Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Дулат Исабеков. «Әпке» драмасы 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған мазмұнг бойынша жазылған сабақ жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ (2)

Қазақ тілі мен әдебиеті

Сынып: 10

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Күні:

25.10.2019 жыл

Мұғалімнің аты-жөні:

Еликбаева Гульзира Ербулатовна

Мектеп:

Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, №1 Шонжы орта мектебі

Бөлім атауы

Қазақ киносы мен театрының қазіргі келбеті

Көркем шығарма

Дулат Исабеков. «Әпке» драмасы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Жазылым: 10.4.3.1. – шығармашылық жазба жұмыстарында көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын тиімді қолданып жазу.

Тілдік бағдар: 10.5.1.2 – сын есімнің жасалу жолдарын білу, мәтін құрауда орынды қолдану.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: Дулат Исабеков «Әпке» драмасының мазмұнын біледі, мазмұндай алады, сұрақтарға жауап бере алады, сын есімнің ережесін, жасалу жолдарын біледі.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: «Әпке» драмасы бойынша ұсынылған шығармашылық жазба жұмыстарында көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын тиімді қолдана алады, талдау, салыстыру, сипаттау тапсырмаларын орындай алады.

Оқушылардың кейбіреулері орындай алады:

Сын есімдерді қатыстырып, көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын тиімді қолданып эссе жаза алады.

Бағалау критерийлері

Дулат Исабековтың «Әпке» драмасы бойынша орындалған шығармашылық жазба жұмыстарында көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын тиімді қолданып жазады, сын есімнің жасалу жолдарын білу, мәтін құрауда орынды қолданады.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады: Дулат Исабеков «Әпке» драмасының мазмұнын біледі, айта алады, сұрақтарға жауап бере алады, сын есімнің ережесін, жасалу жолдарын біледі, «Әпке» драмасы бойынша ұсынылған шығармашылық жазба жұмыстарында көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын тиімді қолдана алады, талдау, салыстыру, сипаттау тапсырмаларын орындай алады, сын есімдерді қатыстырып, көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын тиімді қолданып эссе жаза алады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

құралақан – қолында ештеңе жоқ, құрқол.

күнжара – күнбағыс тәрізді майлы өсімдіктердің майы сығылып алынған қалдығы.

маркизет (франц. marquisette) – жұқа кездеме (мата түрі).

Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Жанашыр әпке. Туыстық қамқорлық.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Д. Исабеков драмасын неліктен «Әпке» деп атаған деп ойлайсыңдар?

  2. «Әпке» драмасында басты кейіпкері кім?

  3. Шығарманың басты идеясы неде?

  4. Шығарма кейіпкерлерін атаңыз.

  5. Қамажайға ұсыныс жасаған кім?

Ишара: мадақтау, қошеметтеу, жылы шырай таныту.

Алдыңғы оқу:

Ғабиден Мұстафин. «Қарағанды» романы.

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Тіл мен тарих, мәдениеттің біртұтастығы. Құрмет. Отбасы құндылықтарына деген құрмет.

Пәнаралық байланыс

Өзін өзі тану.

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

( 5 мин)











1.Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалау, назарларын сабаққа аудару.

2. Психологиялық ахуал орнату.

Көтеріңкі көңіл орнату үшін «Мен отбасымды сүйемін» тренингін ұйымдастырамын.

Орындалу шарты:

Барлық оқушылар ортаға шығады, сөйлемдерді әр оқушы өз ойымен аяқтайды. «Мен отбасымды сүйемін, сол себепті...»
3.Сөз таптарына байланысты топқа бөліну.

Орындалу шарты:

Оқушылар топқа бөлінер алдында шеңбер болып тұрады. Мұғалім топқа ережесімен таныстырады, оқушыларға үлестірмелі қағазда жазылған сөздер беріледі, сөздердің қай сөз табы екенін ажырату арқылы үш топқа бөлінеді.

1 топ. Зат есім.

2 топ. Сан есім.

3 топ. Сын есім.

4. Үй тапсырмасын тексеру.

Тақырыпқа қатысты жауаптарын сәйкестендіру.

«Сәйкестендіру» әдісі бойынша орындалады.

Ғабиден Мустафин тілінің басты ерекшелігі -

1952 жылы жеке кітап болып шықты.

«Қарағанды» романының кейіпкерлері:

Мейрам, Шербаков, Ермек, Жанәділ, Жұманияз, Ардақ, Әлібек.

Алғашқы әңгімесі

«Сәрсен мен Мұқаш» 1927 жылы жарық көрген.

«Қарағанды» романы

республиканың жаңа бейнесін жасауда партияның басшылық ролі.

Шығарманың тақырыбы-

афоризм сөздерді көп қолдануы.

Дескриптор:

  • Ғабиден Мустафиннің өмірбаянын біледі.

  • Негізгі мәліметті анықтайды.

  • Ақпараттарды дұрыс сәйкестендіре алады.

ҚБ: Оқушы деңгейіне қарай «талпын, жарайсың, өте жақсы, жарайсың, жақсы» смайликтері арқылы бағалаймын.

Интербелсенді тақта

«Қазақ тілі мен әдебиет» оқулығы Авторлары: Г.Қосымова, Ш.Ерхожина, Г.Каримова «Мектеп» баспасы, 2019ж.

Үлестірмелі қағаздар

Кітап

Күрделі


Бірінші







Сәйкестендіру кестесі

















Сабақтың ортасы

( 30 мин)

Кіріспе сөз: Оқушылар біз өткен сабақта Д.Исабековтың «Әпке» драмасының мазмұнымен таныстық. Бүгін біз сабақта драма мазмұны бойынша топтық жұмыс жасаймыз.

1-тапсырма. Топтық жұмыс.

«Кім жылдам» әдісі арқылы орындайды.

Орындалу шарты: Әр топ дұрыс және жылдам орындауы қажет.

1 топ. Зат есім.

«Әпке» драмасының қысқаша мазмұнын айту.

2 топ. Сан есім.

Сұрақтарға жауап беру.

1.Қамажай өзінің інілері мен сіңлісінің болашағы үшін басын бейнетке тігіп, бар қиындыққа төзеді. Мұның сыры неде?

2.Анасының аманатын орындады ма?

3.Адамның бақыты дегеніміз не ?

4.Пьесадағы қай кейіпкер ерекше ұнады ? Себебі?

5.«Бақыт деген-жеңіс немесе жеңіске апарар күрес» кімнің сөзі?

6.Драмалық шығарма дегеніміз не ?

3 топ. Сын есім.

Шынайы өмірмен салыстырып, пікірлерін айту.

Дескриптор:

  • «Әпке» драмасының мазмұнын біледі, айта алады.

  • Драманың идеясын түсініп, сұрақтарға жауап береді.

  • Шынайы өмірмен салыстырып, өз пікірін айта алады.

ҚБ: Оқушы деңгейіне қарай «талпын, жарайсың, өте жақсы, жарайсың, жақсы» смайликтері арқылы бағалаймын.

2-тапсырма. Жеке жұмыс. Жазылым.

Берілген мәтіннен көркемдегіш құралдарды (теңеу, тұрақты сөз тіркесі, адамды суреттеген жерлері портретті) тауып, мағынасын түсіндіру.

«Түртіп алу» әдісі арқылы орындайды.

Орындалу шарты:

Интербелсенді тақтаға берілген көркем шығарманың үзіндісінен әр оқушы көркемдегіш құралдарды тауып, жазып отырады.

Дескриптор:

  • Берілген мәтінді түсініп оқи алады.

  • Көркемдегіш құралдарды (теңеу, тұрақты сөз тіркесі, адамды суреттеген жерлері портретті) таба алады.

  • Тұрақты сөз тіркесінің мағынасын түсіндіре алады.

ҚБ: Оқушы деңгейіне қарай «талпын, жарайсың, өте жақсы, жарайсың, жақсы» смайликтері арқылы бағалаймын.

3-тапсырма. Оқулықпен жұмыс.

Мәтін мазмұнына талдау жасап, менталды картаны толтырыңыз.

DrawObject2 DrawObject1

DrawObject5 DrawObject4 DrawObject3

DrawObject7 DrawObject6

Дескриптор:

  • Мәтін мазмұнын біледі.

  • Мазмұнына талдау жасай алады.

  • Менталды картаны толтыра алады.

ҚБ: Оқушы деңгейіне қарай «талпын, жарайсың, өте жақсы, жарайсың, жақсы» смайликтері арқылы бағалаймын.

Сергіту сәті: «Мен Қазақстанды жақсы көремін».

Орындалу шарты:

Оқушылар орнынан тұрып «Мен Қазақстанды жақсы көремін» дегенде өздерін құшақтайды. «Таулары биік» дегенде қолдарын жоғары көтереді. «Теңіздері терең» дегенде екі қолын төмен түсіреді. «Гүлдері жайқалған» дегенде екі қолын жаяды. «Қазақстан халқы өте тату» дегенде көрші оқушымен құшақтасады.

4-тапсырма. Жұптық жұмыс

Сын есімнің жасалу жолына байланысты түрлеріне ажыратып, түбір сөздерді табыңыз.

Таулы, қалалық, ұшқыр, ақшасыз, тоңғақ, айтқыш, үйдей, салмалы, жабысқақ, бойшаң, білгіш, малды.

«Кестені толтыру» әдісі

Есім сөздерден жасалған сын есімдер

Етістіктен жасалған сын есімдер



Дескриптор:

  • Сын есімнің ережесін біледі.

  • Жасалу жолына байланысты түрлерін ажырата алады.

  • Түбір сөздерді таба алады.

ҚБ: Оқушы деңгейіне қарай «талпын, жарайсың, өте жақсы, жарайсың, жақсы» смайликтері арқылы бағалаймын.































Үлестірме қағаздар














«Қазақ тілі мен әдебиет» оқулығы Авторлары: Г.Қосымова, Ш.Ерхожина, Г.Каримова «Мектеп» баспасы, 2019ж.

52 бет 6-тапсырма




















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
02.11.2020
3737
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12