтақтадан дұрыс жауабын көру арқылы тексереді.

Сабақтың соңында оқушылардың жинаған ақшаларын санай отырып бағаланады. Біз Дамирге дыбыс жазу құрылғыларын алып беретін болдық.


















Ертегінің бөлімдері жазылған таратпалар



компьтерлер,











Сәйкестендіру кестесі




















Кесте

Сабақтың соңы

38-40 минут

Рефлексия (Топтық, жұптық, жеке жұмыстарда жүргізіледі. Бүгінгі сабақтың қаншалықты табысты болғанын білу мақсатында кері байланыс жүргіземін.

Кері байланыс

Білім қоржынына стикерлерге атын жазып, жапсырады.


Үй тапсырмасы. 47 беттегі «Үйде орындайық» тапсырмасы













А4 парағына 3 түсті қоржын


Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Топтастыру, ресурстар таратылды. Тапсырмалар орындау барысында оқушылардың қажеттелігіне қарай диалогпен және сөзбен қолдаукөрсетемін.Оқушыларды үнемі бағалай отырып, әр оқушыдан олардан қандай нәтиже күтетінімді білдіремін.

Бағалау сабақтың әр кезеңінде өтеді. 50, 100теңгелік монеталар арқылы бағалау. Сабақтың соңында өз жұмысына, сыныптасының жұмысына рефлексия ретінде бағаланады.

Шаршаудың алдын алу үшін класс белсенді қызмет, топтық жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтайды. Компьютерде жұмыс істеген кезде оқушылар дұрыс отыруды, экран қашықтығын қадағалайды, төтенше жағдайлар туындаған кезде мұғалімге хабар береді.































































































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
16 ақпан
2040
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі