жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Дыбыстың шағылуы деген не? 4 сынып
|
Искакова Гульнар Смагуловна Қызылорда облысы,Қармақшы ауданы, Байқоңыр қаласындағы № 274 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
|
|||
|
Бөлім атауы:Табиғат физикасы. Жарық Пән: жаратылыстану Сынып: 4 «А» |
Мектеп: № 274 Мұғалімнің аты-жөні Искакова Гульнар Смагуловна Қатысқандар саны: 21 Қатыспаған оқушылар:1 |
||
|
Күні : 22.01.2020 ж. |
|
||
|
Тақырыбы |
Дыбыстың шағылуы деген не? |
||
|
Оқу мақсаты |
4.5.2.2. Белгілі бір кедергілердің дыбыстың қаттылығы мен таралуына әсерін зерттеу және түсіндіру; |
||
|
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушы: Дыбыстың табиғи және жасанды түрін ажырата алады; Дыбыс көзінен алшақтаған сайын дыбыстың бәсеңдейтіндігін біледі; Оқушылардың көбі: Дыбыс қандай орталарда тарала алатындығын біледі; Дыбыстың шағылу құбылысы жаңғырық екендігін біледі; Жасаған зерттеу жұмысына қорытынды жасай алады; Оқушылардың кейбірі: Дыбыстың шағылу құбылысының қолдану аясында мысалдарға жауап бере алады. |
||
|
Бағалау критерийі |
Дыбыстың табиғи және жасанды түрін дұрыс ажыратуы; Дыбыс көзінен алшақтаған сайын дыбыстың бәсеңдейтіндігін білуі; Дыбыс қандай орталарда тарала алатындығын білуі; Дыбыстың шағылу құбылысы жаңғырық екендігін білуі; Дыбыстың шағылу құбылысының қолдану аясына мысалдар келтіре алуы; Жасаған зерттеу жұмысына дұрыс қорытынды жасай алуы; |
||
|
Тілдік мақсат |
Тақырып бойынша әңгімелегенде, жауап бергенде терминдерді пайдаланады. |
||
|
Пәндік терминология мен тірек сөздер дыбыстың шағылуы жаңғырық |
|||
|
Құндылықтар |
Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, қарым-қатынас мәдениеті, тіршілік қауіпсіздігін сақтау |
||
|
Пәнаралық байланыс |
Дүниетану, көркем еңбек |
||
|
Алдыңғы меңгерілген білім |
Төменгі сыныптарда оқылған «Дыбыс» тақырыптары. |
||
|
Сабақ барысы |
|||
|
Жоспарланған уақыт |
Сабақта жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
|
Сабақтың басы 10 минут |
Ұйымдастыру Психологиялық ахуал қалыптастыру. Табиғат құбылыстары бойынша топқа бөлу. Алдыңғы білімді еске түсіру. «Кім жылдам»? ойыны 1.Жарық көздерінің неше түрі бар? 2.Табиғи жарық көзі дегеніміз не? Мысал келтір 3.Жасанды жарық көзі деген не? Мысал келтір 4. Жарық сәулесі қалай таралады? 5. Көлеңке дегеніміз не? (Жарық денеге келіп түскен кезде дененің келесі жағында пайда болатын қараңғы дақ) 6. Көлеңкесін тап. Неліктен бұлардың көлеңкесі өзінен өте үлкен, екіншісінікі керісінше кішкентай? Бұл суретшінің қателігі ме? 7.Шынайы өмірде көлеңкенің өте үлкен болуымен кездестіңдер ме? Қай кезде көлеңке үлкен болады? 8.Бір тәулік бойынша ағаштардың көлеңкелері бірнеше рет өзгереді,неліктен? 9. Неге көлеңке заттың артында пайда болады? ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау. (Ұжымдық жұмыс) Бөлімге кіріспе. Сабақты оқушыларға түрлі дыбыстарды тыңдатудан бастаймын. (күннің күркіреуі, сылдырлап аққан судың дыбысы, құстардың шырылы, музыкалық аспаптың үні). Естігін дыбыстарыңды қалай жіктер едіңдер? Дыбыс қалай таралады? (барлық бағытта) ҚБ. Мадақтау Слайдта берілген суретке назар аудара отырып «көше шуы естілуі үйдің төменгі қабаты мен жоғарғы қабатында қалай естіледі?» – деген сұраққа жауап береді. Бұл сұраққа жауап беруде өз жеке тәжірибелерін пайдаланып немесе өз ойларын айтып, болжайды. (дыбыс көзі мен қабылдағыш арасындағы қашықтыққа тәуелділігін естеріне түсіріп, дыбыс кез келген ортада таралуы барысында дыбыс көзінен алшақтаған сайын бәсеңдейтінін, осыған орай жоғарғы қабатқа қарағанда төменгі қабатқа көше шуының қаттырақ естілетінін айтады). Егер жауап бере алмай жатса келесі суретті көрсетемін. Кіріспе тапсырма. «Тау сөйлей ме?» Негеш пен Эвриканың табиғат аясына саяхаты бейнеленген сурет бойынша жұмыс жасату. Сен осындай таулы, жартасты жерде болып көрдің бе? Айғайлап дауыс шығарған кезің болды ма? Сонда не естідің? Балалар бұл жерден қандай дыбыс ести алады? Дыбыс қайдан пайда болды деп ойлайсыңдар? Сұрақтарға жауап беру арқылы өз тәжірибелерімен бөліседі. Сонымен осы тапсырма бойынша қорытынды жасалады: дыбыс жарық тәрізді айналадағы денелерге соғылып, кері шағылады. Оның шағылуын «жаңғырық» деп атайды. Сабақтың мақсатын және тақырыбын анықтау. Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: Дыбыстың шағылуы деген не? Сабақ мақсаттары: *Дыбыстың таралу бағытын не өзгертетінін білемін: *Дыбыс шағылуының не екенін түсінемін: ҚБ. Мұғалімнің ауызша кері байланысы. |
Слайд 1,2
Алдыңғы білімді еске түсіру сұрақтары Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Слайд 3,4
Бейнеролик көрсету Слайд 5
Слайд 6 |
|
|
Сабақтың ортасы 25 минут Сергіту сәті 2 минут |
Зерттеу жұмысы «Дыбыстың шағылуын қалай естуге болады?».
«Ой қозғау» әдісі Дыбыс қалай таралады? Дыбыс жарық тәрізді айналадағы денелерге соғылып, кері шағылады. Оның шағылуын «жаңғырық» деп атайды.
Дыбыстар қандай ортада таралады ? Қатты,газ,суйық түрінде таралады. Ваккум түрінде дыбыс таралмайды. Балалар,сендерге бір пайдалы кеңес айтайын. Ертеректе қытай ғалымы Даус дыбысқа тәжірибе жасап,оның адам мүшелерін емдейтінін тапқан.Бізде өзімізден шығатын дыбыстар өкпе,бүйрек,жүрек,миымызды емдеуге жақсы әсері бар екен.Олай болса бәріміз орнымыздан тұрып сергіту жаттығуларын жасайық.Бойларымызды сергек ұстап,еркін демаламыз.Енді қараңдар,біздің өкпеміздің түсі қызыл.Өкпеде ашу ,ыза,кек қалып қоймас үшін қытай даналары ыс деген дыбыс шығарған екен.Бұл жерде жыланның ысылдағанындай ыс-ыс деп дыбыс шығарамыз.Жақсы,еркін демаламыз.Келесі суық тигенде бүйрегіміз ауырады.Суық қалмау үшін қырауды үрлегендей чук-чук деп дыбыс шығарамыз.Сездіңдер ме? Енді келесі жүрегіміз.Жүрегімізде жылулық,мейірімділік орнасын дегендерің ха –ха –ха деп дыбыс шығарамыз.Жеңілденіп қалдық па? Барлық қорқыныш қалмау үшін алақанымызбен басымыздан аяғымызға дейін төмен қарай сипап,жағымсыз энергияны шығарып тастаймыз. Топтық жұмыс. Зерттеу жұмысы 1- топ: 1. Су құйылған ыдыс және тас дайындап алыңыз. 2. Тасты судың ішіне тастаңыз. 3. Судың бетінде пайда болған толқындарға мұқият қараңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз: - Суға түскен тастан пайда болған толқындар қалай таралды? - Су толқындарының орталығы қай жерде? Тәжірибеге сүйеніп, дыбыстың қалай таралатынын түсіндіріңіз. Суға лақтырған немесе түскен заттан пайда болған толқындар шеңбер жасап тарайды? 2- топ: Екі полиэтилен пакетін дайындап, бірінші пакеттің жартысын құммен, екінші пакетті сумен толтырып аузын байлаймыз. Алдымен құм салынған пакетті үстел үстіне қоямыз. Бір оқушы тиынмен үстелді тарсылдатып көріп, екіншісі құмы бар пакетке құлағын тосып тыңдайды. - Дыбыс қандай болды? Енді үстелдің үстіне су құйылған пакетті қоямыз. Бір оқушыға тиынмен үстелді тарсылдатып, екіншісі суы бар пакетке құлағын тосып тыңдайды. Дыбыстарды салыстырады. • Не өзгерді? Бұл зерттеуден «Дыбыс қатты денеде де, сұйықтықта да таралады» деген қорытындыға келеді. 3- топ: Бейнетаспаға қарап отырып қандай қорытындыға келесің? Жиһазы жоқ бөлмедегі дыбыс толқыны және жиһазы бар бөлмедегі дыбыс толқынын зерттеу,қорытындыға келу Мұғалімнің ҚБ Балаларға сұрақтар қою арқылы диалог жүргіземін. Ал,балық аулауға барғандарың бар ма? Балық аулағанда неге тыныштық сақтайды деп ойлайсыңдар?(Себебі, судың астында барлық дыбыстар естіледі. Балық үркиді. Балық тербеліске өте сезімтал, сондықтан қауіпті сезгенде, тез қашып кетеді) Саралау тапсырмасы: Ойлан. 1.Суретте не бейнеленген? Орманды жерде жаңғырық бола ма? Орманды жерде адасқан адамның орынын табу қаншалықты қиын? Неліктен? (болады/ себебі дыбыс көзінен шыққан дыбыс толқындары әрбір ағашқа барып шағылып жан жаққа таралады) Сен білесің бе? Жаңғырықтың қандай пайдасы бар? «Эхолот» деген сөзді естіп көріп пе едің? Эхолот қайда қолданылады? (кемелерде су тереңдігін анықтау үшін қолданылатын эхолоттың жұмыс істеу принципі дыбыстың шағылуына негізделген. Құрылғы дыбыс толқындарын су түбіне жіберіп, шағылған дыбыстың құрылғыға қайтып оралған уақытын өлшеу арқылы су тереңдігін анықтайды) Өзіндік жұмыс Тест тапсырмалары: 1.Дыбысты неше топқа жіктеуге болады? а) 3 ә) 2 2.Дыбыс қандай ортада таралады? а) Ваккумда ә) қатты,сұйық,газ 3. Жаңғырық қалай пайда болады? а) Дыбыстың шағылуынан ә) Дыбыс көзінен 4. Жазық далада жаңғырық шығу мүмкін бе? а) мүмкін ә) мүмкін емес 5. Эхолот құрылғысын не үшін қолданады? а) адасып кетпеу үшін ә) су тереңдігін байқау үшін ҚБ |
Камертон құрылғысы Слайд 7
Ыдыс,тас,су
Құм толтырылған полиэтилин пакет ,су толтырылған полиэтилин пакет,тиын. Топтар бір-бірін басбармақ,бағдаршам,шапалақ арқылы бағалау
Бөлінген топтар зерттеу жұмыстарын жасайды және алған нәтижелерін өз араларында қорытындылайды. |
|
|
Сабақтың соңы 5 минут |
Рефлексия сәті Есте сақта! Сабақ соңында менің көңіл күйім
|
|
|














Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген